Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-сарқылмас қазына”.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, тақтадағы суреттер
Сабақтың барысы:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).
Не білеміз?.
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)
Мағынаны тану.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Есіңе сақта!
1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3.Кітапты қалай болса солай оқыма.
4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.
5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
Даналық сөз
Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Абай.
Кітап маған тақтан да қымбат.
Шекспир.
Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
Горький
“Жалғастыр”.
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық).
2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы).
3.Кітап – ... (алтын қазына).
4.Өнерліге ... (нұр жауар).
5.Өнер - ағып жатқан бұлақ,
... (Білім – жанып жатқан шырақ).
Ребус шешу.
Жұмбақтар.
1.Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп.
(Тақта).
2.Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.
(Бор)
3.Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Керекпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де.
(Кітап).
4.Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.
Өшпейді бір әрпім де.
(Қаламсап).
Ой қозғау.
Кітап неден, қалай жасалады?
Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?
Кітапты қалай ұстау керекпіз?
Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба?
Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?
Қорытынды:
Кітабың сенің, құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір қадам.
Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Бағалау:Оқушыларды жұлдызшамен бағалау
Үйге тапсырма беру: «Менің оқулықтарым» шығарма жазу