Тәрбие сабағының тақырыбы: Менің елім – Қазақстан.
Тәрбие сабағының мақсаты: оқушыларға Қазақстан,оның бас құжаты Ата Заңымыз, тәуелсіздігіміз , егемендігі , дамуы туралы ұғымдыру;
Оқушылар өз тәуелсіз елін сүюге, қадырлеуге, өз елімінің патриоты болуға баулу;
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, презентация көрсетілімі;
Өткізу түрі: сұрақ- жауап, ойын
Тәрбие сабағының барысы:
Ұйымдастыру
Сұрақ- жауап
Ойын
Қорытынды
Тәрбие сабағының барысы:
- Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата- аналар, оқушылар бүгінгі жаңа оқу жылы басталуымен құттықтаймың!
- Сіздерге зор денсаулық,қажымас қайрат, мол бақыт тілеймің.
Қадамдарың аттаған сәтті болсын!
Мектептің сендерменен көнілі толсын.
Мектептің алға татар тіреуі боп,
Жарқыраған алдарыңда ақ жол болсын.
- Ал, балалар, бірінші тәрбие сабақты бастайық.
ӘҢҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ
1 оқушы:
Отан – жерім,
Отан –суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сіздердің туған жеріңіз қай ел? ( Қазақстан Республикасы)
Сіздердің өз елініз алдында қандай міндеттеріңіз бар? (туған жерді қорғау, қадірлеу)
Ерлік деген не? ( Туған жерді қорғап, қадірлеу – ерлік. Жақсы оқып, еңбек етсең – бұл да ерлік.)
Жақсы оқимыз ба? Ия
Еңбек етеміз бе? Ия
Ал, енді балалар ойын ойнайық. Пазл жинауды білесіңдер ме? Ия
Ойының ережесі осындай.Пазл жинау үшін сендерге оның бөлшектері керек. Әр бөлшегінде өз тапсырмалары бар. мен сендерге сыйлық ретінде беремін. Ал сендер сыйлық алу үшін тапсырма орындайсындар немесе сұрақтарға жауап бересіз.
1 бөлшек :
* Асанда 3 машина бар, Есенде де сонша машина бар. Есенде қанша машина бар?
* Самалда 4 қуыршақ болды. Оның туған күніне тағы 3 қуыршақ сыйлады. Самалда барлығы неше қуыршақ болды?
*Ұлттық аспап (домбыра)
*Қазақстан Республиканың жаңа астанасын атаңыз? ( Астана)
*Республикамыздың рәміздері қандай? (ту ,әңұран, елтаңба)
*Отан оттан да - .....(ыстық)
*Туған жер – алтын .... (бесік)
*Қазақстан Республиканың мемлекеттік тілі қандай? (қазақ тілі – ана тіліміз)
*Қасиетті тағам? (нан)
*Республикамыздың тұнгыш президенті (Нұрсұлтан Назарбаев)
Ал, бұл не деп ойлайсындар? Нені жинадық? Картаны
Қандай елдің картасы? (Қазақстанның)
Мынау балалар Қазақстан жеріміздің кішірейтілген нұсқасы.
Оқушы:
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан үлкен.
Қазақстан – туған ел! (Марьям)
Презентация көрсету 1 слайд
Біздің елімізде 30 тамызда мемлекеттік мереке өтті. Кім біледі ол қандай мемлекеттік мереке? (Контитуция – Ата Заң мерекесі) 2 слайд
1995 жылғы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.біздің елде әр азаматтың құқы мен міндеттері бар. Оның бәрі Конституцияда жазылған. Бұл Ата Заңымыз. Ата Заңымыз бойынша біздің білім алуға , денсаулығымызды сақтауға толық құқымыз бар. Осы жылы еліміз Қазақстан конституциясының 20 жылдығын атап өтті. Бұл күні концерттер ұйымдастырылады , кешкісін жұрт отшашуды тамашалайды. 3 слайд
Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. Еліміз егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. 4 слайд
Көгілдір туы достық қарым қатынастағы елдерде желбіреп тұр. 5 слайд
Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елордасы Астана қаласы. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болып саналады. 6 слайд
Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. 7 слайд
Мемлекеттік Әнұранымыз дүниежүзінің әр қиырында қазақ тілінде шырқалады. Бұл біздің жүрегімізді мақтаныш сезіміне бөлейді. Біз ана тілімізді арадақтаймыз. 8 слайд
Алтын Заңда парасатым, пайымым,
Алтын Зағда күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
Балалар бүгін не тұралы өттік?
Нені білдіңдер?
Осы тәрбие сабағынан алған әсерлерін қандай?
Көнілдерің жақсы болса осындай смайликтың суретын саласындар,көнілдерің жабырқалы болса осы смайликтың саласындар.
Құттықтау сөзі ата- аналарға беріледі.
Өз атымнан шағын сыйлығым бар.
Енді балалар бір қатарға тұрып ән айтайық «Әрқашан күн сөнбесін».
* Асанда 3 машина бар, Есенде де сонша машина бар. Есенде қанша машина бар?
* Самалда 4 қуыршақ болды. Оның туған күніне тағы 3 қуыршақ сыйлады. Самалда барлығы неше қуыршақ болды?
*Ұлттық аспап (......)
*Қазақстан Республиканың жаңа астанасын атаңыз?
*Республикамыздың рәміздері қандай? (........)
*Отан оттан да - .....(.......)
*Туған жер – алтын .... (......)
*Қазақстан Республиканың мемлекеттік тілі қандай? (.........)
*Қасиетті тағам? (......)
*Республикамыздың тұнгыш президенті (.......)
№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің елім Қазақстан!»
Мектеп директоры: Б.Ш.Жұмабекова
ТЖДО: З.Р.Шакаргалиева
Орындаған: Смаилова Г.И.
Сынып: 1
2015-2016 оқу жылы