Әліппемен қоштасу ертеңшілігі: Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі.









Әліппемен қоштасу ертеңгілігі



Тақырбы: Таныстырған 42 әріппен

қош бол менің қасиетті Әліппем!









1 «Ә »сынып жетекшісі Жапарова А.М.





















2014 – 2015 оқу жылы





Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем!

Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;

өз – өнерлерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Өту барысы:

Толғанай: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін сіздер 1 – сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілікке келіп отырсыздар, қош келдіңіздер дей отырып, «Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Дәулет: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы алайық сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

Толғанай:

Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірімді нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлындар.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Дәулет:
Уа, халайық!
Шақырайық қол соға.
Сүйікті біздің ұстазды,
Шәкірттермен ортаға.

Мұғалім мен оқушылар шығады.

Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «ә» сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Толғанай

Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.

Ән: «Әліппе!»

Мұғалім: - Балалар, мына сұраққа жауап іздеп көріңдерші.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: - Олай болса, бәріміз білім бағын бастаушы Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!


Дәулет: Төрлетіңіз, Әліппе.


Әліппе: - Ал, балалар сендер қандайсыңдар?


Нұрсая: Мың бұралған бишіміз


Ернұр: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.

Аида: Біз шеберміз, Ақылдымыз. Өнерліміз.

Сұлтан: Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз


С.Данияр: Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз.

Ақбота: Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін

Бауыржан: Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.

Б.Данияр: Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

Толғанай:

«Бала тілегі» әні. Орындайтын Мухамбетқали Дәулет. Қабыл алыңыздар.

Ортаға Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек: бұл неғылған ән.

- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?

Толғанай: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.

Жалқаубек: Әліппе деген не?

Дәулет: Іші толған әріпке,

Мынау әйбат әліппе.

Барлық ілім – білімнің,

Атасы осы - әліппе.

Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?

Хормен: Әрине.

Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.

Толғанай: Алфавитті жаттадық

Онда жүйе, қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Дәулет: Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер

Толғанай: Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Дәулет: Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші.?

Мирас: А деген ол-аналар ғой ардақты,

С.Данияр: Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.

Б.Данияр: Б деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі

Мадияр Ғалым болып аламын,

Ғаламға да барамын

Ғылым, білім- ілімді

Ғибрат еткен баламын

Рахат Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алдыңда үлкен бұрылыс

Жол тәртібін абайла

Артыңда үлкен құрылыс.

Ернұр Ұлар, ұлар, ұлармын

Ұшқырлыққа құмармын

Ұлы сөздің басында

Ұ әрпі болып тұрамын

Бауыржан Фарида мен Фатима

Фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фазылбек

Фермаларға барыпты

Аида Ілияс-інім,

Інжу сіңілім

Інім-ілімді,

Сіңілім-білімді.

Нұрсая: Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптерді

барлығын Жалқаубекке береді)

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Менің тағы сұрақтарым бар.

А) Дыбыс деген не ? Әріп ше ?

Ә) Дыбыс нешеге бөлінеді ? Айырмашылықтарын кім айтып беред?

Әліппе: Өте жақсы.

Мұғалім: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Оқушылар: Ия

Нұрсая Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Тамирлан: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Ақбота Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

 Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті.

Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рақымет!

Әліппе: - Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Мұғалім: Балалар бізге тағы да қонақ келе жатқан сияқты. Бұл кім болды екен?

Әліппе: О- о-о, бұл менің досым Математика ғой.

Математика: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Хормен: Сәлеметсіз бе, Математика.

Жалқаубек: Математика деген не?

Математика:

Сәлемет пе достарым,

Сабағы боп жоспардың.

Төрт амалды қолданған

Математика достарың мен боламын.

Математика: Есептеуге  жүйрік  болсаң  жасыңнан

                          Математикаға  орын  берсең  басыңнан

                          Барлық  ғылым  саған  үйір  болады,

                          Досың  солар  табылатын  қасыңнан.

