Сабақтың тақырыбы: Күз
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:
Өлеңді мәнерлеп оқу,негізгі ойды ұғындыру,түсіндіру.
Ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.
2.Дамытушылығы:
Күзгі еңбек түрімен таныстыра отырып,оқушылардың
эстетикалық талғамын, ой-қиялдарын дамытуға
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға үйрету.
3. Тәрбиелігі:
Туған жерін,табиғатты сүйе білуге үйрету.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреттері,автор,күзгі ауа-райының
шартты белгілері,карточкалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
ІІ.Өткен сабақтағы Әнуарбек Дүйсенбиевтің Ақылшым-мұғалім өлеңін
жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе бөлімі.
Жұмбақ: Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сарғыш тартады.
Бұл қай кезде болады?
-Қазір қай мезгіл?
-Күз екенін қайдан білдіңдер?
-Неліктен жомарт күз дейміз?
-Күздің түсі қандай?
-Күзгі еңбек түрлерін ата?
-Күз қандай?
Күзгі ауа-райының шартты белгілерін тақтадан көрсету:
(Бұлтты күн,жаңбыр, найзағай)
(Жеміс-жидек түрлерін атау,оларды себетке салу.)
ІV.Оқулықпен жұмыс: Суретпен жұмыс:
-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-Оны недне аңғардың?
-Суретшінің көңіл күйі қандай?
-Ақын да өлеңде белгілі бір көңіл-күйін білдіре алады.Мысалы Абайдың «Күз» деген өлеңін оқып көрейік.
«Ой шақыру» стратегиясы.
-Абай туралы не білеміз?
-Абай кім?
Ибраhим Данышпан
Ұлы ақын Философ
Лирик Абай Анасы Ұлжан
1845-1904ж өмір сүрген Әжесі Зере
Сазгер Кемеңгер ақын
Біз бүгін Абай атамыздың «Күз» өлеңін оқимыз.Бұл өлеңмен 1-ші сыныпта қысқаша танысқан болатынбыз.
V.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Өлеңнің мазмұнын оқушылармен бірлесе отырып ашу.
VІ. Оқушыларға іштей оқыту.
VІІ. Өлеңді тізбектей оқыту.
VІІ.Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жазу.
Тақырыптың атын жазу.
Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазу:
...............ағаш
...............бұлт
...............тұман
...............шөп жоқ
( Жапырағынан айырылған ағаш )
( Сұр бұлт)
( Дымқыл тұман)
( Жасыл шөп,бәйшешек жоқ)
Оқушыларға жазғандарын оқыту.
VІІІ. Сергіту жаттығуы.
ІХ.Сұрақ-жауап:- Абайдың «Күзі» сенде қандай көңіл-күй туғызды?
- Осы өлеңде айтылған түс қандай деп ойлайсың?
-Күз мезгілі саған ұнайма?
- Күзгі ауа-райы қандай?
- Күз туралы басқа қандай өлең білесіңдер?
- Неге жомар-күз деп атаймыз?
X. Өлеңнен күз мезгіліне байланысты,сары түспен ерекшеленген сөздерді тауып,осы сөздердің күз мезгіліне қатысты екенін дәлелдеу:
Сұр бұлт
Дымқыл тұман
Күз Жапырағынан айырылған ағаш
жасыл шөп жоқ
Бәйшешек жоқ
XІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау,күз мезгіліне байланысты сурет
салу
XІІ. Мадақтап,бағалау.Сабаққа қатысқан оқушылардың білімін
бағалау.