Ашық сабақ 4 сынып Әдебиеттік оқу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ж [pic] алиева Инжу Балапашовна

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

1 мектеп – лицейі бастауыш сынып мұғалімі

3 - сынып

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Оқушылардың өз еліне,ата-мекеніне сүйіспеншілігін арттыра отырып,бабамыздың туған елін,жерін жаудан қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру. Қабанбай батыр туралы мәлімет беру,қазақ-жоңғар соғысы болған жерлер және қазақ қолбасшылары туралы білімдерін кеңейту.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөздік қорларын байыту.Тарихи таным қабілетін арттыру.

3. Қабанбай батырдың және өзге сарбаздар өнегесін алға тарта отырып оқушыларды ерлікке,батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс,негізгі идеяны айқындау баяндау,сұрақ-жауап,қызығушылығын ояту,өлең құрастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,сызба, Қазақ батырларының Үш бидің, Абылай ханның, Бұқар жыраудың, бес қарудың суреттері,сөзжұмбақ.

Психологиялық ахуал

Ана тілім - ұраным

Ана тілім – құралым

Ана тілім болмаса

Болмас еді жыр - әнім

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту. Топқа бөлу.

І топ: Абай ауылы

ІІ топ: Ыбырай ауылы

ІІІ топ: Жамбыл ауылы

ІІ Өткен тарауды пысықтау.

«Туған елім,туған жерім»

Суретті тапсырма.(қай мәтінге қатысты сурет екенін,мәтінді қысқаша мазмұндау,авторын,мәтін тақырыбын айту)

[pic] [pic] [pic] [pic]

Мына үзінділер қай өлеңнен алынған?(өлеңнің атын,авторын және өлеңді толықтырып айтып шығады)

1) Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана-сен ғана.

2) Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

3) Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

4) Бостандық таңы атты,

Қазағым,көріңдер.

«Ата-бабам тарихы-менің тарихым» жаңа тарау.

Көрініс: «Атасы мен немересі» (тарихқа шолу)

А) Атасы мен немересі.

Ә) Тарихшы мен жыршы.

[pic]

[pic]

Тарихты танып,зерделеу керек,тарихты таразылау керек,сонда тағдырыңды,бүгінгі тұрпатыңды танисың,келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың”

Н.Ә.Назарбаев

Үш бидің басын қосты

[pic] [pic] [pic]







Суретпен жұмыс:

-Суретте кімдер бейнеленген?

-Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың?

-Суреттегі ақ боз атқа мінген кім дер едің?

-Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?

-Батыр деп біз кімдерді айтамыз?

  • Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Батыр деп біз кімдерді атаймыз? Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

Қазақ батырлары

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шапырашты Наурызбай.

Өңкей батыр жиылып,

Абылай салды жарлықты.

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.

[pic]








Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген.


[pic]

Жылқы- тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау  [link]


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

[pic]

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











Тәрбие сағаты : «Тәуелсіздік , еркіндік – ежелден ел тілегі»

Мақсаты : Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

Жүрісі:

1 - Аружан:

Атыңнан айналайын, Егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз – ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз.

2 – Ануар

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды.Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Құралай:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Бізге оңай келген жоқ қой азат күн

Еркіндіктің желбіретер көк туын

Біз жастармыз болашағы қазақтың!

Ахат:

Еркін елміз азаттықты аңсаған

Тәуелсіздік, тәубе деймін мен саған

Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан

Барша қазақ , мен сендерге жар салам

Гаухар:

Бойымда қайрат, тұрғанда сенім

Құрбаның болам жолыңда сенің

Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса

Сүйікті Отан, сүйкімді елім

Қазақстан Республикам менің!

Аслан:

Бақ жұлдызым сөнбейтұғын маңдайдағы

Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы

Қазақстан қарыштап күннен күнге

Азат елдің қыраны самғайды әлі

Ән: Жаса мәңгі Қазақстан!

Құралай:
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді

1- Аружан:

Алматы қаласындағы Республика алаңы – Тәуелсіздіктің тал бесігі.Осы жерде 1986 жылы 16 – желтоқсанда қанды оқиға болды. Қайрат Ерболдай ағаларымыз Сәбира, Ләат апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып, құрбан болды.

2- Ануар: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Ринат:

Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады



Жанарыс:

Жас арудың жанарында – желтоқсан

Қанды ғасыр табанында – желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – желтоқсан

Жапырақ:

Желтоқсан- ау ұмытылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді бүгін еншіме

Желтоқсан-ау жеткіздің ақ тілекке

Милана:

Дамир:

Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

Көрініс:

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.


- Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Жоқ, мен емес.
- Сен өлтірген. Мойныңа ал!


- Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

Құралай:

Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгілік жазып кетті.

Аружан:

Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанова Ләззаттың, Сыпатайүлы Ерболдың , Мұхамеджанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Ануар:

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды.Көк жүзімен астасқан қасиетті көк ТуымызАсқақ желбіреп түр. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.



Аружан:

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
Ән: Туған жер: орындайтын әншілер тобы

Аружан :

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Мадина:

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Ануар:
Біздер – Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз.

Тәрбие сағатын қортындылау.

Міне тәуелсіздігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау- елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Хор : Атамекен