Сабақтың тақырыбы: Натюрморт. Пейзаж. Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнері туралы түсінік беру. Есте сақтай отырып, әр заттың түсін дұрыс тауып бояуды үйретіп, оқушылардың білімін жүйелендіру
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы дағдыларын, логикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Әдемілікті бағалай білуге, талғампаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: танымдық сабақ (білім мен іскерлік дағдыларын жетілдіру)
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта,суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ: Оқушыларға бейнелу өнері – сурет салғанда оны альбом бетіне дұрыс орналасу, заттың пішіні мен көлемін дұрыс тауып салуды үйреттеін сабақ екенін айта отырып, қазақтан шыққан тұңғыш суретші Ә. Қастеев туралы айту.
-Өнерді таудың бұлағынан,
Апамның киізінен,
Қойдың құлағынан,
Ешкінің мүйізінен үйрендім – деген даналық сөзімен бастау.
Бейнелеу өнеріндегі суретшілердің ең көп қолданатын жанрлары туралы айта келіп, созжұмбак, жұмбақ жасыру:
Жұмбақ:
1.Картинадан көрсең сен
Әжеңнің ожау-тостағын
Атаңның қара торсығын
Немесе алмұрт , алманы
Қасында тұрған шабдалы
Жүзімді де табарсың
Қызығып жақын барарсың
Салынған мұндай суретті
«НАТЮРМОРТ» деп қаларсың
2.Хапырақты бояды,
Атырапты бояды
Бояп-бояп барлығын
Түрлі-түсті қылады
Бұл қай жанр болады? «ПЕЙЗАЖ»
Жұмбақ шешілгеннен кейін , оқушылардан пейзаж бен наюрморттын нені бейнелейтін жанр екенін сұрау. -Ендеше , балалар біз бүгін осы жанрға байланысты суреттерді әдеттегідей қаламмен емес, басқаша салуды үйренеміз .
Суретті салу жолдарын корсету
Сергіту сәті:
Сабаққа қорытынды: Сабаққа белсенді араласқан оқушыларды мадақтау, ескерту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.