Әдебиеттік оқу пәнінен:Ата-ананы құрметтеу туралы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:Ата-ананы құрметтеу туралы.

Қайқаус.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға мәтіннің мазмұнын ашып беру.

2.Оқушылардың үлкендерді сыйлай білу жөніндегі білгендерін толықтыру,сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.

3.Оқушыларды үлкенді сыйлауға,имандылыққа,кішіпейілділікке,қайырымды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:қанатты сөздер,мәтін үзінділері,жағдаяттар.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Өткен сабақты сұрау:Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»атты әңгімесін сұрау және үйде өздерінің жеті атасы жайлы мәлімет жыйнап келу.

Өткен сабақты бекіту және жаңа сабақпен байланыстыру.

Жаңа сабақ:Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.

Ой қозғау: «Қарттар үйі» сахналық көрінісінен үзінді көру.Оны сараптау.

1.Біздің өміріміздегі ең жақын адам кімдер?

2.Сіздер ата-анасын тастап кеткен адамның ісін қалай бағалайсыңдар?

3.Ата-ана баласынан үлкен үміт күтеді,ал баласы сол үмітін ақтады ма?

Бүгінгі жаңа сабағымызды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қанатты сөздерімен бастамақшымын. «-Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына,туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.»

Қабуснама-ертеде жазылған үгіт-насихатқа толы кітап.Оны жазған адамның есімі-Қайқаус.Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.

Оқушыларға мәтінді оқып беру және мазмұнын түсіндіру,мәтіндегі перзент,парасат,қаяу деген сөздердің мазмұнын түсіндіріп беру.

Мәтінді оқушыларға тізбектетіп оқыту.Оны үш бөлекке бөліп алып,әр бөлікке түсінік жасату.Балалардың түсінігін тыңдау.

«...Адамға ең бірінші білім емес,рухани тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.»деген еді Әл-Фараби атамыз.

Не істеуге болмайды? Балалардан жауап алу.

Не істеу керек? Балалардан жауап алу.

Жағдаяттар.Балаларға әр түрлі жағдаяттардан мысалдар келтіру және жалғасын өздеріне қалдыру.Балалардың пікірлерін тыңдау.

Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма:мәтіннің қалеген бөлігін жатқа айту.