Ашық сабақ жоспар тақырыбы “Түбірлес сөздер”

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


3 сынып

Сабақ: қазақ  тілі

Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздер

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтіге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Дамыта оқыту

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

51-жаттығу,129 -бет. Жұмбақты шешу, жұмбаққа жауап болатын сөзге түбірлес сөз болатын сөздерді көшіріп жазу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

52-жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жазу,мағынасын түсіндіру: өнер, өнерпаз, өнерлі. Неліктен бұл сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

53-жаттығу. Нұрхан Жанаевтың өлеңін оқу, жаттау, жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

54-жаттығу. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Түбірлес сөздерді табу, басқа түбірлес сөздермен толықтыру: ән, әнші.

55-жаттығу.Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірімен түбірлес сөздер айта отырып жарысады.Мысалы: білім, білімді, білгіш; сый, сыйлы, сыйлық; сән, сәнгер, сәйқой.

56-жаттығу. Артық сөзді табу:

1. Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен.

2.Тәрбие, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелі, тәрбиеле. Неліктен сол сөздерді артық деп есептейсің?

Ол сөздердің мағыналары бір-біріне жақын ба?

Білгішбектің айтқанын оқу, түсіну, есте сақтау.

ҮІ.Бекіту:57 -жаттығу. Сызбамен жұмыс. Сызбаға сүйене отырып, шаңғышы сөзінің қалай жасалғандығын түсіндіру. Шаңғы – түбір, шы – жұрнақ.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағынасы жақын сөздер бір сөз табынан болады ма? Түбірлес сөздер неліктен әр түрлі сөз табынан бола береді? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 58-жаттығу, 131-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау