Рудный қаласы
[link] , белі ауырады.
Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.
10
2.3. Денсаулыққа зиян аяқ киімдер.
Қытай аяқ киімдері денсаулыққа аса зиян. Тіпті адам өміріне де қауіпті. Қытай тауарларында адам ағзасына қатерлі улы химиялық қоспалар бар. Кейбір киімдердегі өткір иіс сол тауардағы улы заттардың өте көп мөлшерде екендігін айғақтайды. Мамандар сапасыз киім-кешек, аяқ киімнің салдарынан адам 12 түрлі кеселге душар болуы мүмкін екендігін айтады. Жасанды теріден тігілген аяқ киім буын, аллергиялық ауруларға шалдықтырумен қатар, қатерлі ісік ауруларының асқынуына да себеп. Сарапшылардың зерттеу қорытындысы осыны дәлелдеп отыр.
Еліміздегі бүлдіршіндердің 75 пайызы жалпақ табан дертіне шалдығыпты. Әскери борышын өтеуге жарамсыз жастардың басым бөлігі де майтабан ауруымен ауырады. Мұның себебі — аяқ киімдердің анатомиялық параметрлері сәйкес келмейді.
Сапалы аяқ киім таза былғарыдан жасалуы керек. Талапқа сай болғандықтан да, олардың бағасын кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ең сапалы өнім саналатын, нағыз итальяндық сапа ─ «Baldinini», «Nando Muzi», «Loriblu», «Marino Fabiani» кәсіпорындарының аяқ киімдерін ауқаттылар ғана алмаса, жалпы жұртқа қолжетімді баға емес. Италияда жасалған киімдерді қатардағы қызметкер 4-5 жалақысын жинаса әзер алады. Орта дәулеттілердің бәрі бірдей 1 мың АҚШ долларына бағаланатын аяқ киімдерді ала бермейді. 40-70 мың теңге тұратын етіктерді қанағат тұтады. Әрине, 20-30 мың теңгеге аяқ киім сатып алғандарына мәз болатындар да бар. Денсаулықты күту үшін қам жасауға осылайша әлеуметтік жағдай қолбайлау болады. Сосын халықтың басым бөлігі, амал жоқ, мүмкіндігіне қарай базарлардағы 300-500 теңгенің сүйретпелерін, 1500-4000 мың теңгенің жазғы аяқ киімдерін, 5-15 мыңға бағаланған етіктерді алуға мәжбүр. Көпшілік бір маусымда алмастырып киюге қос-қостап аяқ киім алмайтыны рас. Сол бір киім жұмысқа да, қонаққа да, базарға да, басқаға да киіледі. Әрине, онсыз да сапасыз аяқ киімдер мұндай «тірлікке» төтеп бермейді. Бір маусым түгілі, бір
11
айға жетпей киюге жарамсыз болып жатады. Тым сапасыз аяқ киімдерді жөндеуге етікшілер де ықыласты емес. Себебі, екі күннен соң-ақ киюге келмей қалатынын біледі. Ілекерге келтіріп, әйтеуір жөндей салуға клиент жоғалтып алудан қорқады. Тағы бір айта кетер жайт, жөндеудің құны сол аяқ киімнің жарты бағасы тұрады. Ескіні жөндеткенше, тағы біреуін сатып алғанды жөн санап, базарға тура тартамыз…
Егер отандық аяқ киім өндірісін дамытуға күш салынса, онда, ең алдымен, ел тұрғындарының денсаулығын сақтап қалуға айтарлықтай ықпал етер еді. Аты жеңіл болғанмен, өндірістің бұл түрінің жағдайы мәз емес. Кезінде дүрілдеп тұрған аяқ киім шығаратын «Жетісу», киім тігетін «1 май» фабрикалары (Алматы) жоқ. Шымкенттегі «Восход», Ақтөбенің, Қызылорданың аяқ киім фабрикалары да әлдеқашан жабылған.
Қазір елімізде тері өңдеу саласында 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 5-еуі ғана аяқ киім өндірісінде екен. Олардың өнімдері еркін саудаға шығарыла бермейді. Негізінен, арнайы тапсырмалармен ғана жұмыс істейді. Яғни олар қорғаныс саласының қызметкерлері, әскерилер және басқа да күштік құрылымдардағы мамандарға арнап аяқ киім тігеді. Жалпы, аяқ киім нарығында біздің өнімдердің үлесі ─ 3,5 пайыз.
Отандық тауарлар өндірісін жандандыру қажет. Мамандардың айтуынша, жеңіл өнеркәсіптің бағын ашу үш мәселеге байланысты: баға, салық, кеден қызметі. Теріні бояйтын бояулардан бастап, аяқ киімді жөндейтін материалдарға дейін шетелден тасымалданады. 2001 жылы қосылған құнға салынатын салыққа нөлдік ставка тағайындалғаннан кейін аяқ киім өндірісі күрт өскені соншалық, жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемдегі алдыңғы қатардағы елдердің қатарында тұрған Қытайдың өзі біздің жеңіл өнеркәсіптің болашағы зор екендігін мойындап қалған еді. Дегенмен, 2002 жылы жеңілдік алынып тасталғаннан соң, аталған сала бәз-баяғы қалпына келді. Отандық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіппен айналысқаннан гөрі шикізат өндіруді тиімді санауына салықтың артуы себеп болып отыр.
12
Мәліметтерге сүйенсек, Қытайдың әлемдік аяқ киім шығару саласындағы үлесі 60 пайызға дейін жеткен. Дүние жүзінде шығарылатын 10 миллиард жұп аяқ киімнің 6 милиардын Қытай өндіреді екен. Ал қазақстандықтар тұтынатын киімдердің 45-48 пайызы, аяқ киімдердің 75 пайызы — Қытай тауарлары. Аяқ киімдердің 10 пайызын ─ Ресей, 14 пайызын ─ Түркия, Италия, Германия, Нидерландия және басқа елдер импорттайды екен.
Гүлнар Сидашева терапевт-дәрігер:
— Сапасыз аяқ киім денсаулыққа зиян. Себебі, анатомиялық параметрі сәйкес келмейді. Мысалы, кейбір аяқ киімнің табанында шұңқыр балады. Ол шұңқыр қатты ұлтарақпен жабылуы тиіс. Ал сапасыз аяқ киімдердегі ұлтарақ өте жұмсақ. Сондықтан баланың өкшесі төмен қарай түсіп кетеді. Мұның кесірінен майтабан, буын аурулары пайда болады. Жалпақтабан болғанда аяққа көп күш түседі. Науқас тез шаршайды.
Жасанды теріден тігілген аяқ киім венерологиялық аурулар жұқтырумен қатар, сыз өткізіп, аяққа суық тигізеді. Білуімше, аяқ киім әдемі көрінуі үшін тігушілер терінің астына паралон салады екен. Бұл материал ауа өткізбейтін болғандықтан, аяқ терлейді. Аяқ киімдердің табаны резеңкеден жасалатыны белгілі. Салқын ауа, тер, резеңкенің салдарынан адам ауруға шалдығады. Сапасыз аяқ киімнің кесірінен адамның жұмысқа қабілеті, өмір сүру белсенділігі төмендейді.
Сарапшылар қытай тауарларының көбінде формальдегидтің қоспасы бар екенін анықтаған. Ал ол қатерлі ісік ауруын асқындырады.
Аяқ киімде зиянды заттардың бар екенін өткір иіс куәландырады. Неғұрлым иіс жағымсыз болған сайын, химиялық қоспа соғұрлым көп болады.
Үйге киетін жеңіл сүйретпелер де ағзаға зиян. Аяқ киімнің бұл түрі жалпақтабандықпен қатар, қатерлі ісік, қан тамырлары мен тері ауруларына шалдықтырады.
Жақсы аяқ киім, ең алдымен, табиғи былғарыдан жасалынуы керек. Сонымен қатар, ол аймақтың ауа райы ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Аяқкиім алуға
13
кешкісін немесе түс ауа бармаған жөн. Себебі бұл мезгілде адамның аяғы ісініп тұрады. Сондықтан, байқамай үлкен мөлшерлі аяқкиім алуыңыз мүмкін.
Зиянды улы химиялық заттар адам ағзасына тез сіңеді және оны кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан, арзан аяқ киім аламыз деп, ең қымбат байлық — денсаулығымызға зиян келтіріп алмағанымыз жөн.
Жазғы мезгіл қыздар үшін аяқ-киімнің түр-түрін киюге мүмкіндік береді. Жай табан, өкшелі немесе ашық сандали… Ал олардың ішіндегі денсаулыққа зияндылары да бар екен.
Бірінші орында – “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ-киім түрі. Жаздың ең “хитовый” аяқ-киімі десек те болады. Сонымен қатар кие салғанға да ыңғайлы… Алайда… Дәл суреттегідей аяқ-киім адамның денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол – “плоскостопие”-ге әкелуі мүмкін. Екіншіден, қайта -қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын (осанка) қисайтуға апарады. Сондықтан осы секілді табаны жалпақ, дұрыс формасы жоқ, аяқты дұрыс ұстамайтын аяқ-киімдерден аулақ болған жөн. Ал егер ыстық күнде ашық аяқ-киімсіз қалай жүреміз десеңіз, бұл “вьетнамка”-лардың да дұрыс түрін таңдай білген абзал. Ең бастысы аяқтың формасын қайталайтын, дұрыс иілген табаны бар аяқ-киім алу керек.
Ал екінші кезекте-биік өкшелі аяқ киімдер. Олардың аяқ ауыртатынымен бірге, ұзақ киіп жүру денсаулыққа да зиян. Жалпы өкшенің оптимальды размерлері – 2-4 см. екен. Ал максимальды биіктік- 6 см. болу керек. Сондай-ақ олар да аяқты мықты ұстап тұруы қажет. Каблуктың қалыңдау болғаны жақсы. биік өкше кигенде, сіз бар салмақты башпайыңызға түсіресіз. Кішігірім өкше башпайға түсетін күшті 22%-ға арттырса, 7 сантиметрлік өкше башпайға екі есе салмақ түсіреді екен. Алайда өкше кигенде, аяқтары ауырмай, өзін жақсы сезінетін қыздар болады. Мұны олардың табандарының
14
анатомиялық құрылымымен түсіндірсе болады. Қалай болғанда да, дәрігерлер 8 сантиметрлік өкшені аптасына екі-үш рет киюге ғана рұқсат береді.
