4-сынып Тікбұрышты параллелепипед және оның көлемі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Армысың, алтын күн!
Армысын, асыл жыр!
Армысын, көк аспан!
Армысың,жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым бос.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны:

  • «Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.

7 200 : 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000

8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100

  • Көркем жазу минуты.

  • 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.

Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.

Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)











«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.

















. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с.

Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.

Дәптермен жұмыс.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті

 Бір, екі, үш
Жинап алдық күш
Төрт, бес, алты
Біз жазамыз мықты
Дәптерімізді ашайық 
Көрсетілген үлгіге,
Әдемі етіп жазайық

Ой толғаныс

Қалдықты табуға берілген есептер 
1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты.Айжан 2 тоқаш жеді. Үстелдің үстінде неше тоқаш қалды? 
2. Самал кітапханадан 7 кітап алды.Оның 3 кітабын оқыды. Неше оқитын кітап қалды? 
3. Диас 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.Диаста неше сурет қалды? 
4. Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған күнінде неше қыз қалды? 
5. Асқардың кітабында 9 бет бар. Оның 4 бетін оқыды. Асқарға неше оқитын бет қалды?
6. Сандуғаштың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді.Неше ашылмаған сыйлық қалды? 
7. Айбектің 6 дәптері болды. 2 дәптерін досына берді.Айбектің неше дәптері қалды? 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады