Лепті сөйлем 2 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Лепті сөйлем

Мақсаты: 1.Сөйлем түрлерімен таныстыра отырып, лепті сөйлем туралы түсінік қалыптастыру. Лепті сөйлем құрасытыра білуге үйрету

2. Оқушылардың сөйлем құрау, әңгімеле құрай білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенге құрметпен, кішіге ізеттілік көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: смайликтер, слайд, кеспе қағаздар

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, салыстыру, сәйкестендеру, әңгімелеу.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Көркем жазу

Л л Л л

Менің ала лағым бар.


3. Негізгі бөлім

-Ерте, ерте, ертеде Қазақ тілі деген үлкен қала болыпты. Ол қалада көптеген ғимараттар, көптеген көшелер, көптеген көліктер, биік-биік үйлер болыпты. Біздер сол қалаға саяхатқа шығамыз. Ол ұшін біздерге үлкен автобус керек. Автобусқа міндік, енді біз қала көшелерімен жүріп келе жатқанда, автобус қайда тоқтайды?

-Аялдамаға.

-1-аялдама «Сөйлем» деп аталады екен:

Сөйлем деген не?

Сөйлемнің неше түрі бар?

2-аялдама «Хабарлы сөйлем» деп аталады.

Хабарлы сөйлем деген не? Ережесін атады.

Жұмбақ.

Мінсең желдей еседі,

Көңілің таудай өседі.

Алып ұшар алысқа

Ер қанаты” деседі. Бұл не?

Жылқы сөзіне хабарлы сөйлем құра. 3-4 бала

3-аялдама «Сұраулы сөйлем» деп аталады.

Сұраулы сөйлем деген не? Оның тыныс белгісі

Жұмбақ.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. Бұл не?

-Қарлығаш.

Қарлығаш деген сөзге сұраулы сөйлем құра.

Келесі аялдамамыз «Лепті сөйлем»деп аталады.

Ол үшін ортаға лепті сөйлем аялдамасында тұрған адамдарды ортаға шақырайық. (2 оқушы лепті сөйлем туралы тақпақ айтады)

Лепті сөйлем туралы мұғалім түсіндіріп өтеді.

185-жаттығу. Өлеңді рөлге бөліп оқып, көтеріңкі дауыс ырғағымен айталған сөздерді тап.

Балақай

-Бүлдірген тереміз, балақай.

-Алақай!

-Ат жарыс көреміз, балақай.

-Алақай!

-Айға ұшып барамыз, балақай.

-Алақай!

-Кел, ағаш жарамыз, балақай.

-Әй, ата-ай!


Сөйлемдер соңындағы тыныс белгілерді талдау.


5-жаттығу. Логогрифті оқы.

Көңіліміз ақ,

Қуанатты шақ.

Жерге қонды ұшақ,

Қарсы ал, жайып құшақ.


Қарамен жазылған сөздерді неше дыбыс, неше әріп бар?


Сөздердің мағынасы өзгерді.

Ақ-шақ-ұшақ-құшақ


Тағы да қандай әріп жалғасақ басқа сөздер пайда болуы мүмкін?

Ақ-шақ-ұшақ-құшақ


Сөздерге әріптерқосылған сайын, мағыналары өзгере береді, жаңа сөз пайда болады.


Қосымша материал


Қай дыбыс әрпі аттық екенін анықта.

Қорытынды. Тест арқылы бекіту.

Бағалау. Сабақта белсенділік таныткан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. 4-жаттығу.