БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 2 ЖОББМ
Нысанова Мөлдір Сапаргалиевна
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту;
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;
Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар дұрыс тамақтану туралы білімдерін топтық жұмыста жүйелей біледі.
Өздігінен білім алады;
Оқушылар жаңа тақырып пен танысады, талдау жасайды;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме,сұрақ-жауап,СТО технологиясының элементтері
Сабақтың көрнекіліктері:
суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, балалардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларға 3 түрлі жемістің суреті ұсынылады, ұнағанын таңдап алады. Бірдей жемістерді таңдаған оқушылар бір топқа бірігеді./Жемістердің артында сұрақтар жазылды/
[pic] [pic] [pic]
Үй тапсырмасын бекіту.Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру /2мин/
І топқа:Сенің отбасында қандай дәстүрлер бар?
ІІ топқа: «Қонақжайлылық» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ топқа: Қазақ халқының «жылу жинау» дәстүрі туралы әңгімеле.
І. Қызығушылықты ояту.
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» туралы интертербеліс тақтадан бейне көрініс көрсетіледі /слайд немесе видео/
Бүгінгі сабақта мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз әр топқа сұрақтар беру:
Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?
Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек?
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?(әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)
Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау,ұзақ өмір сүргенін)
Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
ІІ-кезең. Мағынаны тану /Жаңа сабақ/
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі.
«Әдебиет» орталығы тапсырмасы «INSERT» Түртіп алу жүйесі әр топ оқушылары мәтінді оқып, кестені толтырады.
-
Сергіту сәті: музыкамен дене жаттығуларын жасату
ІІ.«Ғылыми-ізденіс» орталығы тапсырмасы әр топқа оқушылар деңгейіне қарай деңгейлік тапсырма.
А. Дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңызы.
Б. «Топтастыру» әдісі жануартектес азық түліктерді бір топқа, өсімдіктектес азық-түліктерді екінші топқа топтаңыз.
С. Дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жаз
ІІІ-кезең. Ой толғаныс
ІІІ. Ақпараттық орталық тапсырмасы әр топқа тапсырма.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
2 [pic] .Тамақ пайдалы және зиян кестесін толтыру
3.Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу Дұрыс тамақтану үшін қандай ереже керек
Бағалау
Тренинг: Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке»
«Өзіңді,тамағыңды таза ұста,ішкен-жеген сайын және де ертеңгі – кеш ауызыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда-деген тілекпен
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic] [pic]
/оқушылар жауаптары/
С. Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады.
- Оқушылар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жазады, неге екенін дәлелдейді.