Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:
Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.
Сабақтың барысы:
Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайды. Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
Сәлеметсіздер ме! Қайырлы тан! Қайырлы күн!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Енді бір-бірімізге мақтау сөздер айтайық.
Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.
Ал сендер үйлеріңде бір-бірілеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?
Қайырлы таң, әкетайым, анашым!
Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!
Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп ереклетеді.
Бір үйде қандай адамдар тұрады?
Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады.
Оларды атаңдар.
Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.
Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар – отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесісіндер.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс.
Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұның ашу.
Отбасы мүшелері қайда тұрады?
Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.
Олар қалай тұрады?
Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Нағашы ата – анасының әкесі.
Нағашы әже – анасының анасы.
Немере – ұл-қыздарынан туған бала.
б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.
- Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.
Қатал көрінгенмен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау-бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
Ата.
Өздерінңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.
Өзі мейірімді, әрқашанда қатық-майы, ірімшігі, қант-кәмпиті дайын. Ол кім?
Әже.
Ал сендердің әжелерін қандай?
Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Мақал құрастыру, мақалдың мағынасы ашылады.
Әке - асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.
Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала. т.б.
Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу.
«Сыңарын тап» ойыны.
Қорытынды:
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Қасқыр, түлкі әтеш ертегісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ертегі мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық:
Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет.
Жаңа сөздер:
Шаһар, мұржа, таулы өлке, ну орман.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім.
а) Шаттық сәтін өткізу.
Балалар шеңбер бойы дөңгеленіп тұрып, «Мен ертегі тыңдағанды жақсы
көремін, себебі...» деп, өздері сүйіп тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады.
ә) тыныштық сәті.
- Ертегі – бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегі де сиқырлы құралдар бар. Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі тыңдадыңдар? Естеріңе түсіріндер. (Балалар көздерін жұмып, ата-аналарынан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. Бір-екі бала естеріне түсірген ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді).
2. Негізгі бөлім.
«Қасқыр, түлкі және қоян» ертегісі.
а) дауыс интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіру.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Шаһар – қала.
Мұржа – пештің, ошақтың түтін
Сабақтың тақырыбы: Көңілді қыс және қызықты ойындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға үйрету.
Дамытушылық:
Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Бір-біріне қамқор болуға, үйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе бөлім.
а) жұмбақ шешу.
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.
(Аяз)
ә) Сұрақ- жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
- Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Аяз қандай болады?
- Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.
- Аязды күні ойнауға бола ма?
- Болады. Суықтан қорықпау керек.
- Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
- Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.
- Хоккей ойнаймыз.
Негізгі бөлім.
а) Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала кіреді).
Ауыл алды ақшақар,
Ақша қарда балалар.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
ә) Аққаламен қосылып, 1-2 дамыту жаттығуын орындаймыз.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық. (Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындаймыз).
Сергіту сәті:
Қыздырайық денені,
Кел, балалар, кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымызда тұрып-ақ.
Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш, (Орнымызда тұрып жүгіру).
Бір, екі, үш!
Екпіндей түс,
Аяқты алға созайық. (Аяқтарын алға кезек-кезек көтереді).
Тік көтеріп қозғалайық!
б) Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. Аққала дорбасынан сөздерді шығару. Сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер, әңгімелер құрастыру. Тірек сөздер:
Ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйіткиді.
Тірек сұрақтар:
Ақ қоян, сұр қоян, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?
Ақ қоян не істеді?
Кірпі сыртқа не алып шықты?
Қыс түсті. Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпінің іштері пысты. Олар ойнамақ болды. Мұзайдында қоян конькимен мәнерлеп сырғанады. Сұр қасқыр шаңғы тепті. Түлкі хоккейге қажетті құралдарды алып шықты. Барлығы хоккей ойнады. Кірпі қырдан (дөңнен) шанаменсырғанады.
в) Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.
г) Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: шана. Жұмбақта кездесетін қыр сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Қыр – биік жер, бұл жерде дөң деп те айтуға болады).
Қорытынды:
а) «Кім жылдам?» дидактикалық ойын.
Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т.б. суреттерді ілу. Балалар сереттегі заттардың атын атайды, сонан соң сол сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шаңғы, жып-жылтыр коньки, аппақ аққала, т.б.
Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік төрімде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
16 Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толықтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілік:
Отан, табиғат, Қазақстан Республикасының картасы.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Кіріспе бөлім:
Отан туралы бір өлең оқу. Балалардың Отан туралы пікірлерін тыңдау.
Негізгі бөлім:
а) Қазақстан Республикасының картасын көрсету.
- Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-асыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері – бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Тәуелсіз – толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.
Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Н.Ә. Назарбаев.
Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала?
Астана қаласы.
Алматы қандай қала?
Алматы - әсем қала. Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған.
Дұрыс айтасыңдар. Қазір Алматы еліміздің Мәдени орталығы болып саналады. Алматы қаласының Республика Алаңында Қазақстан Тәуелсіздігі құрметіне арналған қар барысына мінген Алтын адамның биік ескерткіші және Тәуелсіздік монументі орнатылған. (Картадан Астана мен Алматы калалары және суреттерін көрсету).
б) Түсіндіру:
16 Желтоқсан – еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі.
1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.
в) Қазақстан, егемен, тәуелсіз сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
г) Ө. Ақыпбекұлының «Қазақстан картасы» өлеңін жаттау.
- Мәнерлеп оқу.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
Құт дала – берекелі, бай дала.
Қараймын да тасынам – бұл жерде қуанамын, мақтанамын деген мағынада.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
а) Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
- «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың.
- «Халықтың ортақ үйі - Отаны» дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің елімізде тұратын халықтардың ортақ үйі – Отаны – Қазақстан Республикасы.
ә) Сабақты Отан туралы ән орындаумен аяқтау.
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:
Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Көрнекілік:
Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңберін құру.
- Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір-бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.
Кіріспе бөлім:
Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады.
Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? (Жылы үлпілдеген жүні, іңдері, апандары). Аңдардың суреттерін көрсете отырып:
Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?
3. Негізгі бөлім:
а) Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.
- Қыста аңдар немен қоректенеді?
- Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы ағзасы – тышқан. Ал аю қыста азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Суыққа дірдектеп – қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.
Айдын – жайылып жатқан су алабы.
б) Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суреттерін салу. Қоянның тағамы сәбіз, аюдың тағамы бал екенін айту.
в) Ә. Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату: мәнерлеп оқу, балпаң-балпаң сөзіне сөздік жұмысын жүргізу (балпаң-балпаң – теңселе басып баяу қозғалады), балаларға өлең жолдарын бірнеше рет қайталату.
4. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
а) «Ақ аю» өлеңін 1-2 балаға жатқа айтқызу.
ә) Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.
1. Қандай жануарлар қысқы азық жинайды?
2. Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?
3. «Қандай жануар?» дидактикалық ойыны. Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады. Сол жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.