Мал шаруашылығы 2 сынып ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...











19 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі: Сулеймен Қ.Ш.


Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы

Білімділік мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту. Халқымыздың өмір сүруінің негізгі көзі болып отырған төрт түлік мал жайлы ұғымдарын бекіту.

Ұштастыра дамытушылық: Ой-өрістерін дамыту, тілдік, сөздік қорларын байыту. Мал шаруашылығы өрісі мен өнімі және адам арасындағы проблемалық мәселені ашу.

Тәрбиелік: Төрт түлік малға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: топпен, ұжымдық.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, пресс-конференция сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

- Сөзжұмбақ шештіру.


Сұрақтары:

1. Жер астынан суды өсімдік не арқылы тартады? (тамыр)

2. Алма тектес бақта өсетін өсімдікті ата. (алмұрт)

3. Көкөністерден, жеміс-жидектерден жасалынатын жеңіл тағам түрін ата. (салат)

4. Көкөністер қайда отырғызылады? (топырақ)

5. Жеміс ағаштары отырғызылатын жерді ата. (бақ)

6. Жеміс – жидек және көкөністер неге бай? (дәрумен)

Логикалық сұрақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу: Желмая, еділбай, ер қанаты сөздері қайсысы қай түліктің атаулары болып табылады?

ІІІ. Жаңа сабақ. Слайд. Мал шаруашылығы.

Атамыз қазақ ежелден Мал шаруашылығымен айналысқан. Мінсе-көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе-киімі, тұтынса-бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп-қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігі де осы төрт түлікпен байланысты. Біраз күн бір-бірін көрмей жүріп, кездесе қалған екі кісінің амандық сұрасқанда: «Мал-жан аман ба?», - деуі халқымыздың малды аса қадірлеуінен болса керек. «Кештік өмірің болса-түстік мал жи», «Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» деген ата-бабаларымыз мал атауының сырын жетік біліп, кең сахараны төрт түлікке толтырған.

- Көріністегі жануарлар жайлы оқушылардың мәтінді өрбітуі: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

Сергіту сәті

IV. Пресс – конференция: Екі топтағы оқушылардың бір жағы мал шаруашылығын жақтайды, ал екінші жағы оны жоққа шығарады. Мұғалім сұрақтарын қояды, балалар өз жауаптарын айтып дәлелдейді.

1. Өздерін слайдтан көргендей мал шаруашылығы аясын кеңейтіп әрі қарай дамыту қажет пе? Қалай ойлайсыңдар?

2. Ата кәсіпті одан әрі жалғастыруға қалай қарайсыңдар?

3. Қазақ ет жеп, ақ ішіп өсіп-өнген халық. Сол азықтар қазір қалта көтермес қымбат болып тұр. Неге бұлай деп ойлайсыңдар?

4. Дүкен сөрелерінен мал өнімінен алынған азық-түліктің қандай түрлері бар?

5. Малшыға қандай жағдай жасалу керек деп ойлайсыңдар?

6. Ауылды малсыз елестетуге бола ма?

Енді сарапшыларымызды тыңдап көрсек. Сарапшылар өз бағаларын қойып, пресс-конференция жайлы өз ойларын айтады.

V. Деңгейлік. Дамыта оқыту: Оқушылар Венн диаграмасын құрастырады. Негізгі ойы: Мал шаруашылығы мен бау-бақша шаруашылығын салыстыру арқылы айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін табуы.




Мал шаруашылығы Бау-бақша шаруашылығы









VI. Рефлексия:

1. Малдың пайдасы неде?

2. Қандай күрделі мәселелер көтерілді?

3. Мал шаруашылығы дамығанда елімізде қандай өзгеріс болады?

VII. Бағалау. Мадақтау

VIII. Үй тапсырмасын қабылдау: Мәтінді түсініп оқып келу, мазмұнын айту, эссе жазу, мақал-мәтел жаттап келу.