№256 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Абуталипова Назира, Мамирова Бейсенкүл
Зерттеу бағдарламасы:
“Ата мұрасын сақтаймыз және көркейтеміз”
аудандық ғылыми жоба байқауы.
Секция: “ Сыр сүлейлері шығармалары”.
Зерттеу тақырыбы: “ Сыр сүлейі, жүрегі-жыр мекені!”.
Зерттеу өзектілігі: Ауыл келешегі мен бүгінін бағдарлау.
Зерттеу болжамы: Ауылымыздың сүлейлерінің шығармаларының өркендеуін зерделеу.
Зерттеу мақсаты: Манап Көкенов шығармаларын, ақындық қасиетін өскелең ұрпаққа таныту.
Зерттеу міндеттері:
а) Манап Көкенов өмірімен таныстыру.
ә) Тұрмыс –тіршілігін зерделеу.
Зерттеу кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Қажетті материалдарды жинақтау
ә) Жиналған материалдар арқылы тұжырымдамалар жасау.
2. Практикалық кезең.
а) Манап Көкенов жайында материалдар жинау
ә) Бұрын жарияланбаған «жыр» жинақтарымен таныстыру
б) Ауылдағы Манап Көкеновтің көзін көрген қариялармен сұхбаттасу
3. Жалпылау кезеңі.
А) Түрлі кітаптарда, фильмдерде және басқа да деректерде кездесетін мәліметтер, фактілер, материалдарды жинақтау және зерттеу
Ә) Зерттеу материалдар бойынша қорытындылар мен ой-тұжырымдамалар слайдттар жасау
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.Кіріспе Сыр сүлейі, жүрегі жыр мекені!
ІІ. Негізгі бөлім а) Айтыстың ақарынан арындата,
Жүректе мәңгі қалдың Манап ата. (Айтыстары)
ә) Туған жердің тасы да ыстық.
б) Өскенін елдің жырласам,
Әндетіп, асқақ термемен. (Өлеңдері)
в) Сырын шашпай сақтаған,
Асыл жанның несі өрес. (жария болмағанөлеңдері)
Г) Манап бір өзі-бір театар (Драматургиялары)
ІІІ. Қорытынды Дарабоз ақын, ақынның биік дүлділі,
Сарқылмас тегі, жырласа дағы күн-түні
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
Y. Жетекшінің аннотациясы
Біздің №256 орта мектебінде «Мәнерлеп оқу» үйірмесі бар.
Мен онда 2-сыныптан бері қатысып келемін. Мұнда бізге
Мұхамеджанова Айсұлу апай –ақындардың өлеңдерін,
қалай дұрыс оқу керек, әсіресе, «Сыр»өңірінен шыққан
«ақындар» жайлы көптеген мағлұматтар беріп отырады.
Соның ішінде мен өз жеріміздің атағын асқақтатып жүрген,
мақтанышымыз- Манап Көкенов атамыздың өлеңдерін,
айтыстарын сүйсініп, қызығып оқып жүретінмін..
Біздің мектепке «Ата-баба мұрасын сақтаймыз, көбейтеміз»
Ғылыми жобасына «Сыр сүлейлері шығармалары» деген
тақырып келгенде, менің қызығушылығым оянды. Назира
апайдың жетекшілік ететінін біліп, осы жобада- Манап
атамыздың шығармашылығын тереңірек зерттегім келгендігін айттым.Ұсынысымды қуана қабыл алды.
Зерттеу жұмысы барысында біз жетекшімізбен тың мәліметтер табу үшін, Манап атамыздың туған жеріне барып, күнделікті тұрмыс- тіршілігінің куәсі болған, қарапайым адами тұлғасы-әке ретіндегі тәрбиесі жөнінде ұлы- Убайдулла ағамен сұхбаттастық және атаның «Мазарына» барып, құран бағыштап, зиарат еттік. (Экранға назар аударыңыздар).
Аудандағы Манап атаның “Мұражайына ”барып, көптеген заттарымен таныстым. Мұражайға бірінші рет баруым. Маған қатты ұнады.
Қазіргі таңда өзіміздің мектебімізде ұстаздық қызмет
атқарып жүрген ақынның қызы Көкенова Күлаш
апаймен кең отырып, сыр шеттік.
