Зертханалық жұмыстың жоспарын құрастыру, талқылау Мақсатты анықтау Болжам жасау ЗЖ жүргізу жоспарын құру Құрал-жабдық таңдау Қауіпсіздік ережесін орындау Өз бақылауын жазу н/е сурет салу Болжамды тексеру, қорытынды жасау
Бағдарлау әдісі: бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау. Бағдарлаудың екі түрі бар: а)белгілі жерді бағдарлау - белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ,үйреншікті дағды арқылы жүреміз. ә)белгісіз жерді бағдарлау - белгісіз жерде жүру, жолды дәлме-дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі. Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды. Солтүстік пен белгілі бір затқа дейін жүретін жол арасындағы бұрыш азимут деп аталады. Азимут арабша ас-сумут –жол деген мағына береді. Азимут А әрпімен белгіленеді. Азимутты анықтау үшін тақтаға шеңбер сызылады. Оқушылардан шеңбердің градустық шамасын сұрау.(360°) Шеңбердің әр бөлігін 90°–тық бұрышқа тең екендігін және берілген азимутты шеңбердің қай бөлігінен іздеу керектігін ұғындырамын да,азимутты өлшеп көрсетемін.Яғни,275ºІV бөліктен,С-Б-тан табу,200 ºІІІ бөліктен,О-Б-тан табуға болады. Тақтаға азимутты транспортир құралымен сызып көрсетемін. Азимут бағыты үнемі сағат тілінің бағытына сәйкес келеді. |