Шакенова Медина Еренгаиповна
Бастауыш сынып мұғалімі
Өскемен қаласы әкімдігінің
«№26 орта мектебі» КММ
Жас маманға көмек.
Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау»
Мақсаты: Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Пайдалы қазбалардың түрлері. – оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Тау жыныстары дегеніміз не? - Тау жыныстары қандай күйде болады? - Пайдалы қазбалар деген не? Көмір қандай әдіспен алынады? - Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? - Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі? - Кенге жатпайтындардан ше? 2. Қорытындылау
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Пайдалы қазбаларды қорғау 1. Пайдалы қазбаларды қорғаудың мәні. 2. Пайдалы қазбаларды үшін не керек? 3. Металдардың орнына пластмассаларды пайдалану. 4. Оқулықпен жұмыс 102-104-бет оқып беру
Сергіту сәті.
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек? - Оларды қорғау үшін не істеу керек? - Металл бұйымдарының орнына нені пайдалануға болады? 3. Пайдалы қазбалардың үлгісімен танысу
Тест
1. Пайдалы қазбаларға ... жатады:
а) темір кенінен алынған металл;
ә) тау жынысы;
б) техника бөлшектері;
в) жер қыртысының қатты бөлігі.
2. Құмтас деп:
а) құм аралас тас;
ә) қайралған тас;
б) құрылыс материалдары;
в) қатты тас.
3. Бос жынысқа ... жатады:
а) құм және цемент;
ә) мұнай, газ;
б) гранит;
в) құм және саз.
4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:
а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;
ә) жанңыш, кенді, кен емес;
б) бағалы, құнсыз, жанатын;
в) металл, тау жынысы, «қара алтын».
5. Кен орны деп ... айтады:
а) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін;
ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;
б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;
в) тау жыныстарының қосындысын.
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Пайдалы қазбаларды қорғау – оқып түсінгенін айту. 2. Бағалау