Мәнерлеп оқу сайысы:Желбіре жеңіс жалауы. (1класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақтөбе қаласы.

37 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Утенова Г.Е.

Мерзімі: 25.03.16ж

Тақырыбы: «Желбіре жеңіс жалауы» бастауыш кластар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы. 
Мақсаты:
1. Ұлы отан соғысы туралы мағлұмат беру.

2. 9 Мамыр – Жеңіс күні екенін толық түсіндіріп өту.

3. Балаларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

1- жүргізуші

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан

2 - жүргізуші

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға
мың алғыс

- дей келе бүгінгі « Желбіре жеңіс жалауы» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Алдарынызда хор: «Отан» орындайтын 1 «ж» класынын оқушылары.

Ендігі кезекте әділ бағаларын беретін әділ қазылармен таныс бола отырайық:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Амантурлиева А.А. 2.Бастауыш кафедрасының жетекшісі: Уразбаева А.Қ.

1-бөлім

«Біз жеңістің ұрпақтарымыз»

2 - бөлім

«Ұлы жеңіс жасасын!»

3-бөлім

«Бақыт гүлін терген күн»

Ән- Алтынбекова Жанайым. «Ақ тілек»



  1. Жүргізуші:

«Біз жеңістің ұрпақтары» атты 1 – бөлім бойынша 2 класс оқушылары сайысқа түссін.

Ортаға _____________

2А класс оқушысы: Таубеков Асылжан

2Ә класс оқушысы: Дарханқызы Айым

2Б класс оқушысы: Сағынай Санжар

2В класс оқушысы: Мақсат Ұлан

2Г класс оқушысы:Нұрберген Рай,Кадралина Алина

2Д класс оқуушысы:Темирболатова Саида

2Е класс оқушысы: Жарасова Жангүл

«Ұлы жеңіс жасасын!» атты 2 –бөлім бойынша 3 класс оқушылары сайысқа түссін

Ортаға___________

3 А класс оқушысы: Сәтенова Назым

3Ә класс оқушысы: Айдосова Арайлым

3Б класс оқушысы: Тлеубаева Айгерім

3В класс оқушысы: Санбаев Айбар

3Г класс оқушысы: Мұстахинова Жұлдыз

3Д класс оқушысы: Мұқашева Айкөркем

«Бақыт гүлін терген күн» атты 3 –бөлім бойынша 4 класc оқушылары сайысқа түссін

Ортаға_____________

4А класс оқушысы: Есенжолова Алина

4В класс оқушысы: Абдрашитов Нұрсұлтан

4Г класс оқушысы: Боранбаева Индира

4Д класс оқушысы: Қалдығұлов Ерболат

Қорытынды: Әділқазы алқасы өз шешімдерін қабылдағанша біздер

1 «И» класынын окушысы Жубаншалиева Айкөркемнін орындауында

Цыган биін тамашалайық.

1- жүргізуші

70 жыл — бейбіт көктем тан атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

2 - жүргізуші

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.

1-жүргізуші

Осымен «Желбіре жеңіс жалауы» атты мәнерлеп оқу сайысы аяқталды! Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!