План па казак эдебиетi

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



[pic]


Сабақ жоспары


Сабақ: «Төрт түліктің кеңесі»

Мектеп: «№7 орта мектебі» КММ

Күні: 20.10.15.

Оқытушының аты-жөні: Р.М.Ахметова

Сынып: 2 «Ә»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар:1

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түлік түрлері мен атауларын енгізу және әр топтың қорғауларына жағдай туғызу мен олардың түрлері жайлы түсіне отырып, сыни тұрғыдан ойлауы мен есте сақтауы, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаттары

Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.

Постер арқылы алған білімдерін тиімді әрі ретімен түсінікті етіп орналастырып, жұмыстарын қорғайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар ойын ашық айтады, сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры дамиды. Дарынды және талантты оқушылар суырылып алға шығады. Нақты оқулықтағы білім мен қосымша және өз бетімен меңгерген білімдерін ұштастырады Өмірде болып жатқан байланысты іс жүзінде түсінеді.


Алдыңғы білім

Оқудағы қиындықтар мен мәселелерді шешу. Сабақтың талаптарын орындау барысында өз жетістігін көру. Рөлді сезіне білу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

2 мин




















Білу

6 мин



Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым,    - 1 топ

Қайырлы күн болсын.    -2топ

Сәрсенбінің әр кезі,      -3 топ

Сәттілікке толсын.         -4 топ

Біздің алар бағамыз,      -бәрі

Кілең бестік болсын.     -бәрі

Төрт түлік пірлерінің суреттері арқылы топқа бөлемін.(топ басшыларын сайлау, топ басшысына бағалау парағын беру, топ ережесін айту)

Топ ережесі:

1.Тәртіп сақтау;

2.Уақытты тиімді пайдалану;

3.Топ басшысына бағыну;

4.Басқаның пікірін тыңдау;

5.Ұйымшылдық көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру: Модуль 1,

әдісі «Диалогтық оқыту»

- Оқушылардың ата-аналарынан алынған сауалнамаларын жұппен талқылау.

-Үйге төрт түліктің пайдасы жайлы біліп келу тапсырылды?
Үй тапсырмасын пысықтау: Модуль 2,

әдісі «Ортадағы қаламсап»

Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинайды. Мұғалім қай қаламсапты таңдаса, сол қаламсаптың иесі сұраққа жауап береді.

а) «Сен – маған, мен – саған»

1 -Үлек дегеніміз не екен қане, үлекке сипаттама беріп көрейік.
- Үлек - жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбары сұмдық, кісіге шабады,айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейді
Еңбегі өте зор, ауыл түйелерін бағады.
2.- Түйе жейтін қандай шөптердің аты айтылған?( изен, жусан ,алабота, ащы қурай, теріскен, шеңгел, жантақ ) Тағы да қосуға бола ма?.
3. –Түйенің төлін қалай атайды?

4. –Түйенің пайдасы қандай ?

ә) «Сен білесің бе?»

6 НЕЛІКТЕН ?

Неліктен ? мал өз бетінше өмір сүрмейді?

Неліктен? адамдар малды өсіреді?

Неліктен ? малға қысқа шөп жинайды?

Неліктен ? түйе жыл басынан құр қалды?

Неліктен ? түйенің жүнінен неге шұлық тоқымайды?

Неліктен? Қайсы түйе өтеді деп ойлайсың?

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең өтіп шықты: Ол қай түйе?

Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады












Топ ережесін пайдалану






Түйе туралы ізденістерін жұмыстарын тақтаға іледі










Ортасы

Түсіну

3 мин

















2 мин





5 мин








Қолдану

5 мин






























1 мин

9 мин













Жаңа сабаққа әзірлік. Модуль 2, әдісі Ассосация,

«Миға шабуыл»

Кім зерек? Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?

(Түйе, ешкі, сиыр, мысық, жылқы, ит, аю)

Не артық? Неліктен?

(Лақ, құлыншақ, қозы, бұзау, түлкішек)

Кестемен жұмыс.

Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?»

