Күні:
Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
Мақсаты: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру. Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , оған жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі карточкалар
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, іздену, түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, «ДЖИК СО» стратегиясы, «Sinkuein» стратегиясы, «Ыстық орындық» әдісі, «Топтастыру» стратегиясы, «Бағдаршам» әдісі
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлар
ІІІ. Өткенді қорыту:
«Ыстық орындық» әдісі
Су қоймасының қандай түрлері болады? Су жағалауында, су ішінде өсетін өсімдіктер туралы не білдік? Тіршілігі сумен байланысты жануарды ата. Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?
ІҮ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ү.Жаңа сабақты түсіндіру:
«Топтастыру» стратегиясы
Картадан таулы жерлерді көрсету.Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Тау басында жазда да қар жатады. Жата-жата тығыздалып, мұз боп қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, бір-біріне қосылып,өзенге айналады. Таудың күнгей беттері жылы,құрғақ келеді. Теріскей беттері салқын,дымқыл келеді. Осыған байланысты таулы жер өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болады. Тау етегіндегі жазықта жапырақты ормандар бар. Көктерек,қайың,тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат,тобылғы,итмұрын сияқты бұталар , арасында шалғындар бар.Жоғары тау беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Шырша,қарағай,арасында аздап көктерек те кездеседі. Бұталардан ұшқат пен ырғайды кездестіруге болады.Тау етегінде елді мекендер орналасқан. Бір кездерде жапырақты ағаштар мен бұталар аралас өскен. Қазір егістік, бау-бақша,жүзім шаруашылығы дамыған. Күреңот –балды өсімдік. Алтай өлкесінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Шалғынды алқаптан не алынатынын біз білеміз. Биік тауда барыс, сілеусін,арқар бар.Ұлар,қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр,шіл, тоқылдақ сияқты құстар тіршілік етеді. Алтайда бұға шаруашылығы да жақсы дамыған.
Сонымен, таулы жердің жануарлар әлемі де –ел дәулеті,табиғат көркі.
Сергіту сәті
VІ. Түсінгендерін тексеру:
Мәтінді түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді Джиксо – ұжымдық оқыту әдісімен оқу.
Іштей, тізбектей, түсініп оқу.
Жұмбақты шеш
1. Жасыл ине киімім, 2. Түрі шар сияқты,
Жайлаймын тау биігін. Түсі қып-қызыл.
Жаңа жылды тойласақ, Дәмі бал сияқты.
Төріңдемін үйіңнің.
(шырша) (алма)
Жануарлар мен өсімдік суреттері бар үлестірмелерді таратып беру, топ бойынша. Әр топ сол сурет бойынша қандай жердікі екенін табады.Оны қорғайды.
Дәптермен жұмыс:
Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын жаз.
VІІ. Бекіту кезеңі:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы жаңа сабақты түсінгендерін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабақты жақсы түсінсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді, түсінген, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді, түсінгені шала болса қызыл түсті көтереді.
«Ой қозғау» сұрақтармен жұмыс
Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары неге алуан түрлі болады?
Тау етегінен құздарға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады?
Өзендер қалай пайда болады екен? Жануарларының қандай пайдасы бар?
Ең биік тасты құзда тіршілік ететін қандай құс?
VІІІ. Қорытындылау: Бүгін не білдік? Не үйрендік? Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Оны қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімзді жапсырамыз?
ІХ. Үйге тапсырма: 77-79 бет Түсініп оқу, мазмұндау.
Х. Бағалау