Урок Арыстаннын ажалы (1 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:Арыстанның ажалы.

Мақсаты:

Оқушылардың сөздік қорын молайту,рөлге бөліп айту арқылы сөйлеу мәнерін үйрету,жауапкершілікке үйрете отырып,жаман әдеттен аулақ болуға қалыптастыру.

Рөлге қатысқандар :

Ертегінің авторлары:Шоқалақова Алтынай.

1.Арыстан-Марат Саят

2.Түлкі-Шайкемелова Эльнура

3.Бақа-Сегізбаева Мархабат

4.Кірпі-Дүйсекеева Асылжан

5.Піл-Хасенов Ғамзат

6.Қоян-Қабыкенова Айсана

7.Ара,маса-Әміржанов Ерлан.































Ертегінің мазмұны:

Автор:

Баяғы заманда,нулы қалың орманда аңдар өмір сүріпті.Күндердің күнінде аң патшасы арыстан зерігіп,іші пысып,аңдарға әлімжеттік жасап былай депті:

Арыстан:

Ей,түлкі,кірпі,бақа,қоян,ара,маса.Маған өз өнерлеріңді көрсетіңдер.

Көрсеткен-өнерлеріңе мен күлетін болайын.

Түлкі:

Мен түлкімін,түлкімін

Сыңғыр қаққан күлкіммен.

Бұлаң-бұлаң құйрығым

Маған бәрің жетпейсің.

Бақа:

Мен бақамын бақ-бақ,

Бақа-бақа балпақ

Басың неге жалпақ?

Темір-тесек көп тиіп,

Басым содан жалпақ.

Кірпі:

Атым менің кірпі екен.

Жұрттың бәрі біле білсе екен.

Арыстан патша ашуланбай,күлсе екен.

Содан мен оны жақсы көрем.

Күлкілі тақпақ айтып берем.

Қоян:

Қалқиған ұзын құлағым,

Елеңдеп қорқып тұрамын.

Мен сияқты ескеңдеп,

Ытқып-ытқып жүгіріңдер.

«Қызыл өрік»ара мен маса билеп өнерін



Арыстан:

Доғарыңдар!Бұл өнерлерін маған мүлде ұнаған жоқ.Түлкі қайдасың?

Түлкі:

Мен мындамын аңпатшасы.Сізге керегі күлкі ме?Онда пілді шақыртайық.

Бір күлдірсе піл күлдіре алады.

Автор:

Маң-маң басып піл келеді.Піл аң патшасы Арыстанды қолтыгының астынан қытықтай бастады.

Арыстан:

Шексілесі қата күледі.Ағажан-көкежан енді,болды.

Автор:

-Деді,әзер келіп тілге.

Күлкі іздеген Арыстанга,

Мынау үлкен жаза болды.

Күле-күле ақырында

Сорлы Арыстан қаза болды.

Піл:

Балалар,Арыстан өзінің мақтаншақтығынан ажалға ұшырады.Тойымсыз,қанағатсыздық,өзімшілдік жаман әдет.Сондықтан балалар, мейірімді,қайырымды болыңдар.Жаман әдеттен аулақ болайық!