Ш. СМАХАНҰЛЫ. ТӘКАППАР
Рысбиби АБИЛОВА,
Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың мақсаты. Білімділік: Мысалдағы негізігі ойды түсіндіре отырып, өлеңнің мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік, сөздік қорын дамытып, өз бетінше жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге үйрету.
Әдісі : түсіндіру, топпен жұмыс .
Көрнекілігі : суреттер, слайд, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру бөлімі .
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
II . Үй тапсырмасын сұрау.
Мысалда берілген сөздер
Мағынасы
..........
Даңғойланды
...........
...........
...........
мақтаншақ
мақтанды
үлкен болам
таса жерде
керекке , қажетке , пайдаға
Ойлан тап.
Базарға 1 кг қияр алуға келдің . Қолыңда 80 теңге ақша бар. Бір жерде біркелкі қияр сатылып жатыр. Бағасы - 100 теңге. Екінші жерде үлкен - үлкен қияр сатылуда. Бағасы - 70 теңге. Қайсысын аласың? Неліктен?
Бекіту:а) Е . Ерботин кім?
ә) Мысал дегеніміз не?
б) Мақтанған қияр қандай күйге ұшырады?
в) Мысалда қандай әдет сыналған?
г) Мақтаншақ адам қандай болады?
III Жаңа сабақ : Тәкаппар Ш . Смаханұлы.
Шона Смаханұлы - қазақ ақыны, сықақшы. 1924 – жылы 5 – қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Педагогтық қызмет атқарған . Елі үшін жан аямай еңбек еткен , халқы үшін күресудің үлгісін танытқан. Ұлы Отан соғысына қатысқан . Топтық жұмыс:
1-топ Мысалды мәнерлеп оқу.
2 - топ Мысал өлеңнің мазмұнын ашу.
3 - топ Мысалдағы балықтың сөздерін табу.
Балықтың 1 – сөзі
Балықтың 2 - сөзі
Балық туралы түсінік: Балық суда тіршілік етеді . Ол желбезегі арқылы тыныс алады. Балықтың дүние жүзінде 20 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 180 ге жуық түрі бар. Балық еті пайдалы, одан түрлі тағамдар пісіріледі.
IV . Дәптермен жұмыс : ( Дәптерге қорытынды ойды жазу)
Тыңдамап еді ешкімді,
Қателігін кеш білді.
V. Кітаппен жұмыс : мәнерлеп оқу.
VI Сергіту сәті:
VII Шығармашылық жұмыс : 3 топқа тапсырма беру.
1 топ : Мақтаншақтық туралы мақал - мәтел айту.
2 топ : Балықтың әрекетін суреттеу.
3 топ : «Тәкаппар » сөзін топтастыру.
Екі мысалды салыстыру:
Е. Ерботин . Даңғой
Ұқсастығы
Ш.Смаханұлы Тәкаппар
Кәдеге жарамады
Пайдаға аспады
Мысал
Мақтаншақ
Өзі қиналды
Сусыз тіршілік жоқ екенін түсінді
VIII. Бекіту: 1 Мысал өлең арқылы жазушы адам бойында болатын қандай әрекеттерді сынға алған?
2 Мысалдардан өзіңе қандай сабақ алдың?
3 Бөлім қалай аталады ?
4 «Адам болам десеңіз» қай ақынның сөзі және онда не туралы айтылған?
«Жаман әдет » сөзін топтастыру.
тәкаппар
еріншек мақтаншақ
Жаман әдет
өркөкірек талапсыз
жалқау
Не үйрендім? Не білдім?
Балалар ойларын айтады
IX .Үйге тапсырма : Өлеңді мәнерлеп оқу, үнаған шумақтарын жаттау.
X . Бағалау :
Бейнеу ауданы
Маңғыстау облысы