Мәліметтерді жинақтай отырып, жетекшім-
Абуталипова Назира апай екеуміз жоспар құрдық.
Біз, осы уақытқа дейін, Манап атаны- Талап елді
мекенінде туылды деп келдік.Бірақ ,олкісінің1928
жылы 20- мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласында дүниеге келгенінбілдім.Осы
уақытта туыстары шала туылған сәби Манаптың
түріне қарап, адам болмайдыдепкүдерлерінүзіпті.
Сол мезетте, Әулие Бәймен ата аяқ астынан келіп
қалып, солкісінің жадағайына ораған екен. Бәймен
атаның ықыласы ауған бала ерекше бала болып
шығады екен. 3 жасқа дейін Түркістанда тұрып, одан
кейін ата-анасы «Талап» елді мекеніне көшіп келіпті.
Сол кезден бастап, Бәймен атаның шапағаты тиген болар,
кішкентай Манап ерекшелігімен көзге түсе бастапты.Ол кісінің жастайынан ақындығы, құймақұлақтығы әкесі-Көкен атадан да дарыған екен.Балалармен ойнап жүріп,басшыларды сынап, бір-екі шумақ өлең шағарып, жұртты таңқалдырған.Манап атаның ақындық қасиеті осылай басталыпты. Манап ата 1935 жылы «Талап» бастауыш мектебіне барып, сонда білім алған екен. Тақтадағы жазуды көзі толық көре бермейді екен. Мұғалімнің ауызша айтқанын бірден қабылдап, қасындағы оқушылардың жазғанына үңіліп әріп таныпты.
Мұғалімдердің көпшілігі жеке қатынасты көбірек қажет ететін- Манап ата сияқты оқушылардан гөрі, зеректеуі көзі, құлағы сау балаларды икемдеп солармен жұмыс істеп кетіпті.Манап атаны ысырып тастамағанымен, ол кісі зәру көмектен қағажу қала беріпті.Бірақ,ол кісі ауызша айтатын сабақтарды тез игеріп, ал жазбаша есеп-қисап сабақтарынан барынша қиыншылық көріп жүрген екен. Өзінің зеректігіне байланысты ол кісі барлық сабақты жұрт қатарлы оқитын оқушылар қатарында болып, оқыған екен.Сөйтіп, ауылдағы жеті жылдыққа айналған мектепті бітіріпті.
Манап атаның ақындық таланты ерекше оянып, ол кісі ең алдымен төңірегіне айтыс ақыны ретінде танылған екен.Манап ата тұңғыш айтысқа небәрі 13 жасында Филология ғылымының докторы -Әбжан Құрысжановпен түсіпті. Осы сөзді естігенде мен қатты таңғалдым. Манап ата меннен үш-ақ жас
үлкен екен. Екеуінің айтысы тартыстыда қызықты өтіпті. Жұрт риза болып, айтыстан соң ақын Нартай атамыз Манап ата мен Әбжан атаны қасына шақырып алып:
-Дарияның ағып жатқан тұнығысың,
Тұнықтың бойында өскен шыбығысың.
Тең түстің Манап, Әбжан қарақтарым,
Халықтың ел билейтін құлынысың,- деп, екеуіне ақ батасын беріп, маңдайларынан сүйіп, ақындық жолына сәт сапар тілеген екен.
Манап ата өз өмірінде 50 рет айтысқа түсіпті. Солардың бірерін атап өтсем:
Талдықорғандық Мұқаш Байбатыровпен, Жамбылдық Асылқұл Бұрбаевпен, Қызылордалық Асқар Тоқмағанбетовпен, Алматылық Әсімхан Қосбасаровпен, Алматық орыс қызы Надежда Лушникова апамызбен, Мәскеулік Виктор Урин мырзамен айтысыпты.
Осы Асқар Тоғмағамбетов атамызбен айтысында Манап атаның жер тарихын өте жетік білгенін байқадым. «Қарны жарық», «Ақ ұйық»,
«Ботасоқты», «Құлашты», «Есек бел», «Өгіз мүйіз», «Тоқпақсалды»,
«Сарапан», «Бүркітті», «Жыланды», «Жолбарысты», «Көлтабан»,
«Таңбалы тау» деген өзім естімеген тау, жер, су, көл атауларын осы
айтыстан тауып, олардың неге олай аталу тарихында таныдым.
Әрбіріне шеберлікпен, жеке-жеке тоқталып, тәтпіштеп түсіндірген.
Сондықтан, атамыздың дүниетанымының кеңдігін, елін, жерін сүюі шексіз болғандығын еріксіз мойындаймыз.
Енді сіздерге осы айтыстан үзінді оқып берейін:
Асқар Тоғмағамбетов пен Манап Көкеновтың айтысы.
Асқар:
Ақын ең Қаратауда туып өскен,
Сағымын арман етіп қуып өскен.
Қиялдың көк дауылын қамшы қылып,
Бұрқанып төбесінде бұлт көшкен.
Ақын ең жас та болсаң көрген көпті,
Тауың бар « Қарны жарық», « Ботасоқты».
Отырмын соның жайын сұрағалы
Қалай сол ел аузында аңыз бопты?
Манап:
Бұл таудың аңызы да, жыры да көп,
Тылсымды терең жатқан сыры да көп.
Барлығын баяндасақ бастан-аяқ
Таусылмас шығар шыңы, құзы да көп.
Жолбарыс таудың ішін еткен мекен,
Бір нардың ботасын мерт еткен екен.
«Ботасоқты» деп елде аңыз қалып,
Аталып бұл тау сонан кеткен екен.
Жаралы бота қашып, арып –ашып,
Жығылғанда тас тілген қарнын жарып.
Жазықсыз жас ботаны есіркеп ел,
Содан бастап атанған «Қарны жарық».
Асылында, Манап ата айтыс өнері үшін жаратылған кісі болған.Манап атаны айтсақ айтыс дегеніміз, ал айтыс десек, Манап атаны айтқанымыз.
Манап Көкенов атамыз- от ауызды, орақ тілді суырып салма тілі жүйрік, ойы орамды, шашасына шаң жұқтырмайтын төкпе ақын болғандығын 1969 жылы Мәскеуден келген Виктор Урин екеуінің айтысында байқауға болады. Бұл кісі Қызылордаға Асқар Тоқмағамбетов атаның «Алтын той» атты кітабын орыс тіліне аударғалы келген екен. Манап атамен Виктор Уриннің арасында қазақша- орысша айтыс ұйымдастырылған. Осы айтыста Манап ата шешендік сөздермен жеңіп, Урин мырза қолын алып, басын иген екен.
Айтыс өнерінің енді бір қасиеті-ол жас таңдамайды,спорттың бокс,күрес секілді түріндегідей салмақты сараптамайды. Бір жағынан бұқаралық сипаты басым.
Мысалы, әке мен бала айтысы қазақтың
айтыс тарихында сирек те болса
кездесетін құбылыс.
Кезінде Нарымбай ақын мен баласы
Көшкенбай айтысқан екен. Сол үрдісті
жалғастырғандай болып Манап атамен
баласы-Әбдікәрім 1987 жылы Павлодарда айтысқан.
Осы бәсекенің соңында Манап ата, ұлына “ақ жол” тілеп, батасын беріпті. Осы оқиғаны Әбдікәрім ағаның өз аузынан естиік:
Манап ата, тек айтыс өнерінің аясынан аттап шыға алмай қалған жан емес,өзінің байтақ еліне жеріне байлықтарына арнаған қөптеген шығармалары жинақталған кітаптары бар екені бізге белгілі.
Ақын Манап ата ұзақ жылдар бойы жазған өлеңдері мен айтыстары «Қазақтың халық поэзиясы», «Жамбыл және халық поэзиясы» «Ақын жыраулар», «Шұғыла», «Жыр- шашу», «Бір қыз бен он алты ақын», «Мәңгі көктем» атты кітаптар жарық көрген екен. Ал, 1983 жылы ол кісінің өлеңдері «Жазушы», баспасынан «Сырдария саздары», 1991 жылы «Сыр әуендері» деген атпен жеке кітап болып басылып шығып, мына мен сияқты оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіпті
1987 жылы «Қайнар» баспасынан М. Көкенов атамыздың «Екі мыңыншы сапар» атты деректі шығармасы жарық көріпті. Бұл кітабында автор аудан мен облыстың мәдени өмірінен маңызды мәліметтер берген, әрі өзі еңбек еткен жылдарда көзімен көріп, көңіліне түйгендерін байыпты баяндаған.
Манап ата, тек айтыс өнерінің аясынан аттап шыға алмай қалған жан емес,өзінің байтақ еліне жеріне байлықтарына арнаған қөптеген шығармалары жинақталған кітаптары бар екені бізге белгілі.
Ақын Манап ата ұзақ жылдар бойы жазған өлеңдері мен айтыстары «Қазақтың халық поэзиясы», «Жамбыл және халық поэзиясы» «Ақын жыраулар», «Шұғыла», «Жыр- шашу», «Бір қыз бен он алты ақын», «Мәңгі көктем» атты кітаптар жарық көрген екен. Ал, 1983 жылы ол кісінің өлеңдері «Жазушы», баспасынан «Сырдария саздары», 1991 жылы «Сыр әуендері» деген атпен жеке кітап болып басылып шығып, мына мен сияқты оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіпті.
1987 жылы «Қайнар» баспасынан М. Көкенов атамыздың «Екі мыңыншы сапар» атты деректі шығармасы жарық көріпті. Бұл кітабында автор аудан мен облыстың мәдени өмірінен маңызды мәліметтер берген, әрі өзі еңбек еткен жылдарда көзімен көріп, көңіліне түйгендерін байыпты баяндаған.
Манап атаның бұрын жарияланбаған өлеңдері мен қол жазбаларын жерлес атамыз Файзулла Пәзілбекұлы Сақи жинақтап жариялапты. Олар: «Тілегім көп», «Ұлыммен сырласқанда», «Бекерге өткен күндер ай», «Асыл ұлым Асқаржан» т.б өлеңдерінен балаға деген шексіз мейірім, айнымас сенімді аңғарамын.
Манап ата өзінің тоғыз ұлын тоғыз планетаға теңеп, тынысына балапты. Атаның ұрпақтары: Әбдікәрім, Жаннат, Убайдулла, Рзуан, Шолпан, Идаят, Асқар, Күлаш,Зада –деп, мақтана жырлаған.
Манап атаның «қара шаңырақтағы» ұлы Асқар ағаға арнаған өлеңі- менің жүрегімді тебірентті. Сол өлеңді сіздерге оқып бергім келіп тұр.
Асыл ұлым, Асқаржан!
Манап ата 17 жасқа келгенде «Қызыл отау меңгерушісі » болып қызмет жасапты. Сөйтіп, айтыс пен өлең- жыр мен шектелмей шағын спектакльдер мен пьеса жазумен және арасында зерттеушілік жұмысы мен де айналысыпты.
Арқалы ақын Манап ата, осы жасынан бастап «Жемқор, алаяқтар» жайлы «Сырбаздар», «Диқандар» тақырыбына «Ыбырай көктем», « Нартай», « Құлан мен Әлшекей күйші» туралы « Шағалалы шалқар» атты пьесаларын жазып, бұл спектакльдерінің көпшілігіндегі басты рөлдерді өзі ойнапты.
Туа біткен талантының арқасында Манап атаның өзі шебер актерлік қызмет атқарыпты Ол кісі қатысқан қойылым бірден халықтың көңілінен шығатын болыпты.Кейде белгілі драматургтердің пъесаларын қойғанда Манап ата кей тұстарын сахна үстінде өзгертіп базыбір жерлерін нұрландырып жіберетін көрінеді. Бірде мынадай қызықты оқиға болыпты. Кезекті қойылым жүріп жатса керек. Манап ата өз ролін белгіленген нұсқамен жақсы орындап жатыпты. Жаттап алған сөздерді ұмытып қалған ба, ия мұндай болуы мүмкін емес болатын. Өйткені қаншама қатар өлең сөздерді бір-екі оқығаннан жаттап алатын тума қасиет күнделікті қойылып келе жатқан кейіпкерлердің сөздерін «ұмыттым» дегеніне сенуге де болмас. Бірақ, өзі солай айтыпты. Қойылымның ең қызықты жеріне келгенде «Ш» деген әріптен басталатын бұйрықты сөзге кеп қалып диалогте ойнап жатқан інілерінің біріне « о, шеш...» деп тоқтап қалыпты. Зал да тым- тырыс тынып қалыпты. Шамалы үзілістен кейін Манап ата: «О, өзің шешен екенсің ғой, шегінбесең шегінбе» деп әрмен қарай нұсқа бойынша жалғастырып кетіпті. Тыныштыққа енген зал «гу» етіп қозғалған да жаппай дуылдап күліп, соңы дүркіреген шапалаққа ұласыпты.
Ия, Манап атаның “суырып салмалық” ерекше қасиеті
осындай ойламаған жерден көрініс тауып кетіпті.
Сонымен қысқаша жазылған спектакльдер ауданда
мәдениет үйінің жанынан көркемөнерпаздар театры
ұйымдасып, көп ұзамай-ақ елге танылып шығыпты.
Ауданымыздың театры Облыста қайта-қайта жеңіске
жетіп, ақыр соңында Республикаға жолдама алыпты.
Ол жақтанда бірінші орынды жеңіп алып,Жаңақорған
аудандық театры «Халық театры» болып аталыпты.
Міне, осындай қыруар еңбекті өз қолына алып, өзі
сүйетін істі бүкіл Республикаға, кейіннен Одаққа
танытыпты.
Осы жұмыстарының арасында, газет тілшісі, мәдени және тарихи ескерткіштерді зерттеуші, халық мұрасын қастерлеп, жинақтаушы болыпты. Ертеректе өмір сүрген жергілікті ақын Құлан Алдабергенұлының 3мың өлеңін жинап,Қазақ Ғылым академиясының алтын қорына тапсырыпты және бұрынырақ та өмір сүрген жергілікті күйші- сазгер Әлшекей Бектібайұлының 14 күйін зерттеп тауып, 10 күйін күйтабаққа түсіріліп таралуына өз үлесін қосқан екен.
Міне, осындай қыруар еңбекті өз қолына алып, өзі сүйетін істі бүкіл Республикаға, кейіннен Одаққа танытыпты.
Манап Көкенов атамызды ақындығымен, жыр шумақтарымен т.б шығармаларымен тек, «Сыр өңірі » емес, бүкіл әлем біліпті. Сөйтіп, 1980 жылы небәрі 52 жасында «Халық ақыны» деген атаққа ие болыпты.
Қорытынды бөлім
Кеше 25- сәуірде “Манап ата” ауылында, ол кісінің қайтқанына-20 жыл толуына орай “Ақындар”айтысы ұйымдастырылды. Мен айтысқа қуана бардым.
Манап атаның артында қалған өшпейтін рухани мұрасы жеткілікті.
Манап Көкенов атамыздың шығармаларын, зерттеген, зерделеген сайын, ол кісінің ерекшелігі ашыла түсері сөзсіз.
Ақынның өлеңдері мен термелері, толғаулары, айтыстары мен ауыл сахналарына арналған пьесалары-мірдің оғындай ақыл-нақыл сөздері жеке-жеке тақырып етіп, зерттеуді қажет етеді.
Қорыта айтсам, осының баршасы бүгінгі азаматтарға яғни біз сияқты кемел келешек иелеріне аманат.
Менің ұсыныстарым:
1. Манап Көкеновтың шығармасын мектеп оқулықтарына енуге ықпал етсе;
2.Ресбублика бойынша М.Көкенов оқуы ұйымдастырылса;
3.Республика көлемінде “Жас ақындар” айтысы ұйымдастырылса;
4. Мектепте “Манап оқуы” ұйымдастырылса;
Жетекші пікірі :
Әубәкір Бақтыгүл сыныптағы озат оқушылардың бірі. Алғыр, ынталы.
Мектептегі қоғамдық жұмыстарға,әсіресе“Мәнерлеп оқу”үйірмесіне белсене қатысады.
.
М.Көкеновтың өмірін зерттеуде, үлкен қызығушылық танытты.
Мен, Бақтыгүлге үлкен зор сенім артамын. Көркемдік қабілеті
дамыған, ойы ұшқыр, шындық пердесіне батыл да, сенімді
қарайтын жеткіншектер ғана болашақ білім иелері болмақ дегім
келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер :
[pic]
[pic]