Жарыс сабақ: Тапқыр болсаң тауып көр!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң тауып көр!

Сабақтың мақсаты:


а) Оқушылардың пәндер бойынша білім деңгейлерін бақылау;

ә) Шапшаң ойлау қабілетін дамыту, ой – өрістерін кеңейту.

б) Ізденушілікке баулу, оқуға деген қызығушылығын арттыру ,

өзін – өзі сенімділікке, шешім таба білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: қоржын, слайд, шарлар , нақыл сөздер жазылған плакаттар

«Татулық - табылмас байлық»

« Әдептілік ар- ұят, адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, жат надандықтың белгісі»

«Жас мұраты, білім, тәлім-талабы

Өнер, оқу -жастың қару- жарағы»

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

Бүгінгі кеш-қызықты кеш

Көрермендер, ұстаздар

Ми-түйсікті қозғап қазір

Биікке қанат қағайық


- Армысыңдар, жиналған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар.

-Бармысыңдар

Болашақтың бастауы,

Балғын шақты балалар дей келе

«Талпынған жетер мұратқа!» атты сайыс сабағымыздың қатысушыларын ортаға шақырайық.

1топ «Алтын балық»

2топ «Бауырсақ»

3топ « Мықтылар»

1 топтың аты: Балық

Ұраны: Білекті бірі жығады,

Білімді мыңды жығады.

[pic]




2 топтың аты: Бауырсақ

Ұраны: Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

[pic]


3 топтың аты: « Кім неден күшті?»

Ұраны: «Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ. »

[pic]

Жарысымызды бастамастан бұрын әділқазы алқаларын сайлап алайық.

І кезең.

«Жүйрік болсаң , шауып көр»

(бұл кезеңде оқушылар әр ертегіні әңгімелеп айтады)

Сиқырлы қоржын

  1. Алдар Көсе мен бай баласы


[pic] [pic]



2. Арыстан мен түлкі


[pic]



3. Мақта қыз бен мысық

[pic]

ІІ кезең.

« Ойлы болсаң , озып көр»

(оқушыларға сурет салған парақшалар беріледі, сол суреттегі заттың атауын жазып,дыбыстық талдау жасау керек)

жемістер аң өсімдік

алма аю шырша

өрік тиін емен

жүзім түлкі қайың

шие қасқыр раушан

ІІІ кезең

«Мықты болсаң, тауып көр »(әр топ командаларына 10 сұрақтан беріледі)

[pic] [pic]

1 топ

  1. Бір аптада неше күн?

  2. Санды немен белгілейміз?

  3. Кесіндіні немен өлшейміз?

  4. Қанша жыл мезгілі бар ?

  5. Дыбыс нешеге бөлінеді?

  6. Сенде 5 шар болды , оның 2 ұшып кетті неше шар қалды?

  7. Аю қай мезгілде ұйқыда жатады?

  8. Сөз неден құралады?

  9. Алфавитте неше әріп бар?

  10. Неше дауысты дыбыс бар?

2 топ

  1. Қыс айларын ата

  2. Алфавитте неше дыбыс бар?

  3. Үй жануарларын ата.

  4. Қоянның неше тоны бар?

  5. Қолдан 7 қаз ұшты, қонды 5 қонбады нешеу?

  6. Рәміздерді ата

  7. Дыбыс дегеніміз не?

  8. Біз қандай елміз?

  9. Қандай сөздер бос әріппен жазылады?

  10. Президентіміз кім?




3 топ

  1. Әріп дегеніміз не?

  2. Табақта 5 алма, қолымда 2 алма болады неше алма?

  3. Есту мүшесі не?

  4. Олимпияда жеңімпаздарды ата.

  5. Қойдың баласын қалай атайды?

  6. 1дм неше см бар?

  7. Жылқының қасиетін ата.

  8. Аю сөзінде неше әріп неше дыбыс бар?

  9. Сиырдың иесі кім?

  10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?