Тәрбие сағаты Әліппе саған мың алғыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Семей қаласындағы «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Жанпеисова Фарида Токисовна



ӘЛІППЕ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

Мақсаты:

1.Оқушылардың білімін бекіту,олардың алған білім дағдыларын көрсету.

2.Тілін дамыту,сөздік қорын молайту.

3.Ұқыптылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұлағатты ұстаздар бүгін біздің сыныпта той.Халқымызда той көп.Бала өмірге келгенде шілдехана,тұсау кесер,сүндет тойы, мектепке баруы, тілашар тойы,мектеп бітіру,өмірге жолдама алу т/б. Соның ішінде баланың тілашар тойы үлкен қуаныш. Бүкіл білім,ғылым соқпағының басы болған әліппе оқулығын бітіріп, қоштасқалы отыр. Әліппені бітіру-алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Ендеше бүлдіршіндеріміз сол белестің бірінен асты. Бұл біздер үшін де, үлкен салтанатты мереке. Мереке құтты болсын!

Ән:«Атамекен» Ернұр

1-жүргізуші: Еркежан

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Тойға келген қуанып,

Қонақтар,сізге мың сәлем.


2-жүргізуші: Аян Армысыздар, ардақты ата-аналар.аяулы ұстаздар! Бүгінгі Әліппені бітіру мерекесі «Әліппемен қоштасу тойы» құтты болсын!

Шашу,шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке,бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық

/Сандық ашылып,бір ата-ана шашу шашады/

Музыка ойналып тұрады,балалар зал арқылы өтіп,сахнаға шығады.Олар музыка ырғағымен қолдарындағы әріп жазылған шарларын бұлғайды./

1.Айсұлу.

Сәлеметсіздер ме қонақтар Сіздерді Әліппені бітіру мерекесіне арналған «Әліппе, саған мың алғыс» мерекесіне шақырамыз.

2.Дильназ

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз,өйткені алғаш хат танытып,сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

3.Ернұр

Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын.Ертегі әңгімелерді өз бетімен оқитын болдым.

Мұғалім: Балалар біз әліппеден не үйрендік?

4.Бәрі: Кітап оқуды, өлең жаттауды,сурет салуды,ән айтуды үйрендік.

5.Мұғалім:Мына сұраққа жауап беріңдерші.

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Бәрі: Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті –Әліппе , ол сүйікті – Әліппе

Мұғалім: Дұрыс балалар, Енднше ортамызға Әліппені шақырайық.

/Музыка/Әліппе келеді.

Әліппе:

Армысыңдар жас достар!

Армысыздар қонақтар,

Армысыздар ата-аналар

Болашаққа жол бастар,

Әліппе келді ортаңа.

Міне балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіңдер. Менен не үйрендіңдер?

Мұғалім: Әліппе, балалар өзің туралы тақпақ,өлең үйренді,енді соны қонақтармен бірге тыңдаңыз.

1.Жақсылық

Әліппе-білім анасы

Әліппе-кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы

2.Нұрдәулет.

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

3.Жанель

Жақсы кітап Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық

А-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты.

Ән: «Әліппе» хор

Әліппе: Менің ең бірінші бетімнен кімді көрдіңдер?

Хормен:Н.Ә.Назарбаев


Елназ: «Айналайын» деп тіл қатты

Президенті елімнің

Намысын қорғап өтемін,

Қасиетті жерімнің.



Әділет:

Бақытты мен ұланымын,

Әр күнім күліп ататын

Елбасшы Нұрсұлтан атаның,

Алдым мен ақ батасын


Аружан:

Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат нәр береді

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Ән: Отан

Әліппе :Жарайсыңдар балалар тағы не үйрендіңдер?

Бәрі: Жұмбақ шешуді, жаңылтпаш айтуды санамақ үйрендік.


Ильнара

Алты қырлы,

Алтын сырлы.


Алишер

Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама


АлинұрАлибеков

Үйреткен ілімді

Қырық екі ілімді.


Амир

Қате жазсаң өшіремін,

Бар міндетім осы менің.


