Бекітемін: ОІМ: А.Е.Кулекеева
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2
Уақыты: 16.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: 6 – тарау. Адам болам десеңіз
А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
а) А.Құнанбаев туралы мағлұмат беру,өлеңмен таныстыру,мазмұнын меңгерту.
ә) Оқушының ой-өрісін,танымдық қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту;өз пікірін саналы,шебер ортаға сала білуге үйрету,шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашу.
б) Жақсы мен жаман әдет - қылықтарды ажырата білуге,өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – иллюстративті,сұрақ – жауап.
Сабақтың формасы: топтық,ұжыммен
Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың суреті,электронды оқулық,
видео – ролик, суреттер, смайликтер, тест сұрақтары.
Техникалық құрал: үнтаспа, видео – ролик.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
- Амандасу, түгендеу.
- Балалар,бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр.
- Қонақжайлығымызды қалай көрсетеміз?
- Жақсы білімімізбен,тәртібімізді көрсетейік.
Топқа бөлу.
Сөздерден сөйлемдер құрау.
I – топ. Абай әндері. Желсіз түнде жарық ай.
II – топ. Абай өлеңдері. Құлақтан кіріп бойды алар.
II. Өткен тақырыпты пысықтау.
Тесторовщик.
Тест беріледі. (тарау бойынша)
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың тақырыбын ашып алуымыз керек.Сол үшін
«Кім тапқыр?» ойынын жүргізіп,сөзтізбекті шешеміз.
1.Қос қолы жоқ,көзі жоқ, Сурет салар өзі көп.Ол не? (аяз)
2.Асқар таумен таласа,
Ұшады бір алаша.Бұл не? (бұлт)
3.Төңірегі терең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп.
Жас та сыйған,кәрі сыйған,
Астына оның бәрі сыйған. Бұл не? (аспан)
4.Бір тілім болып туады,
Күннен күнге толады,
Дөп-дөңгелек болады.Бұл не? (ай)
- Балалар,біз нелерді атадық? / табиғат құбылыстарын /
- Енді сөзтізбекте қандай сөз шықты? (Абай)
- Олай болса,біз бүгін Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңімен
танысамыз.
Негізгі кейіпкеріміз Абай ата болғандықтан,Абай атамыздың өмір жолдарынан қысқаша мағлұмат беріледі.
Біз Абай ата туралы не білеміз? /оқушылардың есте қалғандарын тыңдау.
Абай Құнанбаев – 1845 жылы қазіргі ШығысҚазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Халқымыз «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» дегендей,Абайдың әкесі – Құнанбай,анасы – Ұлжан ақыл мен парасатының иесі болған адамдар.Әкесі ел билеген көсем,шешен адам болған.Әкесі Абайды жас кезінде өзімен отырыстарға апарып,әділ биліктері мен шешендік сөздерін үлгі еткен.Абай жас кезінен-ақ зерек бала атанған.Абайдың жазған өлеңдері жастарды білімді,ғылымды сүюге шақырады.Асыл сөзді іздесең Абайды оқы,ерінбе демекші,Абайды біз өзімізге алғаш әріп үйреткен әліппе оқулығынан да өлеңдерін танып білеміз.
Видео – ролик көрсету.
Дәптермен жұмыс.
Топтастыру.
Зере
Құнанбай Ұлжан
Ұлы ақын
Ибрагим
Қыс
Жазғытұрым
Ғылым таппай мақтанба
- Абай атамыздың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
Айтқалиева Дана «Әсемпаз болма әрнеге»
Ғалымжанқызы Шаттық «Құлақтан кіріп бойды алар»
Маулеш Нұрсауле «Күз»
Айтқалиев Еркебұлан «Ғылым таппай мақтанба»
Оқулықпен жұмыс.
а/ Электронды оқулықтан тыңдату.
Өлеңді дауыстап оқу
ә/ Өлең бойынша әңгіме жүргізіледі.Бес асыл іс,бес дұшпанды атайды.
Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар
Абай атамыз тек қана ақын емес,сонымен қатар сазгер де болған.Оның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалқып» т.б. көптеген әндері де бар.
- Сіздер Абай аталарыңның қандай әндерін жатқа білесіңдер?/
Орындатқызу: / Ән: «Көзімнің қарасы» Бериккали Аружан
- Абайдың қандай қара сөздерін білесіңдер?
Үнтаспадан қарасөзін тыңдату.
Еркебұлан – 32 қарасөз
Аружан – 6 қарасөз
Айбек – 17 қарасөз
IV.Бекіту.
– Балалар,біз бүгін кіммен таныстық? Абай ата кім болған?
1.Тірек-сызба схема арқылы баяндайды.
Сонымен балалар, Абай Құнанбаев дегеніміз кім?
Данышпан
Сазгер Ақын
Аудармашы Ойшыл
- Абай атамыз өзінің өлеңінде бізді неге шақырады?
Жақсыдан үйренуге Жаманнан жиренуге
Білімді Білімсіз
Талапты Ұятсыз
Ізденгіш Рақымсыз
Инабатты Күншіл
Адал Хайуан
Еңбекқор Надан
Парасатты Залым
Қайырымды Мақтаншақ
Терең ойлы Қанағатсыз
Ақылды Еріншек
Кестені толтыру.
INSERT – әдісі
Білгім келеді
V.Қорытынды.
Тест сұрақтарының нәтижесін қарап шығып,қорытынды жасалынып, балалардың білімдері сараланып,мадақтаулар айтылып,қатесіз,дәл жауап берген оқушылардың білімдері бағаланады.
Жалпы сабақта белсенді ат салысқан оқушыларды мадақтау,бағалау.
VI.Үйге тапсырма:
1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.
2. Оқулықтардан Абайдың бір қара сөзін табу,жаттау.
Бағалау.
Рефлексия.
Смайлик бойынша бағалау.