«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жол тәртібін есіңе сақта!
Саргаскаева.Г.Н.
Тақырыбы: Жол тәртібін есіңе сақта!
Мақсаттары; Жолда жүру ережелері туралы түсінік беру.Бағдаршамның атқаратын қызметтерімен таныстыру; Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту; Баланы зейінді ,болуға, сақтыққа тәрбиелеу.
Сабаққа көрнекілігі; түрлі-түсті суреттер,
Әдіс-тәсіл; Көрнекілік, қойлымы, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
Сахналық көрініс: «Абайла жас дос»
1 көрініс
Көше қиылысы. Адамдар мен машиналар ары бері өтіп жатыр.Бір уақытта машинаның даусы естіледі. Баланың жолда доп ойнағанын көреміз.
Жол инспекторы
Балақай, мұның не! Жол тәртібін білмеуші ме едің?
2 көрініс
Инспектор :
Дәрігер, қараңыз мына сұмдықты ,
Құтқарыңыз!
Жолда ойнады бұл мықты!!
Мед.бике:
Балақай, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Бала:
Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтаңыз , жанымды шыбындай.
Ойнадым дәл жолдың үстінде
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір сәттік ойынның кесірі,
Мінекей зиянын тигізді.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Әрдайым сақтау керек тәртіпті !
Бала.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
3 көрініс
Инспектор
Жол тәртібі кімге керек-Бірге ойланып көрелік,
Әрқайсының қылығына әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан.
Жол белгінің сырын ұғып көрелік.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып – қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты.
Міндеттеу белгісі :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Инспектор
– Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына
жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан
машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Жолдан өту тәртібін көрсетеді.
/Оқушы қалай өтетінін көр сетеді./
Инспектор
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.шешміз бе?
Балалар әрине шешеміз
Жұмбақ шешу:
Үш көзді батыр,
Жолыңды аңдып жатыр /Бағдаршам/
2. Көзін ашып -жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. /Бағдаршам/
4 көрініс
Ортаға бағдаршам шығады. Мұғалім.Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар
Бағдаршам
Менің үш көзім бар;
Бәр көзім”кідір” дейді,
Бір көзім”жүгір” дейді,
Бір көзім”абайла”дейді,
“Қарап қалма маңайға”дейді.
(Бағдаршам арқылы көшеден өтуді көрсету.)
1-ші оқушы.
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін.
2-шы оқушы.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
3-ші оқушы.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін,жасқанба!
Ән: « Бағдаршам»
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Инспектор:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Оқушы:
Көріп-тамашалағандарыңызға рахмет
Қорытынды.
Біздің өміріміз өз қолымызда.