II. Негізгі бөлім. Әр топ Алтын Адам туралы аңыз әңгімеге тоқталады.
Бала ержетіп, қол бастайды. Сақтардың көсемі болады. Талай соғыста жеңіске жетіп, батырлығы елден елге жайылады. Ол ешкашан жеңілмейтін Алтын Адам деген атқа ие болады.
Бірде ол ай десе, аузы бар, күн десе, көзі бар қызды көріп, ұнатып қалады. Мұны білген ата- анасы үйлену тойын жасамақ болып, әзірлене бастайды. Бірақ ел шетіне тағы да жау тиіп, Алтын Адам әскерін бастап, жорыққа аттанады.
Зергер досы оның тойға киетін киімдерін пішіп,тігіп алтыннан неше түрлі зер салып әзірлей береді. Ал Алтын Адам жауды жеңіп, аласқа қуып тастайды. Соғыстан әбден шаршаған Алтын Адам сарайына жетісімен жеті күн, жеті түн бойы ұйықтайды.
Ол оянғанда, зергер досы ұлы жеңіспен құттықтап, тойға киетін киімдерін алдына қояды.
- Жарайсың, досым! Мен бұл киімдерді киермін- кимеспін, бірақ халқымыздың өнеріне тұнып тұр екен. Түбі ұрпақтан- ұрпаққа жететін жақсы ескерткіш болар.
Алтын киімді адамды Жетісі жерінде, Есік қорғанынан археолог Кемел Ақышев тапқан.
Зерттеушілердің пікіріне тоқталу. Алтын Адам б.з.б. VII - III ғасырларға ерте темір дәуіріне жатады.
Сақ көсемінің кимі 4000-ға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Қолында екі алтын жүзік, белінде құрастырмалы кісе белбеуі болған. Алтын пластиналар жапсырылған. Қынапқа салынған темір қанжар, қызыл қынапты ұзын семсері табылды. Бұл Алтын Адамды жерлеу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол заманда Жетісу жерін мекендеген сақтардың жас көсемі, әскер басы болғанын білеміз. Алтын Адам сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.
Қазіргі таңда осы Алтын Адам бейнесі Қазақстан егемендігінің символына айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр.
Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың Елтаңбасынан орын тапқан.
Шығыс Қазақстан облысының Шілікті аңғарынан Қазақстан аумағындағы б.з.б. 8 ғасырға жататын ең көне патшалық жерлеу орны табылған.
Атырау облысының Жылыой ауданы Аралтөбе қорымынан сармат тайпасының ғажайып ескерткіші табылған. Аралтөбе қорымында қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған көсем жерленген.
Қорытындылау. Топпен жұмыс.
I. топ.
1. «Алтын киімді» адам қай жерден,қай жылы табылды?
2.«Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым-археолог кім?
3. Сақ жауынгері мүрдесі басы қай жаққа қаратылып жерленген?
II. топ.
1. Қабірдің қай бөлігінен ыдыстар, зергерлік бұйымдар табылды?
2. «Алтын киімді» адам қанша алтын әшекейлермен жабдықталған?
3. Қабірден табылған қолөнер заттары қандай стильде бейнеленген?
III. топ.
1. Алтын адамның жасы нешеде болды?
2. Сақ жауынгерінің бас кимінде не бейнеленген?
3. «Алтын киімді» адам зерттеушілердің пікірі бойынша қай дәуірге жатады?
I. топ.
Тест шешу.
1. «Алтын киімді» адам қай қорғаннан табылды?
А) Күлобадан Ә) Есік қорғанынан
Б) Берелден В) Қаратаудан
2. Есік қорғанынан табылған Алтын Адамның бас кимінде не бейнеленген?
А) Зерттеушілердің пікірі бойынша Алтын Адам б.з.б қай ғасырларға, қай дәуірге жатады?
А) Б.з.б V-IV ғ ерте темір дәуірі Ә) Б.з.б V-VI ғ қола дәуірі
Б) Б.з.б VII-VI ғ тас дәуірі В) Б.з.б VIII-VII темір дәуірі
3. Есік қорғанынан табылған Алтын Адамның жасы нешеде болған?
А) 20-25 жас Ә) 25-30 жас
Б) 17-18 жас В) 10-15 жас
II. топ.
Кестемен жұмыс.
«Алтын киімді адам»
III. топ. Алтын Адам бойынша аймақ құру.
«Келісемін» , «келіспеймін» пікірлерін бөлісу.
1. Алтын Адам болады
2. Алтын Адамнан басқа батырлар бар
3. Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге
4. Алтын Адамның айтқан сөзі орындалды, шындыққа айналды
5. Алтын Адам: Қазақ халқының ұлттық мақтанышы
Келісемін Келіспеймін
Батырлық, ерлік туралы мақал- мәтелдер айту.
Үйге тапсырма:
Алтын Адамның бейнесін бейнелеу.