Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сан есім туралы алған білімдерін еске түсіру, пысықтау,
қорыту ;
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық
қабілеттерін байқау, дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу, мақалдарды оқу
арқылы адамгершілік тәрбие беру және белсенділікке,
ізденімпаздыққа баулу;
Сабақтың түрі: Қайталау, аралас сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, кітапхана көрмесі;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, толықтыру, түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:Сан есім жайлы түсінік беру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
-сабаққа әзірлік
Психологиялық дайындық:
Ашық аспан болсын!
Әр күніміз біздің
Сәттілікке толсын!
Қазақ тілі пәнінен
Білмегенді білейік
Үйренейік, күлейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
456-ЖАТТЫҒУ.
Тірек сөздер бойынша “Серуенде” тақырыбына әңгіме құра.
Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық.
ІІІ. «Сандар сөйлейді» ойыны
Суретте берілген кім ?
Дымбілмес
Әрине, ал Дымбілместі қоршап тұрған қандай сандар? Атайықшы.
Жиырма, жетпіс, жүз және бес жүз елу
Ал бұл сандар нені білдіреді?
Ұлы Отан соғысының аяқталуына 70жыл.
Жанель: 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы
70 жыл шақты күн таратты әнін
Есімде соңан бері 70 рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Бақұстар: Батырым- Мәлік беренім,
Жүйрігім, озған өренім
Халқы сүйген қалауым
Жырымды саған төгемін.
Эльнара: Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрда қазақ өз даласында.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 20 жыл
Біз Дымбілместің Қазақстан Республикасының Ата заңына 20 жыл.
сұрақтарына жауап бердік пе?
Иә!
20, 70,100,550 бұлар нелер?
Сандар
Сандар қандай сөз табына жатады?
Сан есім
Сан есім дегеніміз не?
Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
Сан есімнің қандай түрлерін білесіндер?
Өткенді қайталау үшін сендермен ойын ойнайық.
ІҮ. Өткенді еске түсіру. «Орнын тап» ойыны.
Сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнақтарының тиістісін сызықпен жалға.
Өткен сөз таптарын,олардың ережелерін,сұрақтарын еске түсіру .
Ү. Оқулықпен жұмыс. 457- жаттығу.
ҮІ. Сергіту сәті.
Әнді қосып балаларға бірдей қимылдар жасатып, билету.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс.
Сәуірдің он үші.
Сынып жұмысы
Көркем жазу.
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
458 – жаттығу.
Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір.
Марат 9 жаста. Ағасы Мұрат 11 жаста. Ал қарындасы Айгүл 7 жаста.
459-жаттығу.
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
[pic]
VII. Сабақты қорытындылау.
-Бүгінгі сабақта алған білімдерімізді «Кубизм» әдісі арқылы қорытындылаймыз.
Бірнеше оқушы ортаға шығып, шаршыны жерге тастайды. Ашылған бетіндегі сұрақты оқи отырып, өткен тақырыпты есіне түсіреді.
VIII. Бағалау.
сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
IX.Үйге тапсырма.
461-жаттығу. 161- бет
Сурет бойынша әңгіме құра.
[pic]