Алинұр Адамбаев

Жазу жаза жалықпаған

Жаза-жаза арықтаған


Жаңылтпаш

Бекзат

1.Шілікті шаптым,

Жілікті астым

Шілікті жақтым

Жілікті шақтым.

Алинұр Зейнуллин

2.Айта-айта жақ талды,

Қайта-қайта жатталды.

Қайта-қайта жақ талды,

Айта-айта жатталды.

Мақал-мәтелдер

Шолпан

1.Туған жердей жер болмас.

Туған елдей ел болмас.

Амир

4.Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба.


Санамақ Жақсылық, Аружан,Нұрдәулет

Бір дегенім-бесік,

Шықтың содан өсіп.

Екі дегенім-елім

Далам,тауым,көгім.

Үш дегенім-үміт

Үміт артар жігіт

Төрт дегенім-төзім

Төзе білем өзім.

Бес дегенім-бақыт

Бағалайтын уақыт. Т/б

Мұғалім: Әліппе кейде біздің балалар айтысып та қалады.Енді солардың айтысын тыңдаңыз.

1.Жалғас:Алфавиттің «А» тұрады басында

2Жұлдыз:.Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

3.Ұлан Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші.

1. «А» деген ол аналар ғой ардақты

2.«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты

3.«Б» деген ол балалар ғой әдемі

Бәрі: Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей расында

Тұрады олар Алфавиттің басында.

Әліппе: Мені жақсы оқыдыңдар, өте ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар Білім жолында жолдарың болсын! Сау болыңдар сүйікті достарым!

Хормен: Әліппе,саған мың алғыс!

Музыка Әліппе кетеді.

Наргиз:.Аяқтадық сені бүгін Әліппем

Достастырдың бізді барлық әріппен

Кітаптарды енді оқи береміз

Ой жіберіп тереңінен танып кен

Бексұлтан:Дәнекер боп дамыл таппай арада

Әліппені ұялатқан санаға

Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз

Үйретуден жалықпаған балаға

Аружан:.Қош әліппем биіктеткен асқарға

Қанат берген шарықтауға аспанға

Қоштассақта ұмытпаймыз өзіңді

Тапсырамыз іні-қарындастарға.

Нұрдәулет У.Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата –ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.


Би: Еркежан мен Жанель

1-жүргізуші: Аян Олай болса,әліппеден кейінгі сауатымызды жалғастыратын Ана тілі оқулығы.Ендеше Ана тілін ортаға шақырайық.

(Музыка ойналады)

Ана тілі: Сәлеметсіңдерме ,балалар! Келесі сендердің оқулықтарың мен боламын.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын,тек сендер ынта қойып,ұқыпты,таза оқысаңдар,көп нәрсе үйренесіңдер.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

2-жүргізуші; Еркежан Ана тілі сені де жақсы оқып меңгереді деп сенім білдіремін.Ортамыздан орын алыңыз.

(Музыка ойналады).

Мұғалім: «Талап еңбек,терең ой,қанағат,рақым ойлап қой»-деп Абай атамыз айтқандай осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін де меңгеруіміз керек.

Хор: Ана тілін де жақсы оқимыз!

Алтынай:

Ана тілі біздің туған тіліміз

Анамыздай сыйлап,бағып қағамыз

Ана тілін сүйеміз

Басымызды иеміз!

Ән: Хор: Болайықшы осындай.

Мұғалім:

Балалар сендердің Әліппені жақсы меңгеріп сауатты оқуларыңа ата-аналарыңныңда қосқан үлесі мол.Сондықтан бәріміз ата-анамызға рахмет айтайық.

Бәрі: Ата-Анаға рахмет!

Қымбатты балалар! Сендердің зейін қойғыштықтарың, еңбексүйгіштіктерің және білімге деген құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.

Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар, әрі тұңғыш оқулықтарың Әліппе бойынша оқуға үйрендіңдер. Бірақ Әліппе сендерді тек әріптермен ғана таныстырып қойған жоқ ,оның әрбір беттері сендерді бір-бірлеріңмен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.

Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын өрендер!.

Хор: Мұғалім-ол біздің