Сабақтың тақырыбы: «Ана өмірдің гүлі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 8-наурыз туралы түсінік беру. Балаларға барлық аналарға, қыздарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісіні, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: тақпақ айту, сахыналық көрініс.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, тақпақтар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
Айбек: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанынщащайық.
Заңғар. – Армысыздар, ардақты ұстаздар мен ата-аналар.
Имангали. – Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің Нұрынан ананың сүтінен таралған.
Айбек: - Құрметті асыл аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі 8- наурыз «Ана өмір гүлі» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Заңғар: - Айбек, сен білесің бе, біздің мектебіміздің анасы кім?
Айбек: - Әрине білем, оны білмейтін оқушы сірә.
Имангали: Ал ол кім? Қане балалар біле ме екен? Сұрап көрейкші
Айбек: - Дұрыс айтасыңдар! Ол мектеп директоры Алдибекова Алмаш Зікірияқызы
ІІ. Негізгі бөлім.
Заңғар: - Балалар бізге жарық дүниені сыйлаған кім?
-Ана
-Әрине, Ана
-Сол ең жақсы адамдарды қадірлей де, қастерлей де білеміз бе?
-Ия
-Ондай болса Ана кім?
-Бұл сұраққа біздің оқушыларымыз жылыда жарқын, ұлағатты сөздермен, өлең жолдарымен жеткізбек.
Алдияр: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Өз қолыммен жазып бүгін,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Жанерке: Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтының қас қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым.
Аялы: Қадір тұтқан балалар,
Аналардан тұтқан небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар.
Аяла: Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын, теңдік алған мерекең,
Қуанышты мерекеңіз.
Айсұлу: Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді міне ер жеттік,
Жүректерге биік мақсат, бар арман.
Аруна: Ақыл құйған санама,
Күнненде артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мерей: Бал бөбегін баптаған,
Мамам менің нақты адам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам
Айбек: - дей отырып, аналардың құрметіне ән.
Темірлан: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Айым: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Асем: Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күнненде
Ақ жүректен сақтаған,
Жарқын күлкі бақ маған,
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші маған ақ мамам!
Заңғар: - дей отырып аналар сіздердің құрметтеріңізге хор «Анашым»
Жарқын: Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Өйткені мен әжемді,
Өте жақсы көремін.
Жұлдыз: Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Хор ұлдар «Нұрын төккен маған»
С.Бота. Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі – жаным деген, сая маған. – демекші оқушылардың тілектеріне берсек.
Е.Бота: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым.
Тәтті ұйқыңды бөліп талай күн қаттың.
Өміріңде нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Абзал: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махабаттың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің,
Қандай дақсы ортамызда жүргенің.
Аллаберген: Әр күн сайын маған дәйім,
Қамқор болды әпкетайым.
Жаным әпкем жан ашырым,
Күн мен айым әпкетайым.
Имангали: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге недеген дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана. – дей отырып бидің де кезегі келіп қалыпты.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Айбек: - Бүгінгі әсем әнім мен мың бұралған биде әлемді тербеткен аналар,сіздер үшін. Келесі кезекті мақал мәтелдерге берсек.
«Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсың да борышын өтей алмайсың» демекші бұл біздің парызымыздың бір кішкентай бөлігі!
Айбек: - Достарымыз дұрыс айтады! Өмірдің жарығын сыйлаған, жылы алақанын аямаған, аяулы да ақжарқын аналарға әрдайым бас июге дайынбыз (барлық оқушы біркелкі бастарын иеді)
Имангали: Әсем кеште соңына таяп қалды. Олай болса барлық жүргізушілермен бірге: Келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Алланың нұры жаусын!
Т. Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы:
Сынып жетекшісі: Қаниязова М. М.
Сынып: 2 «б»
Талғар қаласы