Сабақтың тақырыбы | Алып бала |
Мақсаты | Ардагерлеріміз бен балуандарымызды ажырату, оқушыларға мәтін, мазмұнын меңгерту. Қ,Мұңайтпасов жайлы мәлімет беру. Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту. Шыдамдылыққа, қиыншылықта көмек көрсетуге, бауырмалдыққа тәрбиелеу. |
Табыс критерийлері | Ардагерлеріміз бен балуандарымызды суреттер арқылы ажыратады. |
Негізгі идеясы | Ердің атын еңбек шығарады |
Оқыту нәтижелері | Жаңа мәтінді меңгереді, мәтінді түсініп мазмұндайды |
Әдіс-тәсілдері | Жекелей, жзұптық, топтық |
Сабақтың көрнекілігі | Суреттер, түрлі-түсті маркерлер |
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
| Менің жүрегім ақ Менің жүрегім адал Менің жүрегім мейірімді Менің жүрегім жақсылыққа толы Ал, балалар осы адал, мейірімді, жақсылыққа толы жүрек жылуын үрлеп, достарымызға сыйлаймыз.
| Бір-біріне тілектер тілейді. |
| Топқа бөліну. «Алғырлар» тобы «Білгірлер» тобы «Тапқырлар» тобы
| Өз ұрандарын айтады |
| Үй тапсырмасын сұрау Мәнерлер оқиды Сұрақтар қою Әлияның туған жері
Анасы қалай еркелеткен? Әлияның анасы қайтыс болғанда ол неше жаста еді? Неше жасында соғысқа аттанды?
|
Ақтөбе облысы, Қобды ауданы «Ақмоншағым»
8 жаста еді 16 жасында |
| Жарайсыңдар, балалар, Әлия туралы толық меңгеріпсіңдер. Мына жерде сандар жатыр, сол сандарды өсу ретімен қойсақ, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
10 20 30 40 70 80 90 100
А Л Ы П Б А Л А
| Сандарды өсу ретімен қояды. |
| Біз бүгін Қалмахан Әбдіқадыровтың әңгімесімен танысамыз. Ең алдымен, ақынның өміріне қысқаша шолу жасасақ.
| Әңгімені тыңдайды. |
| 1-топ: Қажымұхан Мұңайтпасов 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысы, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Ол классикалық күрес түріне қызыққан. 2-топ: Ол қазақ халқының тарихындағы тұңғыш балуан. Ол жер шарын аралап, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль алған. 3-топ: Ол бүкіл әлемнің атақты балуандарымен күреске түскен. Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан жіберген ақшаға ұшақ жасалған. | Оқушылар жауап береді. |
| Әңгімені түсініп оқимыз, мәтін бойынша түсінгендерін айтады. Мәтін топтарға бөлініп беріледі. | Мәтін бойынша түсініктерін айтады. |
| Топтық жұмыстар. 1-топ: мәтінне алынған тірек сөздердің мағынасын ашу. 2-топ: мәтіннен сөздер беріледі, 1 минут ішінде жаттап, есте қалғандары дәптерлеріне түсіреді. 3-топ: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі. | Оқушылар топтасып жұмыс жасайды. |
| Сергіту сәті. Шығу үшін шымыр боп, Шынығамыз шаршамай. Бұлшық еттер шымыр боп, Аламыз сосын тыныш жәй. | Сергіту сәтін жасайды. |
| Дәптермен жұмыс. Ерлік, батырлық тақырыбында мақалдар жаздыру. | Мақалдар жазады. |
| Сөзсандықтағы сөз: Оқыра тиіп – сона тәрізді жәндік шағу. Құзар жар – биік жар. Торығып – түңіліп, ренжіп.
| Сөзсандықтағы сөздердің мағынасын айтады. |
| Суретпен жұмыс. Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың? Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың? Суреттегі адамның ісіне көзқарасыңды білдір.
| Араларынан спикер дайындайды, сол оқушы сұрақтарға жауап береді. |
| Сабақты қорытындылау. Балық ойыны арқылы. Нақыл сөздегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою. 1 ..... есімі - ел есінде. 2 Еліңді сүйсең - ...... істейсің. 3 Батыл болмай, ....... болмайсың. 4 ........ адам өлімді жеңеді. 5 Тәуекелге бел буған адамды ........ билемейді. 6 ............ қол бастамайды. | Оқушылар «Балық» ойыны арқылы, көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қойып, мақалдарды құрастырады. |
| Бағдаршам әдісі бойынша рефлексия. Үйге тапсырма. Қазіргі батырлар тақырыбында эссе жазу.
| Сабақтан алған әсердерін стикерлерге жазып, бағдаршамға іледі. |