Ал күнделікті өкшемен тарсылдап жүретін қыздар мынандай қиындықтарды кездестіре алады. Башпай терісінің қатаюы. Өкше кигенде бар салмақ башпайға түсетіндіктен, бұл жерде қан айналымы бұзылып, тері қорғаныс ретінде қатайып кетеді. Үлкен саусақтың деформациялануы. Башпайға түскен күш табанның осы жерінің кеңеюіне әкеледі, үлкен саусақ кеңейіп, қасында сүйекше пайда болады. Башпай саусақтарының деформациялануы. Өкше шешпейтін қыздардың саусақтары аяқ киімнің ұшында қысылып тұрады. Осыған байланысты башпай саусақтары пішінін өзгертуі мүмкін. Саусақ ұштарының ұйып қалуы және жіліншек бұлшық еттерінің қақсауы. Белдің ауыруы. Биік өкшемен жүрген қыздың салмақ ортасы алдыға қарай ауытқиды. Сондықтан денені тура ұстап қалу үшін беліміз қосымша жұмыс атқарады. Осының әсерінен арқамыз ауырып, беліміз шаршайды. Әрине өкшедегі аяқ киім өте сәнді, тартымды көрінеді. Алайда оны күнделікті кимей, денсаулығыңыз жайлы да ойлағаныңыз жөн.
15
III. Зерттеудің нәтижесі.
Кейбір аяқ киім нағыз қиындық тудыратын, денсаулыққа өте кері әсері бар аяқ киімдерге тоқталсам …
Бірінші орында – “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ-киім түрі. Жаздың ең “хитовый” аяқ-киімі десек те болады. Сонымен қатар кие салғанға да ыңғайлы… Алайда, аяқ-киім адамның денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол – “майтабандылыкка ” әкелуі мүмкін. Екіншіден, қайта -қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын (осанка) қисайтуға апарады.
Менің сөзімді дәрігер дәлелдейді
Биік өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт кигендіктен нәтижесі қандай ?
өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт киюдің әсерінен омыртқааралық жарық (омыртқа арасында ет өсу, грыжа), бел аурулары, буындардың жылжуы, сіңір созылу , варикоз, сколиоз (омыртқаның бір бүйірге қисаюы) сияқты ауруларга жиі ұшырайды. Биік және тар аяқ киім қан тамырларына қысым түсіреді.
Егер аяқтың басы жалпайғанына қарамастан, тар немесе биік өкшелі аяқ киім киіп жүре беретін болса, келесі жағдай болады. Табанның бірінші сүйегі қалыпты орнынан жылжиды.
Бұл жылжу «вальгусты бұрыштың» пайда болуына алып келеді.
Біздің мектепте осындай проблемамен жүрген төрт адамның жағдайын салыстырдық.
- Бірінші адамдікі: 20º-қа дейін жылжыған. Аса ауырмайды, тек эстетикалық жайсыздық тудырады.
-Екінші адамдікі: 20-30º-қа жылжыған. Ұзақ жүрген соң ауыра бастайды.
-Үшінші адамдікі: 30-50º-қа жылжыған. Аяқ киім таңдау қиындап, жүрген сайын ауырады.
16
-Төртінші адамдікі: 50º-тан жоғары өзгерген. Тыныш жатқанның өзінде де ауыра бастайды. Мұнымен қатар өзге саусақ деформациялана бастаған.
IV. Қорытынды бөлім.
«Табан- денсаулық тірегі» -дейді ортапед дәрігерлер. Сондықтан жалпақ табанды асқындырмау керек. Ауруды дер кезінде алсаң, басқа да ауруларды алдына аласың. Майтабан - екінің бірінде кездеседі, Бірақ көбі жалпақ табанды қауіпті дерт деп қабылдамайды. Сөйтіп дененің ауыр салмағы серітпелі табанға емес бел мен омыртқаға түсіп, сай сүйегінді сырқырататын ауруға алып келетін біле бермейді.Біздің алған тақырып актуалды. Себебі қазіргі заман аяқ киімі негізінде екі түрге шектеулі. Бірі, жалпақ табанды аяқ киім, бірі, биік өкшелі аяқ киім. Әсірсе жас жас қыздар өте ерте каблукта тұрып , немесе денсаулыққа кері әсері бар балетки деген аяқ киіммен кезектестіріп киіп отырады. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасы табанның диформациялануы, сонымен қатар бел, аяқ ауруы жастарымыздың арасында көбиіп кеткендігі, аяқ киімнің әсерінен деп толық дәлелдей алдық.
17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
2.
3.
5.
6.
7.
8.
18