Ашық сабақ Математика Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
Сабақтың мақсаттары:

1) Екі  таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту  амалының әдіс- тәсілдерін таныстыру, оқушыларды есеп шығара білуге  машықтандыру.

2)Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
 3)Алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Әдісі: сұрақ- жауап, ойын.
Көрнекілігі: Ауызша есептеуге арналған карточкалар, суреттер,
слайдтар,
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық сәт. – Көздеріңді жұмыңдар,оң қолдарыңды жүректеріңе қойыңдар.Жүрек соғысын сезіп тұрсаңдар, осы жүрек соғысы бізге бақыт, жақсылық, мейірімділік әкеледі.
- Қане, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, осы жаксы қасиеттерді бір-бірімізге таратайық,себебі біздің сыныпта да барлығымыз бір-бірімізді жақсы көріп, тек қана жақсы істер істеп, әрқашанда бақытты болсын.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан да екі топқа бөлінеміз.
1топ-   «Алғырлар». 
2 топ:-«Тапқырлар».


II. Үй тапсырмасын тексеру.( №4,9, 245-бет ).Ауызша  оқыту, тексеру.

4 өрнек а*4-26 өрнегінің мәнін тап, мұндағы а=29; 37; 46.

29*4-26=116-26 = 90

37*4-26=147-26 = 122

46*4-26=184 =158

9. 6 м 5 дм 2 см = 652см

49 сағ = 2тәул. 1сағ

3 ц 25 кг = 325кг

96 мин = 1сағ36 мин

2. Үй тапсырмасын бекіту


III. Өткенді қайталау.
а) Математикалық диктант.

І топ
112-ні 5 есе арттыр
323-ті 3 есе арттыр

ІІ топ
82-ні 0 есе арттыр
16-ны 5 есе арттыр


ә) Ойын «Сен маған, мен саған».( Екі топтың оқушылары бір-бірлеріне сұрақтар қойып, жауаптары айтылады)

Сегіздің квадраты

Ұзындық өлшем бірліктерін ата?

Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Көбейтудің қандай қасиеттерін білесің?

9*8 =

1 км = м

63: 9 =

Санды бірге көбейткендегі шығатын сан?

2 тәулікте неше сағат бар?

31*3


IV.Жаңа сабақ.
1 кезең
«Авто жарыс» Кім мәреге бірінші жетеді?
Ойынның шарты: Кім бірінші орындаса, сол мәреге бірінші жетеді

 Оқулықпен жұмыс
       I-топ

1 Амалдарды орында:

І-топ

48х6=288

59х4.=236

II – топ.

76х3=228

39х5=195
2 кезең.
Ойын «Поезд құрастыру»
Ойынның шарты: Кім амалдарды дұрыс орындаса, паравозға вагондарды тіркейді.

2 Өрнектердің мәнін тап.

I-топ.

37х3+126=111+126=237

600-34х5+240=600-170+240=670

II-топ.

48х4+249=192+249=441

800-49х3-160=800-147-160=493

Сергіту сәті.

Есептерді шығардық,
Өте-өте шаршадық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
3 кезең.
 

«Ұтыс» ойыны
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындаса, сол топ алма ұтып алады.

Есеп 3. Есепті әр түрлі тәсілмен орында :
I-топ.

І-ші тәсіл

Шешуі :1)42*2= 84(ш)-екі рет суғару кезінде қажет.

2)84*7= 588(ш)-бір аптаға қажет

II- топ.

ІІ-ші тәсіл

1)42*7 = 294(ш)- бір рет суғару кезінде бір аптаға қажет

2)294*2 =588(ш)-екі рет суғару кезінде бір аптаға қажет

4 кезең. Ойын «Көбелекті ұшыру»                                           

Ойынның шарты: Кім есепті дұрыс шығарса, көбелектің ұшуына көмектеседі.

5 Кестені толтыру  

5 кезең.
Ойын «Кім бірінші ?»
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындайды.

М7 Теңдеулерді шешу:

І-топ. Х*4=220-60      есеп №7

ІІ-топ. Х:3=30+10       есеп №9
IV.Бекіту.

Ойын «Балапанға көмектес»                                                                 
Ойынның шарты: Балапан жазбаша көбейтуді білмей тұр. Соған көмектесу керек.

I-топ     53х7      92х8

62х9      44х6


II-топ.   56х5       43х8

75х7       35х4

VI. Қорытындылау.                               

1. Жазбаша көбейтудің қандай тәсілдерімен жұмыс жасадық?  

2. Қандай тапсырмалар сендерге көбірек ұнады?
3. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма  (№5,есеп 9 )                                                 .

































Ашық сабақ

Тақырыбы :Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту





Сынып: 3 «Е»

Өткізген :Абиева Н