Внеклассный урок: Құстарға не үшін қамқор жасау керек.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Құстарға не үшін көмек көрсету керек?
Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын арай таратты.

Армысың, алтын Күн!

Армысың, аппақ қыс!
Кіріспе бөлім:
Қыс туралы әңгімелеу.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

Қыстың қай айы? (Желтоқсан)
— Қыс екенін қайдан білдіңдер?

(Қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады).
Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалды.

І Кіріспе сөз
- Балалар, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы әңгіме қозғаймыз. Құстар бау- бақшаның сәні, бау- бақшаның емшілері. Құстар- біздің досымыз. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйіне әсер етеді.
- Балалар, табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес.
Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Құстар табиғатқа сән береді. Жыл құстары дегеніміз- салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.

Біздің жақта қыстап қалатын құстар олар: шымшық, сауысқан, қарға, тоқылдақ, кептер, суықторғай.
- Енді балалар, өзіміздің құстар туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайық

Назерке
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Тамағы егер кездессе,
Екі шоқып бір қалар
Жанель
Мен торғаймын,торғаймын 
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
Б.Қайрат
Құртты іздеп інінен,
 
Қарағайды үңгіген,
Тоқылдақ құс- дәрігер
Қашанда ол әбігер

Сергіту сәті.
Ептеп – ептеп жерден бидай терейік
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай – торғай томпаң - томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді менің әңгімеме құлақ сал.

Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтар

1.Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)
2.Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
3.Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жарқанат)
4.Тақылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді, зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

5.Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (қарға)

6.Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,
Бұл қандай құс (сауысқан)

Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?
— Олар жем іздеп келеді.
— Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады. Мінеки Біз құстарыңызға қамқорлық жасадық.

Балалар менің қолымдағы суретте қай құс бейнеленген. Тоқылдақ. Тоқылдақтың суретін бояймыз.

Ойын: «Ұшты-ұшты»

Балалар, сендер бұдан былай да құстарды бақылап, оларға жем шашып, ұя жасап қамқор болуды ұмытпаңдар. Құстар- біздің қанатты достарымыз. Егіннің, бау- бақшаның, ағаштардың сенімді серігі. Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқтаймыз.