Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табуға, сұрақ қоя білуге үйрету. Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлану қабілеті мен сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдылындыру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тірек-сызба, тапсырмалар,
сызба,сөзжұмбақ,жұптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік жұмыс.
Сабақтың түрі: Білімді еске түсіру, пысықтап қайталау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Ана тілім – бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін – деп сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Қызығушылықты ояту.
Жұппен жұмыс. «Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы». Парақтардағы сөздердің әрбір дыбысынан сан жазып шығу.
І жұп ІІ жұп ІІІ жұп
тоқсан жеті қырық
Түс сегіз Жас сексен Қас сегіз
үш алты алпыс
Әр жұптан бір оқушыға оқытып,тапсырманы тексеріп , бағалаймын.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Сан есім».
А. - Сан есім туралы есімізге түсірейік.
(Анықтамасы, сұрағы, мысал)
Ә. –Келесі жұмысымыз – сұрақ-жауап.
Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу»
Адамдар ғарышқа ұшуды армандайды. 1961 жылы сәуірдің 12-сі күні тұңғыш рет ғарышқа Юрии Гагарин ұшты. Ал 1991 жылы ғарышқа қазақ азаматы Тоқтар Әубәкіров ұшты, ал 1994 жылы 1 шілдеде – Талғат Мұсабаев.
- Осы сөйлемдердің ішінен сан есімдерді табыңдар.
1. Топтық жұмыс
1-топ: Өздік диктант
Заттың аты: құм...
Заттың сыны: он...
Қимыл атауы: оқы, жаз...
2-топ: Өздік диктанты
Бір ғасырда..... жыл бар. Бір тәулікте..... сағат бар. Бір жылда... ай бар. Бір айда.... күн бар. Бір аптада... күн бар.
3- топ: Жұмбақ
Бір үйдің отыз екі баласы бар. Балта ұстаған екі баласы. Төрде отырған апасы бар
(Ауыз, тіс, жақ, тіл)
2. Мақал-мәтел, жұмбақтар жарысы
(Тақтамен жұмыс)
Мысалы:
Бір ағашта 12 ұя
Әр ұяда 30 жұмыртқа. (Жыл, 12 ай)
. Мағынаны ашу.
VI.Сөзжұмбақ шешу.
А
а
Н
Е
С
І
М
1)Жанды сағат,
Айғай салат.(Есек)
2).Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.(Балық)
3)Жерде туып,көкте өледі. ( Түтін)
4) Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. (Жел)
5) Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
6) Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (Кірпі)
7)Өзі жап-жас мұрты бар
Ет пен сүтке ұмтылар.(Мысық)
VII. Сабақты қорытындылау.
Бес Қалам
Қызыл
Секірді
Ойнады
Терезе
Жеті
Әдемі
Бүгін не істедіңдер? Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
VIII. Бағалау.
IX.Үйге тапсырма.