ТАҚЫРЫБЫ: Ақсақ киік С. Сейфуллин
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларды түсінгенін жүйелі түрде байланыстырып айтуға қалыптастыру. Өлеңнің мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға, алған білімдерін, байқағыштық қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын тілін дамыту. Балаларға экологиялық тәрбие беру
Нәтижесінде: Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық
Тыныштық сәті
Оқушылар тыныштық сәтінде табиғаттың сұлулығын тамашалайды
Топқа бөліну
Гүлдердің суреттері арқылы топтасады.
1-топ Жауқазын
2-топ Қызғалдақ
3-топ Бәйшешек . Топ ережесін еске түсіреді
І. Білу.
1) Үй тапсырмасын тексеру. Көкшенің көрінісі. С. Мұқанов
«Мозаика құрастыру» әдісі бойынша мәтінді әңгімелейді
2) Қызығушылықты ояту . «Күй тыңдау»
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІІ. Түсіну. Мағынаны ашу.
С.Сейфуллин туралы мағлұматтар беру.
2) Дәптермен жұмыс.
С.Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.
1894ж-Қарашілікте дүниеге келді.
1905ж-Нілді орыс-қазақ мектебіне түсті(Өспен ауылы)
1913ж-Омбы семинариясына түсті.
1916ж-Бұғалы мектебін ашты.
1922ж-«Асау тұлпар»өлеңдер жинағы шықты.
1926ж-Гүлбпаһрам Батырбекқызына үйленді.
1938ж-С.Сейфуллин өмірден өтті.
3) «Ақсақ киік» бейнефильмі
Оқушылар видеоны тамашалайды
ІІІ. Қолдану.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңдіі үш бөлікке бөліп оқу және әңгімелеу
1 топ – 1,2 шумағын
2 топ – 3,4 шумағын
3 топ – 5,6 шумағын
Оқыған шумақтарының мазмұнын әңгімелейді.
Сөздік жұмыс
«Түртіп алу» әдісі арқылы
Қорытындылау.
Мына бейнеге қараңдар. Бетпақдала. Ел жоқ, жұрт жоқ, не өзен, не көл жоқ, көлденеңі сегізкөштік дала. Бұл далаға жігіттің жігіті, түйенің атаны, аттың тұлпары да шыдас беруі қиын. Осы шөл далада көндіккен жалғыз ғана тиршилік иесі, дала кербезі ақбөкендер дейді. Осы киіктерді дамылсыз атып жатқан мергендер мүйізі үшін ауылды қан сасытып аяусыз атып қырады екен, жазықсыз неге өлтірдік деп ойламайтын жауыздықтан киіктер қырылып өліп жатады екен. Сол мыңнан қырылған киіктің бірін – ақын суреттеп отырған жаралы киік.
жайлы мағлұмат алады
Шығармашылық тапсырма. «Білгенге маржан»
Әр топ ізденіп әкелген мағлұматтарымен таныстырады
Сергіту сәті«Экологиялық есептер»
Экологиялық есептерді шығарады
1.Бір илеудің құмырсқалары 1 тәулікте 20 мың зиянкес жәндіктерді құртады. Ал үш тәулікте қанша зиянкестерді құртады?
2. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1 аптада қанша зиянкестерді жей алады?
3.Бұлан қыс уақытында тәулігіне 12 кг шөп жейді екен. 2 бұланға тәулігіне неше кг шөп керек?
4.Ең ірі тоқылдақтың денесінің ұзындығы 50 см. Осындай 3 тоқылдақ денесінің ұзындығы қанша болады?
5.Ақ аюдың дене тұрқы 3м, салмағы 1000 кг дейін жетеді. Осындай 2 аюдың салмағы қанша болады?
ІҮ. Талдау.
Топпен жұмыс
І топ: Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарын тауып жазу.
ІІ топ: Өлеңнен оқ тиген киіктің халін суреттеген тұстарын тауып жазу.
ІІІ топ: Табиғатты қорғау туралы түсініктерін жазу.
ТАБИҒАТ ДОСТАРЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАЙТАЛАУ
Тұжырым жасау:
ҚР Конституциясы 38 – бап:
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
«ҚР Қызыл кітабы» туралы мағлұмат алады
Ү. Жинақтау. Жеке жұмыс
«Кубизм» ойыны. Кубта жазылған сұрақтарға жауап береді
А. Қазақстанда қандай қорықтар бар?
(Ақсу Жабағылы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын, Қаратау, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай, Қатонқарағай)
Ә. «Қызыл кітап» қай жылы шықты?
(1979 жылы бірінші,1981 жылы екінші бөлімі)
Б.Сыйлық
В.Тау өсімдіктері мен жануарларын қорғаудың қандай жолдары бар?
(қорықтарда көбейту, ағаш кеспей, оларды өсіру, аңдарды атпау, ауламау т.б.)
Г. Банкрот
Д.Тау етегінде орналасқан елдер қандай шаруашылықтармен айналысады?
( егістік, бау-бақша, жүзім)
ҮІ. Бағалау. Оқушылар сабаққа бағалау жүргізеді. Ал мұғалім оқушылардың білімдерін бағалайды / жинаған жұлдызшаларын санау арқылы/
Рефлексия. «Оқимын. Интернеттен ізденемін. Маған керек емес»
Үйге тапсырма. «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу. Киіктің суретін салып келу