Мұғалім Алдабергенова Қарлығаш
Сабақтың атауы
Септік жалғауының емлесі
Сабақтың мақсаты :
1)Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін пысықтау, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру , сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3) Оқушыларды тапқырлыққа , еңбекшілдікке , ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана біледі.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
-Салем достым! (амандасады)
-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
-Сен келдің! (қолдарын жаяды)
-Жақсы болды!(құшақтайды)
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Бүгінгі күнді жазып, көркем жазу минуты
Мақалды талдау, септелген сөзді табу.
ІІ Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Септік жалғауының емлесі»
Бүгін біз мынау жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз :
Жоспар кесте
Әр оқушы «білім пердесі» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін
бағалайды.
Оқушылар өздерінің аты жөнінін жазып шығады.
Сергіту сәті
«Қаражорға» биі
Жаңа сабақ
І.Жұптық жұмыс Терме диктанты
Суретшінің, аналар, еңбекпен, даланы, кірпіштен, жылқыға, қалада, қағазбен, Арайдан, ағаш, әншіні, дүкенге, өсімдіктің, досыммен, үстелде.
Кестеге толтырып шығады
Әр жұп жазған кестелерін тексереді, білім парақшасына бағаларын қояды.
2.Сауаттылық хаты
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Илеу- құмырсқа....... үйі. Илеу..... қарап оңтүстік пен солтүстікті ажыратуға болады. Илеу..... бұзуға болмайды. Илеу...... мыңдаған құмырсқа өмір сүреді. Илеу....... құмырсқалар шыға бастады. Құмырсқа....... пайдасы бар. Құмырсқаның илеуі.......
ойнауға болмайды.
Жалғаулар: - мен, - ден, -ге, - ның, - де, - ді, - ның.
Білім парақшасына бағаларын қояды.
3 Зерттеу жүмысы
Семантикалық карта таратып беріледі, сәйкестендіру.
[link]
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
[pic]
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады