Сабақ тақырыбы: Менің отбасым
Сабақ мақсаты:
білімділік: лицеистердің отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
дамытушылық: «Шежіре» сөзінің мағынасын ұғындыру, олардың тіл
байлығын молайту, ойлау қабілетін арттыру.
тәрбиелік: лицеистерге Қазақстан Республикасының азаматтық
құқықтары туралы білімді дұрыс пайдалануға үйрету, адамгершілігі
мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу.
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау
3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау
4. Сабаққа дайындықты тексеру
5. Лицеистер назарын ұйымдастыру
6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтың 40 бетіндегі 10-тапсырмада берілген мақалдарды жаттау және туыстық атауларға қатысты сөздерге фонетикалық талдау жасау.
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», – десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Сөздік
бауырмалдық – отзывчивость
мейірімділік - жалостливость
ата – дедушка
әже – бабушка
әке – отец
шеше – мать
аға – старший брат, дядя
әпке – старшая сестра, тётка
іні – младший брат, братишка
қарындас – младшая родная или двоюродная сестра
жезде – зять
жеңге – жена старшего брата
келін - сноха, невестка
мазар - могила
— Оқушылар сіздер отбасы туралы қандай мақал білесіңдер?
Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ.
Ана-отбасының ұйтқысы,
Әке-шаңырақ иесі.
Ата-балаға сыншы.
Әкеден ақыл,
Анадан мейір.
Ақылды қария,
Ағып жатқан дария.
Ағайын алтау,
Ана біреу.
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Әке, Ана, бала-бәрі бірігіп жанұяны құрайды. Оны жанұя деп атаймыз. Арқамызды тірер асқар тау-әкеміз,қорғаныш, сүйінішіміз болар анамыздан және сендер сияқты балалардан басқа жанұяда тағы кімдер болады?
— Туыстар болады.
Олар кімдер?
Қарт ата, қарт әже, ата, әже, аға,іні, апа,қарындас т.б.
Енді назарларыңды мына ағашқа аударыңдар. Бұл шежіре ағашы. Шежіре ( летопись) дегеніміз халықтың шығу тегі, ұрпақтан-ұрпаққа тарауы, ата-баба тарихы деп те айтуға болады. Осы ағашта көрсетілген ата-бабамыздың таралуы жайында лицеистер айтып береді.
Әке – отец
Бала – дитя, мальчик, ребенок
Немере – внук
Шөбере – правнук
Шөбшек – праправнук
Туажат – поколение
Жүрежат – поколение
Жегжат – родственники
Жұрағат – родичи, потомки
Әке-балалы болған ер адам
Бала-ата-ананың перзенті, ұрпағы
Баласының баласы- немере
Немеренің баласы- шөбере
Шөберенің баласы – шөпшек
Ал шөпшектің баласы- немене
Туажат-неменеден туған бала
Жүрежат-туажаттан туған бала
Жегжат-жүрежаттан туған бала
Жұрағат-жегжаттан туған бала
ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Менің отбасым тақырыбында әңгіме жазу.
V. Қорытындылау.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
VI. Бағалау.