Пысықтау 1 сынып математика

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 14.04.16

Сынып: 1 «Д»

Пән: математика

Тақырыбы: «Пысықтау»

Мақсаты:

Білімділік: сандарды оқу, жазу және салыстырумен байланысты білімді тиянақтай түсу; ондықтармен және бірліктермен санау, кестелік қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу және азайтуды қайталау.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Оқыту формасы: топтық, жеке.

Сабақтың көрнекілігі: ребус, карточкалар,


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аударамыз. Психологиялық дайындық.

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

 (құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.)


Кіріспе

Оқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлемін.

«Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» . Оқушылар топтық атауларына байланысты әңгіме құрастырады.

    • Балалар, алдарындағы суретке назар аударындар. Неге жыл мезгілдеріне қарай бөлініп отырмыз?

    • Енді, әр топ өзінің жыл мезгіліне байланысты шағын әңгіме құрастырсын. (әр топтан бір оқушы әңгімесін оқиды)

    • Әр топ өз жыл мезгілдерінің ай аттарын атайды. Сонымен, 1 жылда неше ай бар екен?

    • Тағы қандай уақыт өлшемдерін білесіңдер?

  • Суретте не бейнеленген?

  • Сағатпен нені өлшейміз?

  • Бір сағатта неше минут бар?

  • Бір минутта неше секунд бар?

  • Бір тәулікте неше сағат бар?

  • Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?

  • Наурыз мерекесінде не істейді?

  • Қандай киімдер киеді?

  • Ендеше біздің қазіргі орындайтын тапсырмамыз ұлттық киімдерге байланысты.


Жаңа сабақ.

2-тапсырма. Сурет бойынша есептер құрастыр және оларды шығар.


Сәукеле – 4 Жасыл қамзол -3

Үкілі тақия-3 ? Қызыл қамзол- 2 ?


Қызыл көйлек -2 Көк шапан- 4

Сары көйлек- 1 ? Қара шапан- 2 ?


Сергіту сәті.


Логикалық жұмбақтар.


Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. – бес

 Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?
Жауабы: 10 - шы қаңтар

Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті.

1 аяқпен тұрған тауық 20 кг. Ал 2 аяғымен тұрса неше кг.?

Оқулықпен жұмыс

3-тапсырма. Есепте (Шығармашылық тапсырма)

7+2

9-5

9+1

6-4

20-10

40+30

50+50

100-60

80-30

60+30

90-60

10+60

20+50

50-20

40+30

80-70

Бекіту

Сұрақ-жауап:

І топ: 1 жүзд. =10 онд. = 100 бірл. 1 мин.=60 сек. 1м. =100 см.

ІІ топ: 1сағ. = 60мин. 10 онд. = 1 жүзд. 1 жыл= 12 ай

ІІІ топ: 1 жүзд. =100 бірл. 1ғасыр= 100 жыл 10 дм. =100 см.

ІV топ: 1дм. = 10 см. 1 апта = 7 күн 1тәул. = 24 сағ.



Үйге тапсырма: 5 ондыққа байланысты есеп шығарып келу


Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.