Әйтеке би ауданы Ақтасты селосы Абай атындағы орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Ибрагимова Майра Женисовна
Сабақтың тақырыбы: Білгірлер додасы
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ойлау ұшқырлығын оқуға ынтастын арттыру.Есте сақтауын ,ой – өрісін белсенділігін дамыту.Ұйымшылдық.достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ – жауап.
Сайысқа қатысатын кластар: 3 -4
Көрнекілігі: сайыс бөлімдеріне байланысты суреттер, карточкалар,
Сайыстың барысы
I.Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі « Білімді зияткер » атты 3 және 4 кластар арасында болып жатқан,интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына.
Сайыскерлерге сәт сапар тілей! – отырып сайыскерлерімізбен таныстырып өтейік.
1 – топ: « Білімділер» 4 класс оқушылары: Серікбай Дания, Жандосұлы Ернар, Жармағанбет Дильназ, Қошмұратов Қалқаман.
2 – топ: « Ойшылдар» 3 класс оқушылары: Болатқызы Айжан, Руслан Мирас, Айтмағанбетов Мұрат, Спан Айдос
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
«Таныстыру.»
«Кім тапқыр?»
3 «Математика – бұл ғылымның данасы»
«Қас - қағым сәт»
5 «Сөзтапқыштар»
6. « Ойымды аңғар»
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім мықты,
Әділқазы алқасына жүгінсек,
Берер дейміз әділдікпен жеңісті. Ендеше бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділқазылармызды сайлап алайық.
I. «Таныстыру»
1 - топ: «Білімділер»
Білімді мыңды жығады
Білекті бірді жығады
Алдағы білім шыңына
Ең білімді топ шығады.
2 - топ: «Ойшылдар»
Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейбіз жеңістерге бастаймыз
II. Кім тапқыр ( әр топ әріп таңдайды қойылған сұрақтарға сол әріппен басталатын сөздермен жауап береді)
Ә А Ж С М Б
1 – топ « Білімділер»
1.Досың кім?
2. Ертегі оқисың ба?
3. Анаңның аты кім?
4.Қай көшеде тұрасың ?
5.Қай пәнді жақсы көресің?
6.Жасың нешеде?
7.Шашыңның түсі қандай?
2- топ « Ойшылдар»
1.Нені жақсы көресің?
2.Кімге салем жолдайсың?
3.Әкең аты кім?
4.Қай қалада тұрасың?
5.Қандай киімді жақсы көресің?
6.Бүгін сенде сабақ?
7.Үй жүмысын орындауға кімдер көмектеседі?
III. Математика – бұл ғылымның данасы. ( топтарға есептер беріледі сол есептерді шығару керек)
( 2*4) + 21 = 29 ( 5* 4 ) + ( 27: 9) = 23
( 3* 5) + 62 = 77 ( 3* 7) + ( 40 : 4) = 31
210 : 7 + 180 = 210 63 5 + 31 = 346
( 22 + 8) * 7 – 10 = 200 ( 75 + 15 ) * 8 + 110 = 830
IV. Қас қағым сәт ( топтарға 10 сұрақтан қойылады, сұрақтарға қас – қағым сәтте жауап беру керек)
1-топ « Білімділер»
Қазақстан Республикасының астанасы . Астана
Қара алтын деп нені атаймыз? Көмір
Киіз үйдің қабырғаларын қалай атайды?
Сенің әкеңнің анасы кім болады? Әже
Мектептің ең жоғарғы бағасы? Бес
Кекілік құс па, жануар ма? Құс
2- ні үш рет қосқанда неше шығады?
Жыл мезгілдерін ата? Қыс ,көктем, жаз, күз
Тұңғыш Президент күні қай күн? 1 – желтоқсан
Қыста түрін өзгертпейтін ағаш? Шырша
2 – топ « Ойшылдар»
Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? Бағдаршам
Кітапханада кім істейді? Кітапханашы
Қойдың төлі? Лақ
Жеті күн Апта
Екі сабақтың ортасында не болады? Үзіліс
Аптаның бірінші күні? Дүйсенбі
Күзде жапырақтар қайтеді? Сарғаяды
3 – ті үш рет қосқанда неше шығады? Тоғыз
Халықаралық әйелдер күні 8- наурыз
Өз класында неше қыз бала бар? 2