Өзін - өзі тану пәнінен «Қызыққа толы бұл әлем-табиғат ғажаптары» атты 3-сыныпқаарналған сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Қызылтаң орта мектебі . Мерзiм _____ Мұғалiм: Бүркітбаева А

Сынып: 1 Оқушылар саны__8 _Тақырып: «Қызыққа толы бұл әлем-табиғат ғажаптары»

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Қамқорлық жасау, сүйіспеншіліқ, мейірімділік.


Сабақ мақсаты: Табиғатқа қамқорлық жасауға баулу арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Табиғатты аялай білуге, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйрету.

2. Мейірімділік сезімдерін дамыту;

3. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

интерактивтік тақта,ватман, маркер,түрілі- түсті қағаздар, нақыл сөздер


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар:

Ескерту

5 мин.



5 мин.


Дәйек сөз:

«Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді»

Махатма Ганди

1. Балалар сендер қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Қиянат жасамау үшін не істеу керек?

3.Табиғатқа қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?


Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан - жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата - анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.

Қиянат жасамау дегеніміз ол:

Жақсы ой ойлау - әлемге қиянат жасамау,

Жақсы сөз айту - тілге қиянат жасамау,

Жақсы әңгіме тыңдау – құлағымызға қиянат жасамау

Жақсылықты көре білу – көзге қиянат жасамау,

Дұрыс тамақтану - денсаулығымызға қиянат жасамау

Дұрыс іс - әрекет жасау - денемізге қиянат жасамау.

Құрбыларымызды ренжітпеу – достыққа қиянат жасамау


3 мин.

(Дәйек сөзді дәптерге жазып, 2- 3 рет бірге қайталап оқимыз


Оқиғаларды әңгiмелеу

«Ағаш» әңгімесі (сеттен алынған)04MAR

Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.
«Менімен ойнашы!», деп сұрайды ағаш.
«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».
«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».
Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.
«Менімен ойнашы!», сұранады ағаш…
«Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»
«Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады… »
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.
Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.
«Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ…»
«Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..»
«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»
«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.
«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұнайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…»
«Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…


1.Біз ағаш туралы не білеміз?

2. Ағаш адам өмірінде қандай маңызды роль атқарады?

3. Ағаштың істегені дұрыс па? әлде адамның істегені дұрыс па Неге?

4. Ағаш -біздің бақытымыз үшін барын беруге даяар ал біз табиғатқа не бере аламыз?


15 мин.

Мұғалімнің сыйы. «Ғажайып әлем» Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

«Табиғат ғажаптары» тақырыбына сурет салу



Қорытындылау

Жақсы істер жасаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Үлкендерді тыңдаймыз,

Кішілерді сыйлаймыз.

Біз тәртіпті баламыз,

Болашаққа сенеміз!

Шығармашылық жұмыс: 10 мин.

Қортындылау сөзді барлығымыз бірге айтамыз.









Топпен ән айту.

Ақ көгершін

Сөзі: А.Жұбановтікі

Әні: Н.Баймұхамедовтікі

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.


3 мин.

Үй тапсырмасы.

«Менің ауылым» ауылдың көркем жерлерін суретке түсіріп, буклет жасап келу.

1 мин.

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Соңғы тыныштық сәті.

- Балалар, енді бір сәт көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар.

Көздеріңізді ашуға болады.

3 мин.