Әдебиеттік оқу пәнінен Қазына көтерген бала тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пәні:Әдебиеттік оқу Сынып: 4 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:  Әнуар Жапаров   «Қазына көтерген бала»

Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру. Дамытушылық  мақсаты: Қ.Сәтбаевтың қызметі, еңбектері жайлы білгізу, оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу, көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын елестету, сезіну қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету, ұлы адамдар өмірін үлгі ету. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс,СТО, БББ стратегиясы.

Көрнекілігі: Қ.Сәтпаевтың өміріне арналған слайд, видео. Постермен жұмыс. Қазба байлықтар коллекциясы. Географиялық карта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

Қызығушылығын ояту. -Балалар, сабақты бастамас бұрын, тәлім сөздермен бастайық:

- Әрбір адам?

Бәрі: Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сөзің?

Бәрі: Шындық, бірлік, адалдық.

Әрбір ісің?

Бәрі: Тірлік, тірек, адамдық.

 -Әрбір сабақ?

Бәрі: Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Олай болса, балалар,бүгінгі сабақта бірлікте, ынтымақта жұмыс жасай отырып, білуге, үйренуге ұмтылайық.

Топқа түстер арқылы бөлу (қима қағаздардан топ атын құрайды,оқушыларға топтағы атауға түсініктеме бергізу)

Топтарды таныстыру:1-топ: «Талап» «Талап таудан да асырар»

2-топ: «Білім» «Білім – ер азығы, ер-ел азығы».

3-топ: «Еңбек» «Ер дәулеті – еңбек»

4-топ: «Ғылым» «Ғылым-теңіз, білім-қайық»

Топ басшыларын сайлау.

II.Үй тапсырмасына шолу. «Кубизм» стратегиясы.

1. -Ақын өлеңде не туралы жырлағын? Суреттеңіз.

2.- Медеу мұзайдынының адамдарға тигізер пайдасы. Дәлелдеңіз.

3.- Басқа спорт кешендерінен ерекшелігі. Салыстырыңыз.

4.- Мұзайдынының «Медеу» аталу себебі. Зерттеңіз.


БББ стратегиясы.  

Медеу - біздің еліміздің мақтанышы.Алғашында Кеңес елі «Медеуді» Қырғызстан елінде салуды жоспарлаған. Бірақ Дінмұхамед Қонаевтың араласуымен мұз айдын Алматыда салуға шешім шығарылды.Еліміздің дамуына, көркеюіне өз үлесін қосқан, еңбегі сіңген азаматтарымыз аз емес.Сондай халық қалаулыларынан кімдерді атар едіңдер?

Олай болса бүгін сондай елі үшін аянбай еңбек еткен, артында өшпес өнегесін қалдырған ұлы тұлға Қ.Сәтбаев туралы әңгімелейтін боламыз.

- Қ.Сәтбаев кім? -Ол туралы не білесіңдер?

«Білемін» бөліміне ауызша жауап.

Жаңа сабақ.

/Қ.Сәтбаев туралы бейне-фильм, слайд көрсетіледі/

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ және Кеңес Одағының геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Ол Жезқазған, Қарағанды, Алтай жер аймақтарын зерттеп, көптеген кен орындарын ашқан. Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтады.

*Ертіс-Қарағанды каналының аты Қ.Сәтпаев атымен аталады.

*Қ.Сәтпаев атындағы даңғыл, көше, мектеп бар.

*Қ. Сәтпаев атындағы ғаламшар бар

*Жезқазған мыс Рудасын тапқан адам

*Ақсу,Атырау,Қарағанды,Алматы т.б. қалаларында ескерткіштері бар.

«Жеріміздің үсті де, асты да бай. Менің геолог ретінде борышым-жер астындағы қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау.Ал ғалым ретіндегі міндетім-кен байлықтарын халықтың игілігіне жарату».Қ.И.Сәтбаев.


Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала»

«Қазына» сөзіне топтастыру жасау. денсаулық

БАЙЛЫҚ

отбасы

Отан

Негізгі бөлім : Жазушы әрі ақын Әнуар Жапаровтың « Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып, қандай қазына жайлы айтылғанын білетін боламыз.

 Мәтінмен жұмыс. Мәтінді 4 топқа бөлімдерге бөліп, оқытып шығу.

  1. [link]  туралы ғылымдар жиынтығы.

    3.Бөлімдерді 4 топқа кезекпен әңгімелетіп мазмұнын ашу.

    БББ стратегиясы:    «Білдім» бөліміне мәліметтер айту.

    Сергіту сәті. «Не жақсы? Не жаман?» Қимылды жаттығулар.


    «Білім биржасы» ойыны.Сұрақтарға әр топ кезектесе жауап береді.

    Жауаптар «акциялармен» бағаланады.


    1. Әңгімедегі Қаныш деген кім?

    2. Қаныш неліктен тастарды арқалап келді?

    3. Ұзтазы суретке қарап не түсінді?

     4. Ұстаздың оқушы өміріне әсері бар ма?

    5. Бала Қаныш кішкентай кезінен нені жақсы көрді?

    6. Оның әр нәрсені білуге ынтазар бала болғанын неден аңғаруға болады?

    7. Өз сыныбыңда ерекше дарыны бар оқушылар бар ма?

    8. Әңгімеден Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерін байқадыңдар?

    9. Қаныштан сен қандай үлгі алдың?

    10. Сен қандай маман иесі болам деп ойлайсың?

    11. Әңгіме неліктен «Қазына көтерген бала » деп аталды?

    12. Қандай мақал-мәтел, ұлағатты сөзбен ойды түйіндеуге болады.

    Топтармен жұмыс. Ой толғаныс. Топтарға жеке тапсырмалар беріледі

    1-топ. Қанышқа хат жазу.

    2-топ. Қаныштың бойындағы қасиеттер бар деп кімді айта аласыңдар?

    3-топ. Өз уақыттарыңды қандай пайдалы іске арнайсыңдар?

    4-топ. «Ұтымды жауап»

    Қ- /қабілетті, ... /

    А- /ақкөңіл, ... /

    Н-

    Ы-

    Ш-

    Сабақты қорыту: 

    -Бүгінгі тақырыпқа сай әр оқушы «Бес жолды өлең» құрайды.

    Топтан бір оқушыдан оқиды.

    IV. Қорытындылау

    2.Қаныш Сәтбаевтың жастарға өсиеті:

    «Жас адам өмір сүргенде сол өмірді босқа өткізуге тиіс емес.Ол, біріншіден, Отанына пайдалы азамат болуды, екіншіден өз заманының, өз дәуірінің мәдениетті, білімді және алдыңғы қатарлы адамы болуды ойластыруы керек.Ол үшін жас күніңізден-ақ өзіңізді адамгершілікке баулыңыз.Ісіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.

    Білімді болу, ғалым болу өмірді танудан, көп оқып, көп ізденуден, шаршамай, талмай еңбек етуден болады.»

    -Ендеше елдің байлығы – ол біздің байлығымыз. Біз де Қаныш атамыз сияқты ерінбей еңбек ете білуіміз керек сонда ғана , еліміз көркейіп, өміріміз мәнді де, сәнді болады.

    Рефлексия. БББ стратегиясы: «Білгім келеді» бөлімін толтыру.

    Балалардың ойын тыңдау. / қағаздарына қысқаша жазып ғаламшарды айналдыра жапсырады/

    V.Үй тапсырмасы: Эссе жазу. «Егер мен білімді болсам...».

    Бағалау.