[pic]


Ондай болса қазір біз «Ойна да, ойла! » деген ойын ойнайық. Ол үшін берілген сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

Жаңа сабақ. Модуль 1 , әдісі (диалогтік оқыту)

Оқулықты пайдалана отырып, сұраққа жауап беру. Мәтінмен жұмыс.

Жұптық жұмыс Ассоциация

«Төрт түліктің төресі -түйе» (Суретпен жұмыс)

1 топ


Сәйкестендіру тест

2 топ

Суреттердегі жануарлардың қасында төлі бар,ал оларды қалай атайды

Сиырдың төлі -------------.

Жылқының төлі -----------.

Қойдың төлі ------------.

Түйенің төлі ---------------.

4 топ

Әр жануарға мінездеме беріп көрейік. Оқушылар өз ойларын айтады.

1.Түйе ---------------------------.

2.Сиыр ----------------------------.

3.Қой ------------------------------.

4.Жылқы -------------------------.

3 топ

Қазақта малды топтап жаятын болған.
Түйенің тобын – ....
Жылқының тобын - ….
Сиырдың тобын – …..
Қой - ешкінің тобын – … дейді.


  • Алған мәліметтерді туралы постер қорғайды.

Сергіту сәті:

Әуенге қимыл арқылы қозғалыс жасайды

Дәптермен жұмыс: Мәтіндегі осы сөздердің мәні

І топ: -Тұрмыс жағдайы төмен адам

ІI топ: - Еңбекқор адам

ІІI топ: - Батыл, өжет адам

ІY топ: -Шаруасы жақсы бай адам









Топ болып ақылдасу



Тақтадағы көрнекіліктерді пайдалану




































Оқулықты қолдану









А3 форматына сурет салу

Постер қорғау

«Қошақаным» әнін қосу

Дәптерді пайдалану



Соңы

Талдау


4 мин
















Жинақтау

3 мин








Бағалау

3 мин










1 мин

Жаңа сабақты қорытындылау. «Синкуин, эссе жазу»





Рефлексия пікірлерін жазып іледі.
«Төрт түліктің пайдасы» эссе жазу.



1топ: «Төрт түлік» тақырыбына ассосация құру

2 топ: Бес жолды өлең «Сиыр »

3 топ: Төрт түлік туралы мақал – мәтелдер айт

*Мал өсірсең қой өсір, 
Өнімі оның көл көсір.
*Қойдың сүті қорғасын,
 
Қойды ұрған оңбасын.

*Сиырдың — сүті тілінде.
*Тұлпар — ер қанаты.

Барлық топқа ортақ сұрақ:

-Сонымен, төрт түлік қандай жерді, қандай кісіні қалайды екен?

-Еңбекқор адамды, шөбі шүйгін жер.

-Ендеше ауылдағы кешкі көрініс туралы бейнеролик көрейік.

Рефлексия:

Конверт сұрақ. Конверттің ішінде сұрақтар болады. Әр топтағы оқушылар ақылдасып жауап беріп, конвертке салады.

  • Бүгінгі сабақта өзіңе не алдың?

  • Бүгінгі сабақта қанай тапсырмалар қиын болды?

  • Бүгінгі сабақта не ұнады? Қандай тапсырмалар қызықты болды?

Бағалау:

1)Барлық оқушы өздерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. [pic]

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

2) Топ басшысы ұпай сандарын есептейді, қорытынды бағаларын айтады.

3) Мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма:

Ітоп:-58-59 бет мәтінді сахналау. ***

ІІ топ: Қазақ халқында малды ұстап байлайтын жабдық атауларын біліп келу.****

ІІІ топ:-«Төрт түлік» туралы тыйым сөздер жазып келу.*****

IY топ:- Болжау аңыздар туралы біліп келу .******

ІІІ топ:-«Төрт түлік» тақырыбына шығарма жазу Тест құрастыру.





















Әр топқа түрлі түсті конверт беріледі


Сұрақтарды стикерлерге жазу








«Төрт түлік» бейнеролик көрсету











Оқушылар басбармақтарын көрсетеді









Топ басшысы бағалау парағын толтырады



Күнделікке жазу