Балалар, мені әліппе сияқты төрт ай бойы оқыдыңдар. Мені қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін:

1. Кім 1-10 дейін оң және кері санап береді ?

2. 5 санының, 7 және 9 сандарының құрамдарын кім атап береді?

3. Бақшаға, жақсы аға

Көп ойыншық келді алып.

Бір балық, екі ешкі,

Үш үйрек, төрт түлкі

Барлығы қанша ойыншық ?

4. Оң қолымда екі шар

Сол қолымда үш шар

Барлығы қанша шар?

Математика: Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
Ақбота:
1 дегенім – бесік, Шықтың содан өсіп.
2 дегенім – елім, Далам, тауым, көгім.
3 дегенім – үміт, Үміт артар жігіт.
4 дегенім – төзім, Төзе білем өзім.
5 дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт.
6 дегенім – ақыл, Тыңдағаның мақұл.
7 дегенім – жалау, Жүректегі алау.
8 дегенім – сөзің, Серт беретін кезің.
9 дегенім – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім – Отан, Қорға еліңді ботам.
Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)

Толғанай: Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Би: «Аралар биі» Қабыл алыңыздар.

Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Менің кететін уақытым болды.

Мұғалім: Балалар, ендеше біз әріптердің иесі, Әліппені құрметтеп шығарып салайық.

Нұрсая:
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Бауыржан:

Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет

Хормен:

Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән: Рахмет саған, «Әліппе»
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.

Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5 – ке толсын!

Әліппе:

Балалар, енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Балалар, сендерге мен ризамын, мені жақсы меңгеріпсіңдер. Әріптер елінен іздеген қымат, асыл қазыналарыңды ертіп келдім. Ол – «Ана тілі» кітабы. Міне, міне өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Хормен: Сәлеметсіз бе?

Әліппе: Балалар сендерді Ана тілі кітабымен таныстырдым, енді кетейін. Қош сау болыңдар!

Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)

Ана тілі: Армысыңдар жас достар!

Туған елдің тілімін Ақылы мен танымын,

Түсіндірер бәріңе Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім, Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігі. Шарықтап қиялың,

Зердеңе ой құямын. Бір-бір мектеп-Ыбырай,

Абай, Ахмет зиялым Табыстырам бәрімен.

Өлең-жыры, әнімен Өрісіңді кеңейтіп,

Шежіре айтып әріден Қысқы ілім-білімнің

Бәрі, бәрі, бәрі –мен.

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Ана тілі:

Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар – ұят.
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)

Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да,

тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып

ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)
Мұғалім: Өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік. Енді білімімізді Ана тілі оқулығымен жалғастырамыз.

Мирас: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.

С. Данияр: Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.

Мұғалім: Менің балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады.

Бізге қонаққа кітапханашы Жұлдыз апайымыз келіп отыр. Жұлдыз апайды ортаға шақырайық.
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет.

Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада әдемі, балаларға арналған кітапшалар көп. Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім. (Кітаптарды балаларға таратады, «Ана тілі» таратуға көмектеседі).
Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар.

Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Хормен: Оқимыз, «Ана тілі», оқимыз!
 
Толғанай:

 Қар биі. Қабыл алыңыздар.

 Дәулет:

Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.


Толғанай:

Мектеп – үйім, ұстаздарым - ата-анам.

Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып, сан тарапқа тараған

Аяулы мектебіміздің басшысы Айткүл Едіресқызына сөз кезегін береміз.

Дәулет:

Әжем мені «Жаным «- дейді

Жан жүрегім балым дейді

«Сен үшін мен әлемдегі

Бар асылды алам» -дейді

Толғанай:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.

Келтірген дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Құрметті ата-аналарымызға сөз береміз.

Толғанай:

Құрметті Қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі 1 «Ә» сынып оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем!» атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті.


Дәулет:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Алдағы уақытта көріскенше күн жақсы!