Математика 4 сынып Дөңгелек және шенбер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Математика 4 сынып

Сабақтың тақырыбы : Дөңгелек және шеңбер. Радиус және диаметр.

Сабақтың мақсаты : жаңа ұғым енгізу:радиус, диаметр, дөңгелек және шеңбер айырмашылығын байқату, берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету; өтілген есептеу тәсілдерін бекіту; есеп шығару дағдыларын же-

тілдіру.

Сабақтың әдісі : салыстыру, сарамандық жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі : циркуль, карточкалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Математика –толған тәртіп, теңдеу мен өрнектер,

Математика – толған заңдылық, қызық есептер,

Математика – толып жатқан терең сыр,

Математика – шексіз дария бейне бір.

Міне, математика шексіз дария болса, біз бүгінгі сабағымызда жаңа ұғыммен танысамыз.

Қызығушылықты ояту.

Математикалық жұмбақ.

Мен бір геометриялық пішін ойладым. Оның төрт қабырғасы, төрт

бұрышы бар, барлық қабырғалары тең. Бұл қандай фигура? ( Шаршы )

Төрт бұрышы бар, қарама-қарсы қабырғалар өзара тең. Бұл не?

( Тіктөртбұрыш )

Төрт қабырғасы тең, төрт бұрышы бар – 2 бұрышы сүйір, 2 бұрышы

доғал. Бұл қандай фигура? ( Ромб )

Ортасы нүкте, тұйықталған шекара. Бұл не? ( Шеңбер)


Жаңа сабақ

А) Сарамандық жұмыс :

1. Тіктөртбұрышты сыз, ұзындығы 6 см, ені 3 см.

Сызу үшін нені қолдану керек? (сызғыш).

Сызған фигураның периметрін табу керек. Қандай формула бар?

Р = а + в + а + в Р = а * 2 + в * 2 Р = ( а + в) * 2

Егер тіктөртбұрыш емес, шаршы болса периметр қалай табылады?

Р = а * 4

2.Дөңгелек сыз.

Сызу үшін нені пайдаланады? (циркуль)

Екі түрлі дөңгелек сызып, біреуі бояп, екіншісін сол күйінде қалдыр.

Айырмашылығы неде?

Біреуі домалақ пішін, екіншісі тұйықталған сызық.

Тұйықталған сызықты шеңбер деп атайды .

Циркуль сызғанда ине қандай із қалдырады? (нүкте).

Бұл нүкте қай жерде орналасқан? (ортада)

Бұны шеңбердің (дөңгелектің) центрі дейді. Әдетте оны әрпімен белгілейді.

Центрге қарама-қарсы шекарасына В нүктесін белгілеп, екі нүктені қосыңыз, не пайда болды? (ОВ кесіндісі)

Кесіндіні өлше, центрден шеңберге дейінгі арақашықтықты радиус деп атайды.Белгісі – r.

Енді В нүктесіне қарама-қарсы А нүктесін белгіле, екеуін сызу арқылы қос.

Неше сантиметр болды?

ОВ мен АВ кесінділерінің ұзындығын салыстыр.

Не байқадың? (ОВ 2 есе қысқа, АВ 2 есе ұзын).


Шеңбердің центр арқылы өтетін, шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндіні диаметр деп аталады. Белгісі – d.

Дөңгелек, шеңбер неге ұқсайды? (Сағатқа, көлік дөңгелектеріне)

Бұл пішіндер техникада кездеседі. Техниканы меңгеру үшін геометрияны білу керек екен.

Ендеше төрт жол өлеңмен қорытындылап қояйық.

Центрі О – тұйық сызық шеңбер,

Центрден шеңберге дейін радиус керілер.

Диаметр екі радиусқа теңелер,

Дөңгелек шеңбермен шектелер.

Ә) Тақырыпты пысықтау.

2,3 (96 бет)

Өткен материалды қайталау.

4 (1,2, баған)

5 (есеп бойынша өрнек жазу)

а) V = 7 м/с 25 мин = 1 500 с 1 сағ = 3 600 с

S = V * t

t1 = 25 мин S1 = 10 500 м

t2 = 1 сағ S2 = 25 200 м

S = ?

ә) P = c * 4 S = c * c

б) V = а * в * 50 см

в) 7 * 8 * 50 = 56 * 50 =2 800 (7*50*8= 350*8=2 800 8*50*7 = 400*7 = 2 800)


6 465 * 7 + 159 = 3 255 + 159 = 3 414 моншақ қажет

7 V = 50 * 40 * 30 = 60 000 см3

6 * 4 = 24 ( барлығы 24 кітап қоюға болады)

24 – 19 = 5 (әлі 5 кітап қою керек)


Қорытынды . Бағалау.

Үйге тапсырма : № 4 (3,4 баған)