Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: Дүниетану

Сынып: 3«А»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Несіпбаева Марал

Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін тереңдетіп, ылғал сүйгіш,су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсуі жайлы түсінік беру  

Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, ой-өрісін, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат пен адам үндестігін, табиғат әсемдігін сезіне білуге, оны қорғауға, аялауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,тірек-сызба,ойын, «джигсо» әдісі, «таңдау» әдісі, «ыстық орындық»

Сабақтың көрнекілігі: өсімдік түрлері,жүрек жылуы, смайлик


Сабақтың барысы


I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім - Несіпбаева Марал Мейрамқызы

Сандарды санау арқылы топқа бөлу (1,2,3,4)

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Кім шапшаң?»
1. Ғалымдардың есептеуі бойынша, біздің елімізде неше мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен?
2. Өзіңіз білетін ағаштар мен бұталардың бір - бірінен ең негізгі айырмасы неде?
3. Ал шөптесін өсімдіктердің ағаштар мен бұталардан ерекшелігі қандай?
4. Өсімдіктерді ерекшеліктеріне қарай неше топқа біріктіреді?
5 Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде.
6. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?
7. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?

8.Өсімдіктердің өсіп өнуіне қандай жағдайлар керек?

Әр топқа жүрек жылуын беру

III. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.

  • Балалар, айтыңдаршы, өсімдіктің қоршаған ортада өсіп өнуіне қандай жағдайлар керек? (жылу,ауа,жарық,қоректік зат,ылғал)

-Дұрыс айтасыңдар, осының ішінде көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді.

IV.Жаңа тақырып

1)-Мына өсімдіктер қандай тіршілік ету ортасына бейімделген?

[pic] [pic] [pic]











Беде Бақбақ Қоңырбас

-Суреттегі шалғындық беде, бақбақ қоңырбас ылғалы жеткілікті топырақта өседі.

-Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөліңдер?

-Не байқадыңыздар?

-Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, яғни шашақты.

Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулар болады. Суды буландырған кезде саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.

Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.

[pic] [pic] [pic]

2)






сусарғалдақ тұңғиықты

Суретте көріп тұрғандарыңыздай өсімдік тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұр. Демек мұндай өсімдіктерд і су өсімдіктері деп атайды. [pic]

3) [pic]







жантақ сүттіген

Бұл өсімдіктер топырағында ылғал өте аз,аптапты ыстық жерде өседі. Мұндай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады.Осындай жерде өсетін өсімдіктерді құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер деп аталады.

4)











2. Дәптермен жұмыс.
Өсімдік түрлерін жазу

3. «Ойлан - жұптас - талқыла»

«Жигсо» әдісі 
1 - топ: Өсімдік
2 - топ: Ылғал сүйгіш өсімдіктер (атын жазып, суретін салу)
3 - топ: Су өсімдіктері(атын жазып, суретін салу)
4 - топ: Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер(атын жазып, суретін салу)

Постер қорғау 
Постерлерін қорғап болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін жүрек жылуын тарату

Сергіту сәті

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

Секіреміз топ-топ-топ,

Шапалақтап хлоп-хлоп-хлоп,

Топ-топ-топ, хлоп-хлоп-хлоп.

4. Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтардың жауабын өсімдіктер тобына орналастыру.
1) Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Күннің көзі болмаса,
Бұғып қана өсермін.
(Күнбағыс – шөп)
2) Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да. (Бидай - шөп)
3) Іші толған шербет,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - (Жүзім - бұтақ)
4) Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - (Жаңғақ - ағаш)
5) Жапырақты тасалап,
өсетін жері – бақша - бақ.
Күрең қызыл, шіркін - ай,
Оның аты - (Таңқурай - бұта)
6) Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - (Шабдалы - ағаш)

Дұрыс шешілген жауапқа жүрек жылуын ұсыну

VI. Білімді бекіту. «Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақты қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.

Қорытындылау.

1)«Ыстық орындық» әдісі

Оқушы шығып ыстық орындыққа отырады. Қалған топтың оқушылары кез келген сұрақтарды қояды. Сұрақтарға толық шатаспай жауап берген оқушы ыстық орындықтың иесі болады.

2)«Бағдаршам әдісі»

Жақсы түсіндім десе – жасыл түсті көтереді.

Орта түсіндім десе – сары түсті көтереді.

Түсінбедім десе – қызыл түсті көтереді 

«Білгенге маржан»
Күнбағыс -
құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Қазақстанның барлық жерлерінде тіршілік етеді. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы.

Бұрыш — жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Бұрыштың 200 грамы ересек адамның С дәруменіне деген күндізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол қатерлі ісіктердің, шелдің және шорбуынның түзілуінің алдын алады. Бұрышты көптеген тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады.

Ақ сексеуіл – сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете береді. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Ақ сексеуіл Маңғыстау облысының Қызыл кітабына енгізілген.

VII. Бағалау:

-Топтардың жүрек жылуларын санау

«5» – 5 - 6 жылу
«4» – 3 - 4 жылу
«3» – 1 - 2 жылу

VII. Үйге тапсырма:

Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. мазмұндау
І топ мақал-мәтел жаттап келу өсімдікке байланысты
ІІ топ сөзжұмбақ құрастыру өсімдік сөзіне
ІІІ топ ребус құрастыру 
IV топ тест құрастыру  тақырып бойынша 5 тест сұрағын дайындау.