Әдебиеттік оқу Тақырыбы:Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала

Мақсаты

1. Білімділігі: Шығарма арқылы ана мен бала бейнесіне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.
2. Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейіл болуға және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, көрме, суреттер.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Ақ сүт беріп аялаған,
Менен бәрін аямаған.
Жанашырым саялаған,
Ол кім? – ( Аяулы анам)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

[pic] [pic]

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттықтыру. Мәнін түсіндіріп көрсету.
2. Автор туралы қысқаны түсінік беріп кету.
1) ұстаз жазушы ағартушы
Ақын Ы. Алтынсарин аудармашы
Мектеп ашқан хрестоматия жазған
2) Ы. Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы. Алтынсарин атында Ғылым академиясы бар, медаль бар.
3. Анасын жырламаған адам жоқ. Енді оқушылар мына сұраққа жауап беріңдер
1) Ақ сүт беріп аялаған,
Менен бәрін аямаған.
Жанашырым саялаған,
Ол кім? – ( Аяулы анам)
Сендерді дүниеге әкелген кім?
2) Ана – біздің күніміз. Не айтасыңдар?
3) Ана бізге жарық дүние сыйлады,
Ол түн ұйқысын төрт бөліп өсірді.
Барлық жақсыны бізге арнады,
Барлық жақсы сөздерді бізге айтады.
4. Мәтінді балаларға оқып беру, түсіндіру.
5. Сөздік жұмыс жүргізу.
Тентек - бұзақы
Сауап - жақсылық жасағанды
Уәде - ант, серт
Кемге - арзанға, азға
Кемтарлықпен - жоқшылықтан
Үнемді - үнемдеу
Сіңлі - сіңлісі (туыстықты білдіреді)
6. Сұрақ - жауап беру.
1 ) Әңгімеге кімдер қатысады?
2) Сіңлісінің сөзін тауып оқы.
3) Әңгімедегі кейіпкердің қайсысы ұнады?
4) Осы екеуінің ісі қамқорлыққа жата ма?
5) Қамқорлық сөзіне жуық, жақын сөздерді табайық.
Әлпештеу ҚАМҚОРЛЫҚ аяушылық
Көмектесу жаны ашу жақсылық
7. Пікірталас ойы? Оқушылардың ойы. Тақырыппен келісеміз бе?
8.Диалогты түсіндіру. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп аталады.
10. Балаларға оқыту, диалогпен.
11. Шығармашылық жұмыс:
1) Ана деген сөзді естігенде есіңізге не түседі?
2) Ана туралы шығарма жаздыру.
12. Сабақты бекіту.
13. Ғажайып қоржын.
1) Ана туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
2) Әдептілік туралы мақал - мәтелдер айту.
3) Ана туралы білетін тақпақтар болса...
4) Анаңа қандай тілек айтар едіңдер?
5) Қандай сыйлық сыйлар едің?
6) Анаңды суреттеп, мінездеме..

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.


Ой толғаныс

1. Мәтіннің қай түрі?
2. Авторы кім?
3. Кейіпкерлерін ата?
4. Диалог деген не?
5. Сөздік ( тентек)
6. Қорытынды ой.

Үйге тапсырма

Оқып , мазмұндау .


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

[link]





Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

[pic] [pic]

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады