Ана тілі Қыс 3-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр мектеп-лицейі









Ана тілі пәнінен ашық сабақ



















Мұғалім: В.А.Кыдырбаева






Сабақтың тақырыбы: Абай «Қыс»


Сабақтың мақсаттары:
1) Ұлы ақын өмірінен мағлұмат бере отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу. Оқушыға қыстың қатаң көріністерін түсіндіру.
2) Байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3) Ізденімпаздыққа, табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Абай өлеңдерін оқуға сүйіспеншілігін арттыру.


Әдісі: Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденушілік.

Түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Қыс суреттері. А. Құнанбаевтың портреті, слайдтар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Негізгі бөлім.

1. Өткенді қайталау.

- Біз өткен сабақта «Ата-бабам тарихы – менің тарихым» атты тарауды өткен болатынбыз. Енді осы тарауды сендер қалай меңгергендеріңді байқау үшін сөзжұмбақ шешеміз.

(Сөзжұмбақты слайд арқылы көрсету)


  1. «Азаттық жолында» күрескен революционер. (Тоқаш)

  2. Батыр атамыз. (Бауыржан)

  3. Кенесарының бірінші әскери кеңесшісі. (Ағыбай)

  4. Тәуелсіздік үшін күрескен қайсар жан. (Қайрат)

  5. Ұшқыш, батыр. (Нұркен)

  6. Исатайдың баласы. (Жақия)

  7. Исатайдың досы. (Махамбет)

  8. «Интернат қоймасы» мәтінінің бас кейіпкері. (Тұрар)

  9. Рақымжанның қанды көйлек досы. (Гриша)

  10. «Тау ішінде» әнінің авторы. (Сәкен)

  11. Қазақтың балуаны. (Қажымұқан)

  12. Рейхстагқа ту тіккен батыр. (Рақымжан)

  13. Махамбеттің досы. (Исатай)

  14. Қалидың шешесі. (Күлпаш)

  15. Бұқар жырау жырлаған батыр. (Бөгенбай)

  16. Мерген қыз. (Әлия)

  17. Қайрат Рысқұлбековтың анасы. (Дәметкен)

  18. Езілген қазақ елінің бағы үшін туған ер. (Амангелді)

2. Кіріспе әңгіме.

    • Ерекше тор көзден қандай сөздер шықты? «Туған жерге қыс келді»

Олай болса, бүгінгі бастайтын тарауымыз осылай аталады екен. Аты айтып тұрғандай бұл тарауда біз қыс туралы шығармалармен танысамыз.

  • Алдымен жұмбақтарды шешіп көрелік. (слайд)

  1. Қыста бар да, жазда жоқ. (қар)

  2. Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды. (аяз)

  1. Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп тұр қатты-ақ. (мұз)

  1. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ, ұлиды. (боран)

  • Бұл қай мезгілге қатысты айтылған сөздер?

  • Олай болса, балалар, қысты айтқна кезде көз алдымызға не елестейді?














3. Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

Абай туралы не білеміз?
Оқушы ойын тыңдау.
Абай

Сазгер, ағартушы, ұлы ақын, шешен, тәрбиеші, ойшыл, аудармашы

1. Абай ақын. Оқу білімге шақырған өлеңдері:
«Ғылым таппай мақтанба», « Интернатта оқып жүр», « Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
2. Табиғат суретшісі: «Қансонарда», «Қыс», « Жаз», « Күз», «Жазғытұрым».
3. Аудармашы. « Шегіртке мен құмырсқа», « Қарға мен түлкі».
4. Сазгер. «Көзімнің қарасы», « Желсіз түнде жарық ай»,« Сегіз аяқ», «Бойы бұлған», т. б.
5.
Данышпан. « Қара сөздері».
Абайдың 500 - ге тарта өлеңдері, 45 қара сөзі т. б. шығармалары бар. Абайды бүкіл дүние жүзі біледі. Дүние жүзіне таратушы - Мұхтар Әуезов.

Абайдың «Адам болам десеңіз» атты өлеңін жатқа сұрау.


4. Тақырыппен жұмыс.
а) «Қыс» өлеңін жатқа оқу. Мағынасын түсіндіру.
ә) Сөздік жұмыс.

Алты қанат - киіз үйге байланысты.
Долдану - ашу, ыза.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім.

б) Өлеңді балаларға оқыту.

Оқушыларға екі жолдан оқыту.

5. Сергіту сәті.

Қыс туралы ән айту.


6. Ізденушілік әдіс.
Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеген сөзді тауып, дәптерге жазу.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті басы ақ қырау, түсі суық.


7. Ойын: «Қысқы ойындар»

- Балалар, қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

- Олай болса, тақтадағы қысқы спорттық ойын түрлерінің суретін таңдай отырып, суреттегі сұрақтарға жауап беру керек.

  • Ақын қысты кімге теңейді?

  • Шалдың киімдері қандай дейді? Киім деп отырғаны несі?

  • Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?

  • Өлеңде балалар туралы және малшы туралы не делінген?

  • Шидем деген не?


8. Оқулықпен жұмыс.

6-тапсырмамен жұмыс.

Оқулықтағы сурет пен Абай қысының ұқсастығы бар ма? Бар болса, қандай?

Суретке сәйкес боранның дауысын естиік.

9. Есіңде болсын!

  • Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

  • Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.

  • Аралар омартадағы өздері кіріп-шығатын тесігін жартылай жапса, қыс суық болады, ашық қалдырса, жылы болады.

  • Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.

  • Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады.

  • Мысық пешке тығылса, аяз басталады.



ІІІ. Қорытынды бөлім.

  1. Үйге тапсырма беру: «Қыс» өлеңін жаттау. Қыс туралы сурет салу.

  2. Сабақты қорыту.

  3. Оқушылар білімін бағалау.