Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты
ел екендігін мақтан етуге , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін нығайту. Ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, Отан туралы суреттер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: балалар шеңбер болып отырады. Содан соң бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
-Қайырлы таң балалар!
Арайлап атқан әрбір таңымыз,
Шуақ шашып ,нұр таратқан
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң достарым!
— балалар сендер білім алу үшін қайда келдіңдер?
— мектепке
— мектептен не үйренеміз?
-Білім, тәрбие
— Олай болса МЕКТЕП туралы тақпақ айтайық
Алтын ұя мектебім
Алғыстарым көп менің
Армандарға жеттім мен
Өзің берген біліммен
Бақытнұр: Сәлем саған мектебім
Алғыстарым көп менің
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің
Дарима: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Бір қалада тұрамыз
Бір мектепке барамыз
Ер жеткенде қандай мамандық иесі болғылары келетінін сұрақ –жауап арқылы тыңдау.
Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Балалардың пікірлерін тыңдау
— қазір жылдың қай мезгілі?
— КҮЗ
Күз жайлы білімдерін ортаға салу
ХОРМЕН: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап.
Ән: «Туған жер»
Отан жайлы сұрақтар қою
— Балалар, Отан дегеніміз не?
— Біз қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында
Өзіміз тұратын мекенді тағы қалай атауға болады?
— Отан, Атамекен, Туған жер…
— Бәйтерек қай қалада орналасқан?
— Астана
Тақпақ айту:
Нұрдана: Отан жерім, отан-суым
Отан-қуат, Отан нәр
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді
Мырзабек: Алтын ұяң-Отан қымбат
Құт-берекең-атаң қымбат
Аймалайтын –анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат
Ұят пенен ар қымбат
Ән: «Отаным» хор
Отан- менің ата-анам
Отан -досым бауырым
Отан- өлкем астанам
Отан- туған ауылым!
Отан-тарих, Отан-тіл
Жасаған елім, өз халқым
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
— көрініс . «Түлкі мен ешкі»
Туымыздың түсі қандай? –көгілдір. Көгілдір түс нені білдіреді-бейбітшілікті, аспанымыз ашық болып, ешқашан соғыс болмасын дегенді білдіреді екен.
-Туымыз әрқашанда қайда ілініп тұрады?
Хормен : Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Елтаңбаның түсі қандай: сары-алтын түстес.байлықты білдіреді екен.ортасында не деген жазу бар? Қазақстан
Қазақстан Республикасының Президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
СЛАЙД: Қ Р рәміздеріне не жатады?
Ту,Елтаңба, Әнұран
Томирис: Рәміздерім-елдігімнің белгісі
Білу керек-бала-дағы ең кіші
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Әнұран айту: хор
Айгерим:
Туған жердей-жер болмас
Туған елдей-ел болмас
Отан оттанда ыстық
Бірлік болмай, тірлік болмас
Қазақ биі «Гүлдер»
Слайд: « Бауырсақ» ертегісі
Балалар, бүгін біз не туралы тақпақ, ән айттық. Отан, Астана, Елбасы, мектеп
Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Рахмет
БИ: «Адай»