Сабақ жоспары: Сабақтың тақырыбы: Таулар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дүниетану 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Таулар

Сабақтың мақсаты:

  • Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын таныту. Таудың түзілу жолдарымен таныстыру. Адамның тауды пайдалану жолдары.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз беттерімен іздене білу дағдыларын дамыту. Электронды оқулықпен жұмыс жасауға машықтандыру. Картамен жұмыс.

  • Туған елінің әсем табиғатын сүйе білуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Интерактивтік тақтада слайдтар. Оқушылардың кіші ғылыми жұмыстары. Қазақстанның физикалық карта.



Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Табиғат суреттері.

  • Табиғат туралы бір-екі ауыз сөз (әр оқушы)

  • Табиғаттың кереметі

  • Табиғатты аялайық!

  • Қорғайық!

  • Таза ауа, мөлдір суы біз үшін

  • Неткен сұлу неткен көркем ,осы менің туған өлкем!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Жазық дала Төбе Жыра Жазық

Жазық деп нені айтады?

Жыры неден пайда болады?

Жыраның сайдан қандай айырмашылыға бар?

Жазық жерлер шаруашылық үшін қолайлы.

Елді мекендер, егін егіледі, жол салынады.

Қазақстанның физикалық картасы.

Кім білгіш?

Жасыл түс – ойпатты жазықтар.

Сарғыш түс – қыратты жазықтар.

Қоңыр түс – таулар.

ІІІ. Жаңа сабақ: Таулар.

Биік тау Аласа тау

Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы.

Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.

Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.

Аласа таулар Сарыарқада көп.

ІV.Ғылыми зерттеуге сүйенсек

Қарқаралы өңірі: Қарқаралының тау сілімдері әсем табиғи ерекшелігімен әркімді қызықтырары сөзсіз.

Қарқаралы облыстың оңтүстік шығысындағы тау аты. Таудың ұзындығы – 40 шақырым. Ені 20-25 шақырым. Ең биік жері – 1338 метр.

Алатауда үнемі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау жүйесі.Биіктігі – 3500 – 4000 метр. Ол шығыс және батысқа қарай төмендеп аласа таулармен жалғасады.Бұл жердің табиғаты өзгеше. Үнемі күшті жел соғады. Тау ішінде бұлақтар, сарқырамалар, мөлдір таза көлдер, ағысы жылдам өзендер кездеседі.

Ұзындығы 40км- 40000метр.

Ені 25км – 25000метр.

Биіктігі 1338метр – 133800см.

V.Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқу.

Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады.

Кіші Алматы шатқалында Медеу мұз айдыны жоғарырақ Шымбұлақ тау шаңғысы курорты бар.

Медеу мұз айдыны: Медеу спорт кешені, ондағы мұз айдыны бүкіл әлемге әйгілі. Мұнда коньки тебу жөнінен халқаралық жарыстар өтіп тұрады.

Қазақстанның туын көкте желбіреткен – Азиада-2011

  • Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ таушаңғы орталығы қайта қалпына келтірілді.

  • Қазақстандық спортшылар Азиадада биік нәтижелерге қол жеткізді.

  • 70-медаль оның ішінде 32-алтын, 21-күміс,17-қола медальді жеңіп алды.

  • Азиада-2011 ойындары Қазақстан үшін маңызды оқиға болды.

  • Дүние жүзі Қазақстанның спорттағы жетістіктерін көрді.



Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады.



гранит әктас құмтас

VI.Сергіту сәті.

Ақындар таулар туралы жыр жолдарынан

Таулар туралы мен не білемін?

Алатау

Таулардың пайдасы:

  1. Тау – дем алуға қыдырып танығуға таптырмайтын орын

  2. Таудағы жайлауда мал жайылады

  3. Шипажайлар: Көкшетауда,Баянауылда,Қарқаралы тауларында

  4. Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсірілді

  5. Медеу спорт кешені, ондағы спорт кешені әлемге әйгілі

VІI.Сабақты бекіту:

1. Жазықтар бөлінеді:

А. Таулы және қыратты;

В. Тегіс және төбелі;

С. Гүлді және орманды;

2. Бетінде төбе көп кездесетін жазық қалай аталады?

А. Таулы жазық; В. Төбелі жызық;

С. Гүлді жазық

3. Тау неден түзіледі:

А. Топырақтан;

В. Судан;

С. Граниттен.

4. Қазақстанның таулары:

А. Тянь-Шань

В. Памир;

С. Қарқаралы таулары

VIIІ. Үй тапсырмасы:

  • Таулар тақырыбы бойынша мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.

  • Таулар туралы қосымша деректер жинау.

  • Таулардың суретін салу.

IX. Бағалау.