Тест дүниетану (1-сынып, 2 нұсқада)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дүниетану пәнінен тест (жылдық қайталау)

І нұсқа

1. Өлі табиғатқа нелер жатады?
а) күн, ауа, су
ә) адам, жануар, өсімдік
б) киім, орындық, қолшатыр

в) қар, жаңбыр, боран

2. Табиғат құбылысын тап
а) өсімдік

ә) қар
б) жануар

в) өзен

3. Адамның дәм сезу мүшесін тап
а) құлақ
ә) көз
б) тіл

в) тері

4. Қардың шартты белгісін тап
а) : :/* ә) * б) : : в)


5. Жел бағытын анықта:

а) солтүстіктен б) батыстан

ә) оңтүстіктен в) шығыстан

6. Ағаштарды тап
а) қайың, қарағай
ә) құлпынай, бүлдірген
б) жусан, бақбақ

в) итмұрын, бөртегүл

7. Өсімдіктің барлық мүшелерін байланысырып, қорек тарататын мүшесі

а) тамыр б) жапырақ

ә) сабақ в) гүл

8. Жүгерінің жемісі

а) дән б) жидек

ә) жаңғақ в) өрік

9. Бұршақ не арқылы көбейеді

а) тұқым

ә) түйнек
б) тамырсабақ

в) мұртша

10. Адамның қысқы еңбегі не?

а)егін егу ә)қар тоқтату б)ағаш отырғызу в)егін жинау

11. Адам қолда бағып өсіретін жануарлар
а) жабайы аңдар
ә) үй жануары
б) аңдар

в) жыртқыштар

12. Жорғалаушыларға не жатады?

а)қоян ә)балық б)бақа в)жылан

13. Қыста ұйқыға кететін аңды белгіле

а) түлкі
ә) борсық
б) қоян

в) ақкіс

14. Балық жұмыртқасы не деп аталады?

а)бақашық ә)уылдырық б)итбалық в)шабақ

15. Жыл құсын тап

а) қарлығаш

ә) сауысқан

б) құр

в) торғай

16. Барыстың баласын ата.

а)мәулен ә)марғау б)бөлтір ік в)жаутаң

17. Сенің ата-анаң, әпкең, ағаң қалай аталады?
а) ағайындар
ә) отбасы
б) жақындар

в) бөлелер

18. Қазақстанның елордасы қай қала?
а) Алматы
ә) Астана
б) Ақтау

в) Қызылорда

19. «Қазша қанатын жаяды

Үйрекше мойнын созады.

Құсша қонады» Бұл не?

а) ұшақ ә)поезд б)тікұшақ в)автобус

20. Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін не істеу керек
а) балконға шықпау, электр тоғын ұстамау, үтікті қоспау, газға жақындамау
ә) үйде ойнау, жүгіру, секіру
б) тамақ жеу, тамақ пісіру
в) ұялы телефонмен көп ойнау



Дүниетану пәнінен тест (жылдық қайталау)

ІІ нұсқа

1. Тірі табиғатқа нелер жатады?
а) күн, ауа, тас

ә) адам, жануар, өсімдік
б) киім, орындық, қолшатыр

в) қар, жаңбыр, боран

2. Табиғат құбылысын тап.
а) өсімдік
ә) түн
б) тұман

в) жануарлар

3. Адамның сипап сезу мүшесін тап
а) құлақ
ә) тері
б) тіл

в) көз

4. Тұманның шартты белгісін тап
а) : :/* ә) * б) : : в)

5. Жел бағытын анықта:

а) солтүстіктен б) батыстан

ә) оңтүстіктен в) шығыстан

6. Бұталарды тап
а) қарағай, қайың
ә) түймедағы, бақбақ
б) шырша, емен

в) итмұрын, бөртегүл

7. Өсімдіктің қорек жасайтын, суды буландыратын мүшесі

а) тамыр б) жапырақ

ә) сабақ в) гүл

8. Бүлдіргеннің жемісі

а) дән б) жидек

ә) жаңғақ в) өрік

9. Картоп не арқылы көбейеді?

а) тұқым

ә) түйнек
б) тамырсабақ

в) мұртша

10. Адамның көктемгі еңбегі не?

а)егін егу ә) қар тоқтату б)шөп шабу в)егін жинау

11. Табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейім жануарлар
а) жабайы аңдар
ә) үй жануары
б) аңдар

в) жыртқыштар

12. Бунақденеліге не жатады?

а)қоңыз ә)балық б)бақа в)жылан

13. Қыста ұйқыға кетпейтін аңды тап
а) аю
ә) борсық
б)
кірпі

в)тиін

14. Бақа жұмыртқасы не деп аталады?

а)бақашық ә)уылдырық б)итбалық в)шабақ

15. Отырықшы құсты тап

а) қарлығаш

ә) сауысқан

б) тырна

в) бозторғай

16. Түлкінің баласын ата.

а)мәулен ә)марғау б)бөлтірік в)жаутаң

17. Ең үлкен нағыз Отаның қалай аталады?
а) Қазақстан
ә) қала
б) ауыл
в) ағайындар

18. Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін не істеу керек
а) балконға шықпау, электр тоғын ұстамау, үтікті қоспау, газға жақындамау
ә) үйде ойнау, жүгіру, секіру
б) тамақ жеу, тамақ пісіру
в) ұялы телефонмен көп ойнау

19. Астананың ең алғаш атау
а) Ақмола
ә) Астана
б) Ақтау

в) Қызылорда

20. «Тырылдап көкте инелік,

Инелік емес, үй делік» Бұл не?

а) ұшақ ә)поезд б)тікұшақ в)автобус