Күні:15.03.2016 ж
Пән:Қазақ тілі
Мектеп: №8 орта мектеп
Сынып: 2 «А»
Мұғалім:Нұрмаханова Д.К
Әдіскер:Алпысбаева А.С
Тәлімгер: Есмағанбет Ақнұр
Сабақтыңтүрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, баяндау, тірек сызба,түсіндіру әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі:тірек сызба,семантикалық карта,кеспе қағаздар.
Сабақтың тақырыбы: Заттың түсін, дәмін, пішінін білдіретін сөздерге сұрақ қою.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде меңгерту.Заттардың жалпы сын,сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Бүгінгі қазақ тілі пәнін мен Есмағанбет Ақнұр Есмағанбетқызы жүргіземін.
Көңіл – күйлерін қалай?
Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
Психологиялық дайындық
-Сабаққа дайындығымызды білдірейікші.
Оқушылар:
«Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз,
Отыруға түп –түзу,
Дайындалық бәріміз».
Өткенді пысықтау
Сын есім дегенімз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сын есімге мысалдар айт.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
«Сөз мерген» ойыны
Ормансыз
Бұлбұл
Тоғайсыз
Көлсіз
Жерсіз
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Оқушылар ойларын айтады.Сөздерден мақал-мәтел құрастырады.
Сын есімді сұрақ қою арқылы табады.
- Кәне, балалар, біз де ойланып көрейік. Мүмкін сендер тез табарсыңдар. Бұл не болды екен?(тақтаға ұқсас сөздер ілінеді)
427 – жаттығу Өлеңді көшіріп жазып,сын есімдерді тап..
Кең жайлауда гүл терем,
Бағатыным қошақан.
Асау құлын үйретем,
Өсіремін ботақан.
-Сын есімдерді ата.
-Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызып көрсет.
-Қошақан,ботақан,құлын қандай сұраққа жауап береді?
Оларды бір сөзбен не дейді?
Өлеңді көшіреді,сын есімді ирек сызбамен сызып,қай сөзбен байланысып тұрғанын табады.
428 - жаттығу. Суреттегі зат атауларының әрқайсысынына қатысты бірнеше сын есім тауып жаз.
Көше-таза,кең,түзу.
Ағаш- ұзын,жасыл,биік.
Кітап-қалың,қызықты,жұқа.
Шие-ащы,дөңгелек,қызыл.
2.Сергіту сәті
Музыканың сүйемелдеуімен сергіту сәтін жүргізу
3.Шығармашылық жұмыс
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Көп,Қазақстанда,шұрайлы,жер Қазақстанда шұрайлы жер көп.
2.Сынып,біздің,кең,және,жарық. Біздің сынып кең және жарық.
3.Тоғжан,алды,кеудеше,әдемі. Тоғжан әдемі кеудеше алды.
4.Бар,күшігі,қара ала,Шынтастың. Шынтастың қара ала күшігі бар.
-Сұрақ қойып,сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта.
431 – жаттығу. Сұрақтар бойынша түлкіні сипаттап бер.
«Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сыныптағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.
ІV. Білімді бекіту
Бүгінгі сабақ ұнады ма
Несімен ұнады?
Қай тапсырма қиын болды?
Қай тапсырма ұнады?
V. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жұлдызшалармен бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 430 жаттығу
Әдіскер:____________
Мұғалім:___________
Баға:_____________