Презентация по математику на тему : 7 саны мен цифры (1класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: « 7 саны мен цифры »

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды 7 санымен , цифрымен таныстыру; 7 санының құрамын анықтау; өрнек құра білуге үйрету.

  • Оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялай білуге және 7 саны - киелі сан екендігін білуге тәрбиелеу.

  • Оқушылардың ой – өрісін, танымдық белсенділігін, математика сабағына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық: а) сәлемдесу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Өткен сабақты қайталау. ( үлестірме карточкалар арқылы )

ІІІ.Жаңа тақырып. Ребус шешу, « ҚАЗЫНА » сөзі шығады.

  • Қазына дегеніміз – мол байлық, «қазына »сөзі математикада 7 санымен байланысты. Қазақта 7 саны киелі сан болып табылады. Мысалға, 7 қазына, аптаның 7 күні, 7 ата, 7 шелпек. Ендеше біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.

  • Біз бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін « 7- қазынамен » танысамыз:

  1. 1қазына - « Жүйрік ат »

« Ер қанаты – ат » деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы – қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Атқа мініп, өз жерін, елін жауларынан қорғаған.

Тапсырмалар:

- 1-ден 10 ға дейінгі сандарды тура және кері санау;

  • 7 санының көршілерін ата;

  1. 2 қазына « Алғыр тазы »

Тазы – иттің бір тұқымы. Ата – бабаларымыз тазы итпен аң аулаған. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолғабыс болып , мал күзеткен.

Тапсырмалар:

  • Сурет бойынша өрнек құрастыру.

  1. 3 қазына « Берен мылтық»

Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, садақ, қылыш және мылтық болған. Батырларымыз осы қарулардың көмегімен жауларын жеңіп, елін – жерін қорғаған.

Тапсырмалар:

  • Сандарды салыстыру, таңбасын қою:

6 * 7; 7 * 7; 2 * 4; 7 * 5; 6 * 5; 4 * 6

  1. 4 қазына « Ер жігіт»

« Ер – ел қорғаны » - дейді дана халқымыз. Кең байтақ даламызды, өзен - көл, орманымызды жауларымыздан қорғаған ер бабаларымыз өте көп болған , олар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырышты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр және тағы басқа батырлар болған.

Ал балалар сендер бізге Тәуелсіздік әперген қандай аға – апаларыңды білесіңдер? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова .

  1. Сергіту сәті.

  2. 5 қазына « Сұлу әйел»

Әйел – ол Ана, жар, апа, қарындас. Жақсы әйел – әрбір отбасының ұйытқысы, ырыс- берекесі, балаларын мәпелеп, өнегелі тәрбие берген.

Тапсырмалар: « Алма теру» ойыны

  1. 6 қазына « Қыран бүркіт»

Қыран бүркітті ата – бабаларымыз балапан кезінен баулып, аң аулауға үйреткен.

Тапсырмалар: Дәптермен жұмыс, 7 цифрын жазу.

  1. 7 қазына « Ілім – білім »

Адам баласы пайда болғалы ілім – білімге ұмтылып келеді. Білімнің арқасында машина –трактор, теледидар, компьютерлер жасалды. Сондықтан білім- ғылымды игерсеңдер еш қор болмайсыңдар.

Тапсырмалар: Ойын: « Орныңды тап? » Оқушыларға сандар таратылып беріледі. Сол сандарды ретімен қойғанда мақал шығады.« ОҚУ – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»

7 санына байланысты мақалдар:

  1. Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

  1. Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.

  2. Жеті атасын білмеген - жетесіз.

ІҮ. Сабақты қортындылау. 7 санының құрамы.

Ү. Оқушыларды бағалау.















Ембi каласы №4 орта мектебі





Ашық сабақ

(математика – 1 сынып)



Тақырыбы: 7 саны мен цифры










Шакибаева С.А|.





2013– 2014 оқу жылы