22 наурыз Әдебиеттік оқу сабақ (2 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: 22 наурыз
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Наурыз мейрамы тақырыбын меңгертіп, қысқаша мазмұндауға үйрету

Дамытушылық: оқушылар өз ойын еркін жеткізе білуін, тіл байлығын, еркін сөйлей білуә рекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, әдет-ғұрпын сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер,
интербелсенді тақта, сөзжұмбақтар, өлеңдер
Сабақтың барысы: 
1.Психологиялық дайындық:
Құрт – майымыз көп болсын,
Қарнымыз тоқ болсын.
5-ке оқып сабақты
Нашар баға жоқ болсын.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Мәтіннің мазмұнын айту
2.Сұрақтар қою
3.Жаңа сабақ: Бүгінгі өтетін тақырыбымызбен танысу үшін мына сөзжұмбақты шешуіміз керек.
Сөзжұмбақ шешу «Наурыз»

1. Ең қымбат жан?

2. Ас атасы – не?

3. Шөлдегенде не ішеміз?

4.Ауа райын тыңдайтын ақпарат құралы не?

5.Тамақ ішкенде немен ішеміз?

6.Көпшілік жиналатын үлкен бөлме.

Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «22наурыз» деп аталады.
Наурыз туралы мәлімет:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді.
21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. 

«Наурыз көже»
Енді осы 22 наурызда дайындалатын «Наурыз көже»туралы айтып өтейік.
Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.
4.Оқулықпен жұмыс: Енді барлығымыз оқулығымыздың 155 бетін ашамыз
А) Өлеңді мәнерлеп оқып көрсету
Ә) Сөздікпен жұмыс: Көсегесі көгеру – өркені өсіп, дегеніне жету.
Б) Өлеңді оқушыларға оқыту.
- іштей оқыту
- мәнерлеп оқу
- тізбектей оқу

В) өлеңді талдау
5.Сергіту сәті:
Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду

Жаңа жылды екі рет қарсы алғанды қалай түсіндіресіңдер?

Қайсысы қай жаңа жылға тән:

А) көже, көктем, Қыдыр ата ; ә) шырша, аязата, Ақшақар.
Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырма беріп жіберіпті.

Сұрақтар:

  1. Наурыз көже қалай жасалады?

  2. Наурызша деген қандай мағынаны білдіреді?

  3. Сүттен жасалатын тағамды ата.

  4. Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?

  5. Наурыз айында бірінші өсетін гүл?

Тапсырмалар:

  1. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?

  2. Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?

  3. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?

  4. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен неліктен?

  5. Ұлттық ойынды ата.

6.Бата туралы қысқаша мәлімет:
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдармен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді.

Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген.
7. дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазу
Наурыз мерекесіне арналған тілектеріңді жазыңыздар.
8.Сабақты қорыту: Сұрақ – жауап арқылы
9.Үйге тапсырма беру: бата- тілек жаттау, өлеңді жаттау
10.Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.